Мазмұнға өту
bas

Serik Akhmetov

@bas

Сайтта 2010 ж. 20 қазанКазахстан, Павлодар

легкоатлетика

рейтинг

100

жазбалар

13

пікірлер

9

тіркелуші

7

жазылымдар

4

Журналистика - өмір айнасы

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады. Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция…

1
5
2796

100-ден 100 балл алғандар оқуға түспеді

Намазалы ОМАШҰЛЫ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор: – Намазалы аға, биылғы жылы журналистика мамандығы бойынша ең жоғары, 100 балл алған талапкерлер оқуға түспей қалыпты. Бұл қалай? Мұның өзі қазақ журналистикасына жасалып отырған қиянат емес пе? – Жоқ, мен олай деп ойламаймын. Бұл министрліктегі осы мәселені жоспарлап отырған кейбір адамдардың қателігі шығар. – Бұл қателік алдағы жылдары журналист болсам деген үкілі үміттері бар талай жастардың жолын кесіп, сенімдерін жоғалтпай ма? Осы фактіден кейін келесі жылдары талапкерлер бұл мамандыққа келмей қояды деп ойламайсыз ба? – Ондай жағдай да туындауы мүмкін. Олар шамасы келсе, «Алтын белгі» алуға тырысуы керек. Себебі биылғы жылғы жаңа факультет ашылуына байланы…

0
3
3149

Интернет иіріміндегі қазақ сөзі

Алматыда «Назар» қазақ журналистерінің қоғамдық қорының ұйытқы болуымен «Интернет журналистика: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оған интернет журналистиканың айналасында жүрген мамандар, белгілі сарапшылар мен қаламгерлер қатысты. Өркениетті елдермен салыстырғанда қазақтың интернет журналистикасы әлі де кенже қалып келе жатқанын көріп жүрміз. Технология дамыған, адамдар ақпаратты сол мезетінде және бір жерден ала алатын мына заманда интернет журналистиканы дамытып, оның болашағын баянды ету басты мәселелердің біріне айналғаны анық. Бүгінде қазақ оқырмандарды ақпаратты әлемнің әр түпкіріндегі елдерден алып отыр. Әсіресе, біздің оқырмандар ресейлік интернет сайттардың иіріміне түсіп кетіп жатқаны жасырын емес. Осы орайда, соңғы жылдары қазақ тілді бірнеше ин…

0
0
808

қазақша сайттар ашылды

Қыркүйектің 17-сі күні Алматыдағы «Ұлттық баспасөз клубында» «Мінбер», «Назар», «Алтын Орда» сайттарының тұсаукесер рәсіміне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бүгінгі таңда адамзат баласының тыныс-тіршілігін интернетсіз елестету мүмкін болмай барады. Алайда, инернет-журналистиканың еліміздегі ақпарат кеңістігінде адымы ашылмай тұрғаны белгілі. Міне, осы олқылықты жою мақсатында «Мемлекеттік тілді қолдау» Президенттік қоры біршама іс-шараларды жүзеге асырды. Соның бірі ретінде қазақ тілді интернет сайттарын қолдау барысындағы нәтижелі еңбектерді атауға әбден болады. Таяуда «Мемлекеттік тілді қолдау» Президенттік қорының жәрдемімен үш бірдей интернет сайты өмірге келді. Олар: «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газеті, қазақтілді БАҚ-та жарық көрген өзекті мақалаларды орыс тіліне аударып б…

0
3
1523

Интернет-журналистика сабақтарынан не үйрендік

Бүгін журналистика факультетінің орыс және қазақ топтарының студенттеріне арналған интернет-журналистика пәнінен лекция оқуға барған едім. Студенттер үшін алдын ала слайдтарды дайындап, бүгінгі интернет сервистер мен мүмкіндіктерді журналист қалайша пайдалана алатынын түсіндіргім келді. Алайда, студенттердің барлығы интернеттің не екенін білсе де, көп сервистерді біле қоймайды, сол себепті, web 1.0 мен web 2.0 жайында түсінідіруден бастадым. Википедия ашық энциклопедиясы, әлеуметтік желілер, әлеуметтік bookmarks, интерактивтілік, сұрақ-жауап, пікір-таластар мен т.с.с. Блогосфера жайында бастамас бұрын, Ребекка Бладтың «Блог – бұл бос жәшік. Оның ішіне журналистиканы да, беллетристиканы да, басқа да пікірлерді жариялауға болады», – деген сөзін келтірдім. Блог ашу үшін қандай тегін пла…

0
2
1917

Азаматтық журналистика

Азаматтық журналистика - ақпарат жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда және жаңалық таратуда белсенді рөл атқарады. Азаматық журналистика - БАҚ арқылы ақпарат тарату үздіксіз процесін қарқынды етуге көмектеседі. 2003 жылы атты мақалада Джей Ди Лассика азаматтық журналистикадағы БАҚ-ты осылайша сараптайды: 1) аудиторияның қатысуы (мысалы,интернеттегі мақалаға қосылған оқырманның пікірі, вебкүнделіктер, ұялы телефондардағы камераға түсірілген бейне, аудио файлдар, жергілікті тұрғындардың жаңалықтары); 2) тәуелсіз жаңалықтар мен ақпараттық сайттар; 3) жаңалық жариялайтын сайттардың әлемтор (интернет) пайдаланушыларды ақпарат жинауға қатыстыру; 4) жеке сайттар; Осылайша біз сайтта, әлеуметтік жүйенің жеке бетінде немесе блогта бейне, аудио, мәтін өнімдерді орнатып, басқалардың осыны жүктеп…

0
0
2195

Ұлы Отан соғысы

Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941—1945) — Кеңес Одағының нацистік Алманияға және оның еуропалық одақтастарына (Мажарстан, Италия, Румыния, Финландия, Словакия, Хорватия) қарсы жүргізген соғысы; Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орысша: Вели́кая Оте́чественная война́, ағылшынша: Great Patriotic War, немісше: Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майд…

1
8
5348

Екінші дүниежүзілік соғыс

Екінші Дүниежүзілік соғыс (қыркүйектің 1, 1939 — қыркүйектің 2, 1945) — дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. Соғыс алдындағы келіссөздер мен пактілер 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (…

0
0
54139

Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған…

0
1
113106

Жеті жылдық соғыс

Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да…

0
1
2414