Мазмұнға өту

Жаңа

100-ден 100 балл алғандар оқуға түспеді

Намазалы ОМАШҰЛЫ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор: – Намазалы аға, биылғы жылы журналистика мамандығы бойынша ең жоғары, 100 балл алған талапкерлер оқуға түспей қалыпты. Бұл қалай? Мұның өзі қазақ журналистикасына жасалып отырған қиянат емес пе? – Жоқ, мен олай деп ойламаймын. Бұл министрліктегі осы мәселені жоспарлап отырған кейбір адамдардың қателігі шығар. – Бұл қателік алдағы жылдары журналист болсам деген үкілі үміттері бар талай жастардың жолын кесіп, сенімдерін жоғалтпай ма? Осы фактіден кейін келесі жылдары талапкерлер бұл мамандыққа келмей қояды деп ойламайсыз ба? – Ондай жағдай да туындауы мүмкін. Олар шамасы келсе, «Алтын белгі» алуға тырысуы керек. Себебі биылғы жылғы жаңа факультет ашылуына байланы…

0
3
3170

Интернет иіріміндегі қазақ сөзі

Алматыда «Назар» қазақ журналистерінің қоғамдық қорының ұйытқы болуымен «Интернет журналистика: бүгіні мен болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оған интернет журналистиканың айналасында жүрген мамандар, белгілі сарапшылар мен қаламгерлер қатысты. Өркениетті елдермен салыстырғанда қазақтың интернет журналистикасы әлі де кенже қалып келе жатқанын көріп жүрміз. Технология дамыған, адамдар ақпаратты сол мезетінде және бір жерден ала алатын мына заманда интернет журналистиканы дамытып, оның болашағын баянды ету басты мәселелердің біріне айналғаны анық. Бүгінде қазақ оқырмандарды ақпаратты әлемнің әр түпкіріндегі елдерден алып отыр. Әсіресе, біздің оқырмандар ресейлік интернет сайттардың иіріміне түсіп кетіп жатқаны жасырын емес. Осы орайда, соңғы жылдары қазақ тілді бірнеше ин…

0
0
823

қазақша сайттар ашылды

Қыркүйектің 17-сі күні Алматыдағы «Ұлттық баспасөз клубында» «Мінбер», «Назар», «Алтын Орда» сайттарының тұсаукесер рәсіміне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бүгінгі таңда адамзат баласының тыныс-тіршілігін интернетсіз елестету мүмкін болмай барады. Алайда, инернет-журналистиканың еліміздегі ақпарат кеңістігінде адымы ашылмай тұрғаны белгілі. Міне, осы олқылықты жою мақсатында «Мемлекеттік тілді қолдау» Президенттік қоры біршама іс-шараларды жүзеге асырды. Соның бірі ретінде қазақ тілді интернет сайттарын қолдау барысындағы нәтижелі еңбектерді атауға әбден болады. Таяуда «Мемлекеттік тілді қолдау» Президенттік қорының жәрдемімен үш бірдей интернет сайты өмірге келді. Олар: «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газеті, қазақтілді БАҚ-та жарық көрген өзекті мақалаларды орыс тіліне аударып б…

0
3
1540

Интернет-журналистика сабақтарынан не үйрендік

Бүгін журналистика факультетінің орыс және қазақ топтарының студенттеріне арналған интернет-журналистика пәнінен лекция оқуға барған едім. Студенттер үшін алдын ала слайдтарды дайындап, бүгінгі интернет сервистер мен мүмкіндіктерді журналист қалайша пайдалана алатынын түсіндіргім келді. Алайда, студенттердің барлығы интернеттің не екенін білсе де, көп сервистерді біле қоймайды, сол себепті, web 1.0 мен web 2.0 жайында түсінідіруден бастадым. Википедия ашық энциклопедиясы, әлеуметтік желілер, әлеуметтік bookmarks, интерактивтілік, сұрақ-жауап, пікір-таластар мен т.с.с. Блогосфера жайында бастамас бұрын, Ребекка Бладтың «Блог – бұл бос жәшік. Оның ішіне журналистиканы да, беллетристиканы да, басқа да пікірлерді жариялауға болады», – деген сөзін келтірдім. Блог ашу үшін қандай тегін пла…

0
2
1933

Интернет - болашақ байлардың мекені

Facebook, Groupon және Twitter сайттары керемет жылдамдықпен өсіп келеді. Қазір бұлардың қны 50 млрд. долларға жақындап қалды. Бұл «ЛУкойл» компаниясының құнымен бірдей болса, «Газпромның» құнының үштен бірі деген сөзі. Ресми емес мәліметтер бйоынша Facebook желісі 2010 жылы 2 млрд долларға жуық пайда тапты. Компания жұртқа табысын әлі әшкере жария еткен емес. Оның табысы туралы ақпаратты жариялаған Financial Times компанияға жақын жүретін адамдардың ақпаратына ғана сүйенген. Жеңілдіктер сервисі Groupon келер жылы — $2 млрд доллар табыс таба алады дейді оның сырын білетіндер. Осы екі интернет-компанияның миноритарлық акционері - Әлішер Усманов пен Юрий Мильнердің DST Global инвестициялық қоры. Twitter микроблогтар сервисінің кірісі 2010 170 млн. долларға жетуі мүмкін. Ал 2013 жылы $1,5 мл…

0
0
723

Әлихан мен Мұстафа немесе ең соңғы суреттің қысқаша тарихы

Бүгін әйдік тұлға, әйгілі саяси қайраткер Мұстафа Шоқайдың туған күні. ХХ ғасырдың басындағы еуропалық, жаңа заманның көзқарасы мен озық ойымен сусындап, түркі халықтарының бостандығы мен азаттығы жолындағы қайсар күрескер Мұстафа Шоқай өмірінің соңына дейін мақсат-мұратына адал және сол жолға қызмет етуін бір сәтке де тоқтатпаған. Алаштың айтулы да, аялуы ұлының туған күніне орай төмендегі Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқай туралы мақаланы ұсынып отырмыз. «Абай-ақпарат» Интернеттен  кездейсоқ тауып алған осы бір өз заманының сәнімен түсірілген суретке анда-санда үңілген сайын қазақ даласындағы Алаш және Түркістан атанған қос ұлы саяси ағыстың тоғысқан шағы елестей береді. Бұл қазақтың аяулы ұлдары Әлихан Бокейхан мен Мұстафа Шоқайдың ең ақырғы кездесуінің естелігі іспетті сурет. Шама…

0
0
4651

Әбілхайыр ханның моласы табылған сияқты

Ғалымдар Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданына қарасты  Аққұм аулының маңынан әйгілі Әбіхайыр ханның моласы болуы ықтимал екі жер тауыпты. Бұл турасында Атыраудағы caspionews.kz сайты хабар таратып отыр. Негізі «Хан моласы» атанған Әбілқайыр баһадүр жерленген жерге о баста күмбез орнатылған. Одан бері талай су ағып, талай қар еріді. Неше заман ауды. Сөйтіп, уақыт өте келе күмбез құлап, мола жермен-жексен болып кеткен екен. Соңғы жүз жылдың бедерінде Әбілқайыр ханды дәріптейтіндей, оның күмбезін қорғайтындай қазақта хал болмағаны анық. Әне, содан келіп «Хан моласының» қарайған төмпешігі де қалма ғанға ұқсайды. Енді, міне, Құдая тәуба, ханымыздың да моласы табылатын күн алыс емес. 2011 жылы Ақтөбеде «Еуразияның тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Каспий аймағы» атты ғылыми конференция өтіп, сон…

0
0
1894

Алматыда блогерлердің бірінші республикалық жиыны өтті

Басқосуға республиканың барлық аймағынан еліміздегі халық ең көп қолданылатын yvision.kz атты блогерлер қауымдастығының ең беделді тұтынушылары келді.

Кездесуді портал жетекшілігі ұйымдастырып отыр. Блогерлер жиынына келген жастар бір-бірімен жақынырақ танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде yvision.kz сайтына күн сайын 25 мыңнан астам адам кіреді. Онда 20 мыңға жуық тұтынушы тіркелген, оның 1 жарым мыңнан астамы беделді блогерлер. Әрбір интернет тұтынушы мұнда өз күнделігін ашып, жұртшылыққа ғаламтор арқылы өз ой-пікірлерін, шығармашылығын ұсына алады.

0
4
524

Әбілқайыр ханның сүйегі табылды ма?

Ғалымдар отыз жыл ел билеген Әбілқайыр ханның (1693-1748) жерленген орны осы-ау деген екі жерді анықтады. Бұл жер Ақтөбе облысының Айтеке би ауданы, Аққұм ауылының маңында деп жазады CaspioNews. Іздестіру жұмыстары 2007 жылы басталған. Ханның сүйегі болуы мүмкін деген ақсөңкелерді қазір антропологтар мен генетиктер зерттеп жатыр. 1718 жылы Тәуке хан өлген соң қазақ үш жүзге бөлініп Кіші жүздің ханы бойлып Әбілхайыр сайланады. 1722 жылы Қытаймен ымыраға келген жоңғарлар қазақ даласына шабуылды үдете түседі. Осы кезде Әбілқайыр біріккен қазақ жауынгерлерін бастап әйгілі Бұланты (1727) және Аңырақай (1729) шайқастарына қатысады. Осы шайқастардағы ірі жеңістерден кейін ол жауды біржолата жеңу үшін қазақтың басын біріктіруге күш салды. Алайда, тоқалдан туған Әбілқайырдың үш жүзге хан болуына е…

0
0
816