Мазмұнға өту
til

TIЛ ЖУРНАЛЫ

@til

Сайтта 2010 ж. 21 мамырКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

113

пікірлер

42

тіркелуші

52

жазылымдар

30

Мақта қыз бен мысық

«Балапан» телеарнасы бүлдіршіндерге арнап «Мақта қыздың басынан кешкендері» деп аталатын мюзиклдің тұсауын кесті. Айта кететіні, бұл балаларға арналған тұңғыш қазақ тілді мюзикл. Қойылым балаларды ғажайып сиқыр әлеміне жетелеп, Спанч Боб пен Патрик секілді мультфильм кейіпкерлерін қазақша сөйлеткен. Бурабайда өткен түсірілімге қатысқан актерлердің дені оқушылар.

«Мақта қыздың басынан кешкендері»

Фильмнің режиссері: Алтынбек Әбішев

kiwi.kz

1
8
1939

(ФОТО - ВИДЕО) Данияр Елеусінов Джамельді ұтты

Данияр Елеусинов

Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов америкалық Джамель Херрингпен қолға түйістіріп, жеңіске жетті. Бірінші раунда Данияр 8:5 есебімен алға шықса, екінші раундта соққыларын жаудыра түсті, 7:3! Ал, үшінші раундта қарқынын бәсеңдетіп, 4:1 есебін тіркеді. Қорытынды есеп - 19:9!

Бүгінге дейін бірінші айналымды артта қалдырған қазақ боксшыларының ішінде Данияр ғана өзінің мықтылығына күмән тудырған жоқ. Енді ол тамыздың 4-і күні ирандық Мехди Толоутибантпимен қолғап түйістіреді.

ФОТО

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусінов

Шығыстың қыраны

Уақыт деп аталатын зымырап жатқан жүрдек құбылыстың ешкімді де аямайтынынын, кім болсаң да артыңда шынайы жанашырлықпен есіміңді жаңғыртатын жоқтаушың болмаған кезде жылдар өте келе ғаламдағы көп жұлдыздың бірі тәрізді алыстан жылтырап қана тұру қаупі ұлтқа қызмет еткендердің де басында бар. Кеңестік Қазақстанның алғашқы қазақтан шыққан басшысы Жұмабай Шаяхметов болғанын тарихтан еміс-еміс білетінбіз. Өкінішке қарай, Кеңес үкіметінің құлдырай бастаған кезінде ес жинап өскен ұрпақ — менің замандастарыма Кеңес дәуірі кезінде қазақтан шығып, басшы қызметтер атқарған тұлғалардың есімдері жақсы таныс емес. Біз халқына адал қызмет етіп, өмірден озған қазақтың қайраткер ұлдары: Ж. Тәшенев, Н. Оңдасынов туралы журналымыздың өткен сандарында баяндап кеткен едік. Сол кезде оқырмандарымыздың арасына…

0
0
5491

Теміртаулықтар қазақ мектебіне қарсы

Қазақтар қазақ мектептері жетпегендіктен, балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр! Теміртау қаласында қазақ тілді мектептерге күн өткен сайын, сұраныс артып келеді. Қалада 17 орыс мектебі бар, олардың көбісі толық емес. Себебі ата-аналар балаларын қазақ мектептеріне бергілері келеді. Ал қазақ мектептері сан жағынан аз болғандықтан, ол ата-аналардың сұраныстарын қамтамасыз ете алмауда. Өз үйінің маңынан мектеп таба алмай қиналған қазақтардың көп екендігін ескерген жергілікті әкімшілік екі орыс тілінде білім беретін №9 және №16 мектептерді қазақ мектебіне ауыстыру туралы шешім шығарды. Осы мектептердің ұстаздары мен оқушыларына басқа мектептерде орын табылғанына қарамастан, кейбіреулер «қиямет» орнағандай шу шығарып, қарсылық білдіруде. Қазақ мектебі көбеймей, қазақтар Қазақ елінің орыс т…

0
2
499

Бала тілі – бал

Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ!

Бақа, бақа балпақ,
Көзің неден тостақ?
Қырдан қарауыл көп қарап,
Көзім содан тостақ!

Бақа, бақа балпақ,
Бұтың неге талтақ?
Көп отырдым ерініп,
Бұтым содан талтақ!

0
0
1474

Қазақ тілін білетіндерді 95 пайызға қалай жеткіземіз ?

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Құрметті Асқар Қуанышұлы! Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі басылымдардың оқырмандарға таралу жолдары күн өткен сайын қиындап барады. Басылымдарды тарату мен сату жүйесі жекеменшік кәсіпкерлердің қолында. Олардың көпшілігі қазақ тіліндегі басылымды сатқаннан гөрі, Ресейдің жеңіл-желпі басылымдарын сатқанды тиімді санайды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында: «2020 жылға дейін қазақ тілін білетіндердің саны 95% құрауы тиіс» деген болатын. КазПресс дүңгіршектеріне барсаңыз, қазақ тіліндегі газет-журнал жоқтың қасы. Олар қазақ тіліндегі басылымдарды сату тиімсіз деп есептейді. Өз дүңгіршектеріне қою үшін қосымша ақы сұрайды, ал ол өз кезегінде бағаны қымбаттатуға апарады. Басылымға сұраныс бар, сату жүйесі алғысы келмейді. Аты «КазПресс» - іші Орыс Пр…

Жері байдың елі бай ма?

Адамзаттың жер-анаға деген ықыласы ерекше. Топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. Әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген Отанымыз бар. Алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? Өзінің меншікті жері жоқ адам, ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма? Әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. Ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? Жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі адамға қалқан болуды қалайды. Ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей…

0
1
3413