Радиобасқарумен ұшатын оқ
Америка әскерлері таяу уақыттарда компьютерлік ойындарда ғана кездесетін қарумен қамтамасыз етіледі. XM25 винтовкасының (толық аты XM25 Counter Defilade Target Engagement System) радиобасқарумен ұшатын «ақылды» оқтары бар. Көздеген жерге жеткенде оқтар жарылады. Бұл тәсілмен қалқаның артында тығылып тұрған жауды жойып жіберуге болады.
Винтовканың ату қашықтығы 700 м. XM25 арнайы Америка армиясы үшін жасалған, ол енді таяу уақытта Ауғанстанда тәжірибеден өте бастайды.
Нысанаға дейінгі қашықтықты анықтау үшін лазерлік өлшеу құрылғысы пайдаланылады. Шүріппенің қасындағы түймені басып жауынгер лазердің сәулесін 3 метрге дейін ұзарыптып немесе қысқарта алады. Нысанаға жеткенде оқ қол гранатасы секілді жарылады. Винтовка окопқа тығылған жаудың сұрмергенінжою үшін де өте қолайлы.

25-милиммитрлік оқта винтовкадан радиобелгі қабылдайтын чип бар. Биыл АҚШ армиясына ХМ25 винтовкасының 12,5 мың данасы беріледі.
Әзірге патрондар қатты жарылатын заттармен толтырылған. Болашақта оларды жарылыс қуаты бәсең, жауды тек естен тандыратын заттармен толтыру көзделіп отыр.

