Мазмұнға өту
abai_kz

abai_kz

Сайтта 2010 ж. 3 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

46

пікірлер

3

тіркелуші

19

жазылымдар

8

ЖАР БАСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ (жалғасы)

Жар басындағы жалғыз үй туралы репортажымыз оқырмандарымызға ой салып, күнәсіз сәбилердің күйіне күйінген азаматтар редакциямызға қоңырау шалып, бүгінгі қазақ қоғамының қоқысында қалған жандарға қандайда бір жәрдем етуге дайын екендіктерін шын пейілмен жеткізіп жатыр. Қоғамның дертін түсініп, дауасын бірге іздеуге құлшынған ағайынға алғыс айтамыз. Жалпы, төртінші билік аталғанымен қазақ тілді баспасөзде көтерілген көп мәселенің ізі суып, аяқсыз қалып жататыны рас. Әрі «орыс тілді ақпарат құралдарын ғана билік тыңдайды» деген «қатып қалған» қағидаға берік адамдардың көп екенін арнайы репортажымызға орай жазылған пікірлерге қарап отырып тағы бір рет пайымдадық. Дегенмен, осы жолы олай болмады. Олай болмады деуімізге себеп - «Жар басындағы жалғыз үйдің» жанында тұрып жазылған репортаж қазақ…

1
2
1101

Мәсімов премьерлік поста қандай себеппен қалды?

«Баяғы жартас - сол жартас». Мәсімов мызғымасқа айналды. Үкіметті үзбей басқарып келе жатқан Кәрім Қажымұқанұлының мұртын балта ашпайтын сықылды. Су жаңа үкіметтен үміттенген жұрттың көңілі су сепкендей басылып, Президент Мәсімовті оң дізесіне мығымдап қайта отырғызды. Маңдайымызға бақ пен сорды қатар ұсынып келе жатқан ата заңымыз бойынша, жаппай жаңа үкімет жасақталады деген жұрттың көмейінде негелеген сауал тұр. Неге деген сұраққа сұранып тұрған үш топшылама бар. Оның әуелгісі Қытайдың Қазақстанға саяси-экономикалық ықпалынан ба деген болжам. Біздің ел Қытайдан көп сомада инвестиция тартты. Көзге көрініп тұрғаны - Қытай компанияларының мұнай-газ, сауда-саттық, қызмет көрсету, құрылыс саласындағы басымдығы. Ал, инвестицияның елімізге қандай пайда әкелетіндігі әлі белгісіз. Жәнеде Шығыст…

0
0
1118

Қазақша СИК-тің әуресі

Биыл қызмет бабымен елдің барлық өңірін араладым. Сонда тілге қатысты талай мәселе алдымнан шықты. Соның кейбірімен оқырманды таныстырғанды жөн көрдім. Мұны маған жергілікті бір азамат айтқан еді. Сол күйінде жеткізіп отырмын. «Менің СИК алғаныма ұмытпасам, 15 жылдай болған. Алайда, 1997 жылы жеке куәлік алғанда, құлдықтың сырғасынан құтылайын деген оймен, президенттің сол жылғы жарлығына сәйкес аты-жөнді ұлттық дәстүрге лайық өзгерту пәрменін қолданып, «ев»-тен құтылғанмын. Сөйтсем, СИК те сол «ев»-ке тіркеліп қойылған екен. Оны биыл білдім. Әйтеуір, бұған дейін зейнетақы жарналарым адаспай, қорға түсіп келіпті. Тек Халық банкынан несие алуға аяқ басқанда солар біліп қалып, СИКті де қазақтандыруды талап етті. Сөйтіп, 1 ай шамасы ішінде қазақтандырғанмен, келесі айлықтан қорға зейнетақым…

0
0
1712

Абай Құнанбайұлы. Күлiмбайға (Болыс болдым мiнеки)

Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал, Қалмады елге тығындап. Сүйтсе дағы елімді, Ұстай алмадым мығымдап. Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім, Орнықпайды суылдап. Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап. Жай жүргенде бір күні, Атшабар келді лепілдеп: "Ояз шықты, сияз бар", "Ылау" деп, "үй" деп дікілдеп. Сасып қалдым, күн тығыз, Жүрек кетті лүпілдеп. Тың тұяқ күнім сүйтсе де, Қарбаңдадым өкімдеп. Старшын, биді жиғыздым: "Береке қыл" деп, "бекін" деп, "Ат жарамды, үй жақсы Болсын, бәрің күтін" деп. Қайраттанып халқыма Сөз айтып жүрмін күпілдеп: "Құдай қосса, жұртымның Ақтармын осы жол сүтін" деп, Қайраттысып, қамқорсып, Сайманымды бүтіндеп. Оңашада оязға Мақтамаймын елімді, Өз елім…

0
0
1922

Әлихан Бөкейхан. Қазақтың тарихы

Биыл - Алаш ардақтысы, қазақтың жаңа замана мемлекеттілігінің төр басында тұрған айрықша, ерен тұлғасы, алғыр саясаткер, «Алашорда» ұлттық территориялық үкіметінің төрағасы, «Алаш» қозғалысының ту ұстаған бастаушысы, екі дүниедегі Алаштың аяулы ұлы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 145 жылдығы. Бұған дейінгі мерейтойлары атаусыз қалып келген алып тұлға, тау ұлдың 145 жылдығы Тәуелсіздіктің жиырма жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіздік дегеніміздің бір басы - Әлихан мырзаның артынан ерген Алаш азаматтарының басын өлімге байлаған ерлігі мен еңбегі екенін Аллаға да, адамға да аян! Ендеше, Тәуелсіздіктің тойы - Әлиханның тойы. Әлиханның тойы  - Тәуелсіздіктің тойы. Екеуі -  Алаштың тойы! Бұдан кейінгі уақытта Әлихан Бөкейханның мақалаларын үзбей беріп отырмақпыз. "Абай-ақпарат"…

0
1
1365

19 жыл... Қазақстан қандай жетістікке жетті? (шетел баспасөзіне шолу)

Тәуелсіздігінің 19 жылдығын таяуда ғана тойлаған Қазақ елінің аталған уақыт ішінде жеткен экономикалық жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай екен. Бұл туралы әр түрлі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да жазып жатыр. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ ЕЛ АҚШ  тың «Америка дауысы» радиостанциясының ғаламтордағы сайты, жерінің көлемі жөнінен әлемде 9 ыншы орын алатын Қазақстан мұнай мен газдың қорына өте бай және  әлемде уран өндіруден бірінші орын алады деп жазады. Сарапшылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азияның қақ ортасындағы бұл елде қарқынды дамып келе жатқан экономиканың негізін салғанын айтып отыр, деп атап көрсетеді сайт. Қазақстан халқы бүкіл Орталық Азиядағы мемлекеттерде тұратын жалпы халықтың төрттен бірін ғана құраса да, бұл елдің экономикасының қуаты аталға…

0
1
2724

Бұл жолғы Жолдаудан не күтесіз?

Қаңтардың 28-і күні Президент Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жария етеді. Ол былтырғы жолдауын «Жаңа он жылдық -  жаңа экономикалық өрлеу -  Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп атаған болатын.

Елбасы бұл реттегі жолдауында қандай мәселелерді күн тәртібіне қоюы мүмкін?.. Алдын ала тараған ақпараттарға сенсек, Нұрсұлтан Әбішұлы денсаулық сақтау, білім беру,  сапалы, таза ауыз су, тұрғын үй, коммуналдық сала  туралы сөйлейтін көрінеді.     Тағы не? Тағы не күтесіз? Ендігісін жұрт айтсын. Талқы форумның аясында көп тілегінің не екенін біле отырайық.

«Абай-ақпарат»

0
1
813

Қанат енді қытайдың емес, қазақтың намысын жыртады

Қазақ жұдырығының құдыретін Қытайда жүріп мойындатқан қандас бауырымыз Қанат Сіламұлы тарихи отанына түбегейлі оралды! Қытай құрамасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған жуан жұдырық иесін атамекенге оралуымен біздің ұжым алғашқылардың бірі болып құттықтаған еді Қанат, туған ел топырағына басқан қадамың құтты болсын! Рахмет! Негізі, Қазақстанға келіп-кетіп жүргеніме он жылдай уақыт болды. Тарихи Отаныма ат басын тіреу бала кезден бергі арманым еді. Сол арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік берген жаратқанға ризамын. «Жер-Су» корпорациясының басшысы, боксқа жанашыр болып жүрген азамат Бауыржан Оспанов ағамыздың қолдауымен Алматы облысына отбасыммен көшіп келдім. Енді азаматтық алу үшін құжат жинау үстіндемін. Бір басыңыз екеу болып, шаңырақ көтергеніңізден де хабардармы…

0
3
963

«Айқап» журналының оқырмандарына арнау

Биыл - Алаштың «Айқап» журналының жарық көргеніне 100 жыл толып отыр. Қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі болған «Айқап» ХХ ғасырдың басындағы Алаштың көгіне күн болмаққа ұмтылған ұлылардың тұрақты мінберіне айналған және байтақ даладағы қалың елдің қоғамдық санасын оятып, қалыптастыруда сол заманда ерекше мәнге ие болған басылым. Арада бір ғасыр уақыт өтсе де, «Айқаптың» бетінде жарық көрген қазақтың мәселесі түбегейлі шешіліп кетпегеніне біз де «Әй, қап» деумен келеміз. Өкінішімізге қарай... «Айқап» журналы небары 4 жыл ғұмір кешті. 4 жылда оның 88 нөмірі жарық көрді. Осыған қарамастан Алаштың тарихында өшпес із қалдырды. Біз қазақтың қорғанышы болған қазақ баспасөзінің атасы - «Айқаптың» 100 жылдығына орай журналда басылған көптеген мақалаларды жыл бойына жариялап отырмақпыз. Соның…

0
1
4166

Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақтың бас ақыны

Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, құты, жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді. Қай жерде ақындар жайынан я ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмады. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құн…

0
5
5955