Мазмұнға өту
kz_zez

kz_zez

Сайтта 2010 ж. 12 қазанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

17

пікірлер

16

тіркелуші

10

жазылымдар

9

Диктаторлардың жас кезіндегі фотолары (Фото диктаторов в детстве)

Иосиф Виссарионович Сталин ↑

Адольф Гитлер ↑

Мао Цзедун ↑

Ким Ир Сен ↑

Саддам Хусейн ↑

Ал бұл кім? ↑ және оны диктатор деуге бола ма? (а это кто? ↑ и является ли он диктатором?)

Жауаптарыңызды комментарийде жазыңыз! Ответы пишите в комментариях!

0
6
1708

Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына топтастыру

Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына таптастыру да тіл білімінде танылған, ертеден келе жатқан дәстүрге айналған, ғылыми негізі бар мәселе. Тіл білімінде сөздерді таптастыру белгілі ғылыми негізге сүйеніп, жүзеге асырылады. Ғылымда сөздерді сөз таптарына таптастыруда тірек, негіз болатын үш ұстаным қалыптасқан, олар: 1) сөз табының ортақ семантикалық мағынасы; 2) сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері; 3) сөздердің синтаксистік қызметі. Осы ұстанымдарға жеке-жеке тоқталайық. 1. Сөздерді таптастыруда бір сөз табына кіретін сөздердің бәрінің ортақ мағынасы, ортақ семантикасы есепке алынады. Мәселен, зат есімге жататын сөздердің бәрі заттың атын, яғни, заттық ұғымды білдіреді. Мұндай мағынасы жоқ сөздер зат есім сөз табына жатпайды. Заттық мағына, заттық ұғым – зат есім сөздердің бә…

0
0
22347

Тілдегі сөздерді 3 топқа бөлу

Тілдегі сөз атаулыны үш топқа бөлу алғаш екі топ ретінде (атауыш сөздер, шылаулар) А.Байтұрсыновтан басталғаны жоғарыда айтылды. Сөздерді бұл тұрғыда топтастыру олардың мағыналық ерекшелігіне, атқаратын лексикалық, грамматикалық қызметіне негізделген. Сөздерді осы түрде таптастыру тек қазақ тіліне ғана қатысты құбылыс емес. Мысалы, 2004 жылғы Д.Э.Розенталь, И.Б.Голуб, М.А.Теленковалардың авторлығымен шыққан "Современный русский язык" атты оқу құралында "самостоятельные и служебные части речи" деп бөліп, одан басқа модаль сөздер, одағай және еліктеуіш сөздер топтары бар деп есептеп және олардың әрқайсысына қысқаша анықтама берген. Демек, сөздердің бір-бірінен ерекшелігін ашу үшін қолданылып жүрген сөздерді топтастырудың бұл түрі ғылыми негізі бар, тәжірибе өзін ақтаған, сондықтан ол ХХІ ға…

0
1
11739

Газет айдарларының лексикалық, лингвостилистикалық құрылысы.

Газет айдарлары (рубрикалар)-газеттің ішкі құрылымынан хабардар ететін, оны танытатын басты компоненттерінің бірі. Айдаралар қызметі жағынан негізгі және арнаулы болады. Бірнеше газет типтеріне ортақ жалпылама және бір ғана газет типіне тән, соған ғана лайық арнайы айдарлар да ұшырасады. Айдарлар құрылымы жағынан тұтас, бір ғана мәселеден хабар береді. Мысалы, «Қазақ» газетінде «Сыртқы хабарлар», «Ішкі хабарлар», «Оқшау сөз», т.б. айдарларының әрқайсысы берер хабарының шығу тегін (ішкі, сыртқы) немесе өзгелерге ұқсамайтын оқшаулығын аңартып тұр. «Қазақ» газетіндегі «Сыртқы хабарлар» қазіргі газеттердің көбіне тән «Шетел жаңалықтары» рубрикасына сәйкес. 1913-1918 жылдары «сыртқы» сөзінің орнына «шетел» сөзін пайдаланса, әрине, оқырманға түсініксіз болар еді. Яғни, бұл жерде оқырманның қабы…

1
0
6192

Исламдық банктер жүйесі

Кіріспе Бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр. Банк ісі саласын тілге тиек ететін баспасөз құралдары да Ислами банктер жайлы жарыса жазуда. Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйм салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды. Әлемдік банкинг саласында жаңадан өзгерістер енгізіп, өздерінің қаржылық…

0
0
3286

Журналистиканың қоғамдағы рөлі

Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді көрсетеді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, баға берумен, қорытындылар жасауымен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеген асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамының әлеуметтік институттарының бірі болып, саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам…

0
0
8013

Ұлы даланың астаналары

Дидарыңда Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала аңызға айналдырып қана сақтайтын болар. Бәлкім, бұл Даланың анық тарихы, шыншыл шежіресі – сол Аңыз болар. Бір кездері, есте жоқ ерте заманда, бұл Далада қайталанбас далалық өркениет дүниеге келіп еді. Жалпақ әлемге жанын айқара ашып келіп еді. Өркениет дегеніміз – шаһарлар. Осы қағиданың айнымас ақиқат боп санамызға сіңгені сонша, біз тіпті көш пен қала бірімен бірі мүлде сыйыспайтын әлемдер деп білдік. Ал, шынды…

0
0
1047

Хамза Тоқпанұлының Павлодар телеарнасындағы қызметі

1979 жылы Павлодар дәл осы студияда тұңғыш рет түрлі-түсті экраннан хабар таратады. Бұл да әзілдей отырып бұйымтайын бұғып қалмайтын Хамза Махамбетұлының үлесі тиген іс болды. Бұл Павлодарда  қарқынды құрылыстардың бел алған кезеңі болатын. Облыстың өндірісі мен телевизиясы егіз баладай қатар дамыды. Көшелерде  алғашқы трамвай жүйткіп, Ертіс-Қарағанды каналының құрылысы басталды.  Ал телевизия қоғам өмірінің барлық салаларын, оның кейіпкерлерін таныстырды. Хамза Тоқпанов ұжымға Әнуар Қалиев, Нағима Баядилова, Айтбай Мұздыбаев, Владимир Гусов, Рахат Балтабаев, Сергей Шевченко тағы да басқа көптеген талантты ұл-қыздарды тоғыстырды. Аллюминий, мұнай өңдеу, трактор заводтарынан, Екібастұз отын-энергетика кешенінен арнайы хабарлар дайындалды. Азаппен түсіріліп әкелген материалда…

0
0
789

"Қазақстан" Ұлттық арнасының Павлодар облыстық филиалының тарихы

Қазақ телевизиясы тамырын тереңге жайған үгітшілік, насихатшылық, қоғамдық пікір қалыптастырушы ақпарат құралы ретінде танылды. «Қазақстан» Ұлттық арнасының Павлодар облыстық филиалы да бүгінде телеарна пен көрерменді байланыстыратын алтын көпірге айналды. Осындай дәнекерлік ролді атқарып отырған облыстық теледидардың тарихына көз жүгіртсек. Павлодар облыстық теледидарының «туған күні» - 1965 жылдың 7 қарашасы. Осы күні павлодарлықтар тұңғыш телехабарды тамашалады. Алғашқы дикторлар – Нағима Байділова мен Болатхан Сейтқалиев еді. Күні бүгінге дейін олардың дидарлары аға ұрпақтың көңілінде жатталып қалыпты. Әуел бастан техникалық жабдықтардың бәрі 100 шаршы метрлік павильонда орналасты. Сол кездегі телерадиохабар тарату комитетінің төрағасы Хамза Тоқпанов бастаған ұйым  бел шеше еңбек…

0
0
889