Варламға тиіспеңдер, өздеріңе ренжіңдер.
Варламға неге ренжіп жатыр барлығы түсінбеймін, Алматының жаман жақтары бар екені рас. Варламды ақшасын төлеп шақырды, ақшасын төлемесе келмес пе еді. Ренжігендердікі, ақшасын төлеп шақырған соң мақтау керек еді деген түсініктен туған ой. Варлам енді айтатын шығар: Әу, Алматылықтар ренжімеңдер, дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады деген бар. Шындығын айттым, көргенімді жаздым. Сендер жолға, тамаққа, қалта шығыныма, т.б ақша төлеп шақырдыңдар, рахмет, осы жұмсаған ақшаларыңа жаман жақтарын көрмей мақтауға да болушы еді, бірақ басынан ондай шарт қоймадыңдар ғой. Сендерге мақтаған ұнайтын болса, көп ақша төлеңдер. Ақысын берсеңдер, мақтаудың боқысын шығарам ғой деуші еді. Көбірек төлеу керек еді гонорарды немесе Варламды шақыру соншалықты маңызды ма еді. Ювижннің жыл қорытындысына құрм…
