Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тілі мен ойы жоқ қоғамның орнына үнемі өзгелер сөйлейді және ойлайды...

нургуль карагойшина тіл журналы , kazakh news, astana, kazakh

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілі мен ойы жоқ қоғамның орнына
үнемі өзгелер сөйлейді және ойлайды...

 

Құрметті «Тіл» журналының оқырмандары!

Біздің бүгінгі қоғамымыздың дертін екіге жарылған тілдік ортамен
байланыстыруға болады.Олардың бірі тілін білумен ерекшеленсе, бірі
білмегендігімен ортадан алыстап бара жатқандай. Бұл бір ұлттың
ұйып тұтастануына сына қағатындай алшақтықты қайтсек жоюға
болады? Ұлттық сана-сезімі жоқ жігерсіз халықты қашанда басқа
жұрттар өз ойынын жүргізу үшін пайдалана береді. Ұлттық болмы-
сынан, тілінен айырылған жұрт толтыруды қажетсінетін бос шелек
тәрізді. Ал бос шелекке не құйсаң да бәрі бір. Мен бір ұлттың өкілімін
дей тұра, сол ұлттың бары, байлығы –тілінен хабарсыз болсаң,
айтқанын мен істегеніңнің ауылдары алыс жатпай ма? Бұл қателікті
болдырмас үшін де халқымыз бір ғана тілде ойлауы, сөйлеуі керек. Тіл
тек сол ұлттың ана тілі ғана емес, ойлау формасы, негізгі бет-бейнесі.
Өз тілімен сөйлеп, ойланған елдің ғана жаңа дүниелер тудыру қабілеті
бар. Ал өзгенің қолымен, ойымен жасалған дүние солардай ойлауға,
өзгенің жақсысын жақсы, жаманын жаман деген түсінікке апарады.

Бүгінгі көрші елдің жазған дүниелерін көшіре салу, «дайын асқа тік
қасық» бола беру жалқаулығынан арылмай, өз ұлттық мүддемізді қорғай
алмаймыз, ұлттық сана қалыптаспайды.

Өз тілімізде ойлайық, өз тілімізде ойланайық, ағайын!

Құрметпен, «ТІЛ» журналының
бас редакторы Нұргүл Қарағойшина

#8-2010

0
0
1782

Осы тақырып бойынша

Тілі мен ойы жоқ қоғамның орнына үнемі өзгелер сөйлейді және ойлайды... - Yvision.kz