Мазмұнға өту

Жаңа

«Өнегелі» Өрмекші, «Шешен» Шрэк ұрпақ ұғымына нені ұғындырмақ?!

«Тәрбие тал бесіктен» деп ұғынған асыл текті бабаларымыз ұлттық болмысымызды сақтау үшін жас ұрпақ тәрбиесіне ертеден мән берген. Көкірегі қазынаға толы қарттарымыз өсиетке толы ертегі аңыздарды бала санасына сіңіріп, өнегелі іске үгіттесе, бүгіндері көгілдір экран «тәрбиешімізге» айналды. Жаһандану дәуіріндегі уақыт ағымымен көгілдір экрансыз, ғаламторсыз өмір сүре алмайтын дәрежеге жеткен жаңа ғасыр ұрпағына «Өз ұлтыңның мәдениетін, әдебиетін, тарихын, ұлттық құндылықтарын білмейсің» деп өкпе артудан гөрі, дұрыс бағыт бағдар берудің маңызды екені сөзсіз. Бүлдіршіндердің бал-бұл жайнап, жеткіншектердің жадырап тұрып көгілдір экраннан күтетіндері – мультфильмдер. Алайда, қазақы мультфильмдерге қарағанда, өзге елдің менталитетін насихаттайтын мардымсыз дүниелердің көптігі қынжылтады. Мульт…

0
0
828

Кітаптың құнын білмесең, ойлаудан мақұрым қалғаның

Адамға тәрбие беретін нәрселер өте көп. Көкірегі ояу адам айналадағы болып жатқан оқиғалардың өзінен сабақ алып, түйін түйеді. Адам үшін ең ұлы ұстаз біреулер үшін өмір болса, біреулер үшін уақыт. Ал менің ең ұлы ұстазым мен ақылшым кітап. Себебі кітапта сан ғасырдың сыры, сан адамның өмірі бар. Яғни уақыт та, өмір де кітапта терең сақтала алады. Нарықтық заман талабына сай технологиялардың белең алғаны рас. Ғаламтордың газет пен кітаптарды ығыстырғандығы туралы айтылып жүрген пікірлерге біз қарсылығымызды білдіре алмаймыз. әсіресе, болашақ жастардың қолында болғандықтан, олардың кітаппен дос болуын қаламайтын адам кем де кем болар. Егер адамзат кітап оқудан тыйылса, салмақты һәм терең ойлаудан да тыйылар едік қой. Сондықтан кітаптың адамзат өмірінде алатын орнын сөзбен айтып жеткізудің ө…

0
0
2220

Болашақ үшін алғысымыз шексіз!

2012 жылғы 28 сәуірде Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған «Болашақ үшін алғысымыз шексіз!» республикалық жастар акциясының бастауын алды. Акцияның мақсаты – өскелеі ұрпақ бойында азаматтық және патриоттық сезімді қалыптастыру, ҰОС мен Тыл еңбеккерлерінің өзекті мәселелеріне қоғам назарын аудару болып табылады. Аталған акция «Болашақ бүгінен басталады» республикалық науқаны аясында ұйымдастырылып отыр. Шараны ұйымдастыруға бастамашы болған Қазақстан жастарының Конгресі мен Қазақстан студенттерінің Альянсы болып табылады. 1-9 мамыр аралығында еліміздің түкпір-түкпірінде қазақстандық жас азаматтар Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін күнделікті қажетті заттарды, тамақ, гигиена құралдарын сатып алуға, үй шаруашылына қол ұшын беруге, мәдени шараларды ұйымдастыруға және оған ардагерлерді қатыстыр…

1
1
2588

Күзгі жапырақтағы жазулар

Менің жан дүнием күзде табиғатпен бірге ерекше мұңды күйге түсіп, терең ойға енеді. Ол ойларым көздің жауын алар қызылды жасылды, сарғылт түспен күзді күнгі жапырақтарға жазылғандай... Жан дүниемді әдемілігімен өзіне тартып, байлап қойғандай болады да тұрады. Аздап жел соқса болды, мені қоршап алады. Кей жапырақтар желмен ұшып кетіп барады. Қай жапырақтағы ойымды тұсауға аларымды білмей дал боламын. Қайсысын қолыма алып, қайсысына көз саларымды білмеймін. әне, бір бір жапырақта асау жел кеудеме орден қылып тақты. Табиғаттан ерекше сый алғандай күйде бодым да, қайтадан ойға шомдым. Сөйтіп тұрғанда күздің тұманы келіп қол бұлғап, менің ойымды, жн дүниемді белгісіз күйге орады.тек адасып кетпесем болғаны, себебі дала да менің ойларымдай бұлыңғыр... Күздің әр күні жан дүниемді беймәлім күйге…

0
4
3711

«Батыстың ажалы» бізге де қауіпті

Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстыратыны анық. Отбасының ынтымағы мен берекесі, шаттығы мен қуанышы қашан да сәбидің сыңғырлаған күлкісінен қуат алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді қазақ. Рас. Бала – бауыр етің, болашағың. Әйтсе де, осы «болашақтан» бас тартқандар қарасы көбейді. Әсіресе, «бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» әйел-аналар арасында құрсағындағыдан тезірек құтылуға асыққандар жетерлік. Кезінде «Батыстың ажалы» атты еңбегінде америкалық Патрик Бьюкенен: «Америка, Еуропа және Жапония мемлекеттері ғылым мен технология, экономика және қару-жарақ дайындау салалары бойынша басқа елдерді әлдеқайда басып озып кетті. Дегенмен, Шығыс әлемі Батыс өркениеті бағалай алмаған құндылықтарды сақтап қала алды. Ол…

0
0
693

Томиристің ұрпақтары төбелес іздеп жүр

Сабақтан қайтып бара жатқан кезім. Кенет бір қуыстан айғай-шудың дауысы естіліп, соған елең еттім. Қасымда екі құрбым бар. Жақындап барып көз тастап едік, қыздар төбелесіп жатыр екен. Бірі екіншісінің шашын жұлуға жармасты. Екіншісі де қалыспай, ұзын тырнақтарын «қару» етуге бекінді. Бұл қатыгез көрініс маған үлкен ой тастады. Нәзік қыздардың бойындағы ұяңдық қай жамандықтың тасасында жасырынып жүр екен деп ойладым. Бұл төбелестерде қатыгездіктің белең алатыны рас. Нәзік болмысты қыз үшін біреуді ұрып - соғуды ерлік көріп, мақтан ету меніңше ұят нәрсе. Қыздың күші білекпен емес, жүрекпен өлшенеді емес пе?! Қыздың бойындағы нәзіктік оның жан дүниесінің табиғатын ерекше нұрға бөлеп тұрары хақ. Қыз - қарындас, қыз - ана, қыз - болашақ жар. Қыздың жатжұрттық екенін кішкентайынан құлағына құйы…

1
2
1115

Тәлкек тағдыр. Қамыққан қарт.

Уақытпен жарысып, жүйіткіген поезд терезеснен қазақтың кең даласына қарап, ой үстінде жатырмын. Көзімді емдететін уақыт жетіп, оқу үрдісінің қызған шағында үйге жол тартып барамын. Қарттар үйіне барып, журналистік зерттеу жүргізгім келіп еді. Ұстазыма айтып көргенде, оның қуана-қуана тапсырма бергені көз алдымда. Енді міне, күтпеген жерден, ешкімге ескертусіз жолға шықтым. Тапсырма орындаусыз қалатынына ұялып, өзім сол қарттардың қмірін өз көзіммен көре алмайтынымды өкінішке балады. Кенет бір ойдың қылаң қағып, қол бұлғап келе қалғаны. Ол қариялардың тағдырлары бөлек болғанымен, мұңы бір көрінді маған. Семейдегі қарттар үйінің тыныс тіршілігімен танысуға бел будым. Қыс кезінде ерік Жолжақсынов жргізген «Өмірде болған» атты бағдарламадан сол қамыққан қарттар туралы көріп, көзіме жас алған…

0
1
5531

Күнгейінен көлеңкесі көп «Агент»…

- Әділет, жүр тамағыңды іш. Таста агентіңді, - деген анамның дауысын естідім. Ас үйге барсам, бәрі жиналып қалыпты. Тек інімнің қолы бос болмай шықты. Қасына барып ұзық тұрдым. Ол болса мені елер емес. Ертеңгі күні тағы анамның ескерту айтып жатқанын естідім. - Әділет, сабағыңды қара. ЕНТ-ңа дайындал. Ертең сені «агент» асырайды ма, әлді интернетің оқытады ма?! – деді анам ашулы үнмен. Інім болса қалжыңға басып: - Бір қызбен танысып отырмын, - деді. Сіңілім де қалыспай: - Қыздар деген көп қой сенде, қайтесің?! Ертең тестіңді дұрыс тапсырмасаң, солар менен таяқ жейтін болады онда, - деп «өтірік» қорқытты. «Заманына қарай адамы» демекші, әр заманның өзіндік талаптары бар екені рас. «Кешегінің» құрдастары бүгінгі күннің ұрпақтарына реніш білдіретін де жөндері бар. Алайда, адамммен қатар зама…

0
0
570

Қайран ерлер болмаса, ел жұрт жетім. Туады ерлер ел

О, Замандас, соларға бір қараңыз, Әр кірпіші, әр тасы бір қара аңыз. Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп, Өшкендерді табатын бір ғана біз. Жұбан Молдағалиев Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп, көріп келген елміз. Біздің қазақ халқы өте төзімді, шыдамды, қайсар, батыр, ер халық деп ойлаймын, себебі тарих беттерін парақтап көрсек, қатігез толқындар біржолата мәңгі жойып жіберетіндей қиын кезең тұсында сан қиналса да, қазақ халқы қабырғасы қайыспай, аман қалыпты. Біздің халықты бүгінгі атқан ақ таңның сәулесін көруге жеткізген қазақтың ер жүрек, батыл ұлдары деп сенемін, себебі бұл тәттілікке келер жол ұзақ әрі қатты болды. Расымен, қазақ кемеңгер халық қой! Алды қатты болғанның арты тәтті болады деп,…

2
3
27301

Табиғат әлемі

Уа, табиғат, құдіретіңнен айналдым, Сәні болдың таусылмайтын ойлардың. Әсемдігің, сұлулығың елжітер Серігіндей күндіз Күннің, түнде Айдың. Өзен - көлдер жылғасымен жарасқан, Сырын айтып бір-біріне қарасқан. Мөлдір көлдің сағым ойнап жүзінде Арайланған аспанда Аймен таласқан. Жұлдыздар да тізіліпті маржандай, Сезім жібі қалай тұрар жалғанбай. Тылсым түнде аспаннан сыр тамғандай, Есі кетіп егіз жүрек жанғандай. Тау мүлгиді, орман терек сақалы, Табиғаттың ерекше бір мақамы. Етегінде еркелеген бұлағы Сырға толы сылдырап тіл қатады. Қарай алмай қайыңдар да мақтанып, Тербеле алмай теректер де бапталып. Сұлулықтың сырын ұқпай пенделік, Шалғындары табанда жатыр тапталып. Ұғар ма табиғаттың нарқын адам, Дей ме екен : «Кереметін тартып алам!» Тамшымын жанарыңда мөлдіреген, Мен де бір жапырағың қалт…

0
0
6572