Өзге емес, өз жайымда...
Менің жеке блогыма қош келдіңіздер!!!
Менің жеке блогыма қош келдіңіздер!!!
Ұлы Әл-Фараби ғұламаның “Ақиқаттың дәлелдемесі” ,
“Доказательство Истины” деген атағы болған емес пе.
Осының мағынасына терең көз жүгіртейікші.
Бұл атақ тек данышпандардың үлесінде емес сияқты.
Дүние жақсарсын десек, алдымен әркім өзі “Ақиқаттың дәлелі” болуы қажет-ау.
Күнделікті тірішіліктің әрбір сәтінде әрбіріміз
жақсы іспен,
жақсы ниетпен,
жақсы сөзбен көрінсек,
сонда ғана жақсылықтың “Ақиқат бар екеніне” сенуге болады.
Жас ұрпақтың болашаққа сенуіне болады.
Ал ішіміз де, сыртымыз да “ыбырсық төгіліген” сасық сай болса, жақсылық туралы айтпай-ақ қойыңдар…
«Еңкейген қарияларымыз аман болсын» деген тілекпен еңбектеген балалардың мәселесіне ойыссақ. «Көкек ана», «тасбауыр әке», тумысынан тірі жетім атанған «бейбақ сәби» мәселесі бүгінгі біздің қоғамның сыздаған бір жарасы. БАҚ осы мәселені жиі-жиі көтеріп, талқыға салған сайын, сол жара жазылмақ түгіл, асқынып барады. Бельгия секілді кейбір елдерде жетімдер үйі жоқ деседі. Ал бізде перзентханалардан гөрі, жетімдер үйі көбірек. Қазақстанда қазір 154 балалар үйі бар. Ал жетімдер саны 94 мыңнан асады. Көкейді шерге бөлеп, шымбайға шоқ тастайтыны сол - шерменде балғындардың көбі өзіміздің қаракөздер. Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған ел едік, мұны да көрдік. Тасбауыр қоғам, тастанды сәбиді қажет етпеген соң Батыс Еуропа, АҚШ-тан қамқоршы әке-шеше табылып жатыр оларға. Жиырма жылда 8 мың бал…
Бүгінгі Отан қорғап жүрген әскерилер - кешегі ардагерлердің ұлдары мен немерелері. Яғни, жеңіскер ұлттың ұландары. Олардың сапы күн санап жастармен толығып жатса, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде от кешкен қариялардың қатары сиреп барады. Бұрынырақта 9-мамыр күні омырауларын орденге толтырып, сапқа тұрған сарбаздай ардагерлеріміз мерекелік алаңға бет алғанда айбарлы көрінуші еді сырт көзге. Бүгінде азайып қалды, көңілің құлазиды. 10 мыңға да жетер-жетпес ардагеріміз бар. Мұқағали ақынша айтсақ, «бара жатыр сарқылып дариялар, бара жатыр азайып қариялар». Жаһандық соғыс қаһармандары жаумен жағаласқандай, кәрілікпен алысып жүр осы күні. Арасында денсаулығын күтіп-баптап, сол кәрілікке дес бермей тұрған тарландар қаншама. Жүгіру төзімділік пен табандылықты талап етеді. Спорттың бұл түрі Кеңе…
Өткен сәрсенбіде, яғни үстіміздегі жылдың 25-ші жұлдызында, «Болашақ бүгіннен басталады» республикалық науқаны аясында, Астана қаласында «Кадмий красный» жастар әлеуметтік көрмесі өтті. Көрмені ұйымдастырушылар: Қазақстан жастарының Конгресі, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты және Астана қаласы суретшілер бірлестігі. Көрмеге 25 дана сурет және бірнеше инсталляциялар қойылды. Көрмеге қойылған жас қылқалам шеберлерінің жұмысы, толығырақ, "Кадмий красный" постында. Жас суретшілер өз жұмыстарында, қазіргі таңдағы жастардың бойындағы проблемалар: жасанды түсік, ішімдік ішу, есірткіқұмарлық, шылым шегуді бейнелеген. Бір қызығы, өз жұмыстарында қазіргі жастардың басындағы өзекті мәселелерді бейнелеген астана суретшілері, көрме өткізу үшін, Конгресс-холлға қарсы орналасқан жер асты жаяу…
Клево!!! Я его победил=). Спасибо за поддержку.
Ну а с шестым предложением надеюсь расправиться позже.
Әрбір адам жарық дүние есігін ашып, «өмір» атты үлкен өзенге аяқ басады. Тіпті, ананың құрсағында жатқанда-ақ «тәрбие» атты кеме өмірдің тереңдігін түйсініп, өз жолыңды табуға септігін тигізеді. Халықта «ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда көмектесе алмайсың» деп бекерге айтылмаған. Өмірдің алғашқы баспалдағынан бастап әр адам отбасынан, қоғамнан, қоршаған ортадан тәрбие алады: жақсысын алып, жаманынан жиренеді. Адамтану ғылымымен айналысатын ғалымдардың пайымдауынша, адамның мінезін, ой-өрісін, сана-сезімін қалыптастыратын үш жағдай бар екен: тұқымға тартушылық, қоршаған, өскен ортасы және өзін-өзі тәрбиелеу. Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеткіншек санасының оянуы, оның өзіндік «менін» сезіне бастауы Абай тілімен айтқа…
Арманымды алып,
Ақ қар барады алыстап,
Сезім деуменен
Жүріппін ғой мен қар ұстап.
Қар еріп жатса,
Көздегі тамшы – жаңбыр бар...
Ол қалай бірақ қалыспақ?!
Көктемді сенсіз
Қарсы алдым күннің нұрымен,
Қыста да жаным қасымда бірақ тұрып ең.
Сезімді намыс – пердеге буып,
Тұншықтап,
Ұр тоқпақпенен ұрып ем....
Жүрегім қыста көктемдей гүлдеп жүріпті,
Жүрекке сонда жылулық қайдан кіріпті?!
Бәлкім ол – аяз,
Жүрекке барып гуілдеп,
Ашты ма екен түрулі тұрған түндікті?
Сағынып жүрмін аспанда ұшқан кезімді,
Көктемде жылы салқындық сенен сезілді.
Қысты мен бәлкім
Ұстап қалар ем білгенде,
Өзімен бірге алып кетерін сезімді.
Басыма менің көбелек мұңды қонды ма?!
Айыра алмай
Оңды да жүрмін, солды да.
Бәйшешек енді әлемде гүлдеп жатқанда,
СЕЗІМІМ МЕНІҢ СОЛДЫ МА?
Кәкімжанова Гүлнұр
Тіл едім мен арнасы кең, бір ағым Адамзаттың көкірегі тұрағым. Дүниенің кілті болдым құпия Сан өмірдің сынықтарын құрадым. Кесек кесек ой толғадым дестелі, Көңілдерге өрек салдым кестелі. Хан қаһары адам басын кессе де Батыл жетіп тілді бірақ кеспеді. Шерілері сырын шерттім ғасырдың Шешендікпен құдіретімді асырдым. Үш бидңғ де жүрегіне жол тауп Үш жүздің де басы болып қосылдым. Төрден орын ала білдім тойдан да Тілі барт елің басынан бағы тайған ба. Найзаның ұшы, білектің күші алмаған Жеңісті де иелендім майданда. Салмақты ой саналарда жаңғырмақ Шешуін таппай жүректе жатыр сан жұмбақ. Аталы сөздің қадірін ұқпас мәңгүрттер Баталы сөздің бағын қалай жандырмақ?! Тағылғанда тарландарға босқа айып, Тұрған кезде бастарынан бақ тайып. Замананың тас жүрегін жібітіп Ханға да дат айтқан тілмін қасқа…
«Тәрбие тал бесіктен» деп ұғынған асыл текті бабаларымыз ұлттық болмысымызды сақтау үшін жас ұрпақ тәрбиесіне ертеден мән берген. Көкірегі қазынаға толы қарттарымыз өсиетке толы ертегі аңыздарды бала санасына сіңіріп, өнегелі іске үгіттесе, бүгіндері көгілдір экран «тәрбиешімізге» айналды. Жаһандану дәуіріндегі уақыт ағымымен көгілдір экрансыз, ғаламторсыз өмір сүре алмайтын дәрежеге жеткен жаңа ғасыр ұрпағына «Өз ұлтыңның мәдениетін, әдебиетін, тарихын, ұлттық құндылықтарын білмейсің» деп өкпе артудан гөрі, дұрыс бағыт бағдар берудің маңызды екені сөзсіз. Бүлдіршіндердің бал-бұл жайнап, жеткіншектердің жадырап тұрып көгілдір экраннан күтетіндері – мультфильмдер. Алайда, қазақы мультфильмдерге қарағанда, өзге елдің менталитетін насихаттайтын мардымсыз дүниелердің көптігі қынжылтады. Мульт…