Фатмагүл мен Керем. Тағдыр тоғыстырған...
Fatmagul хикаясының түсірілімі барысында түрік баспасөз беттерінде екеуінің махаббаты жайлы жиі сөз болып, олардың болашағын бір отбасына тоғыстырған болжамдар айтылып, көпшілік алдына бірге шыққан сәттерін папарация суретке түсіруге үлгеріп жататын. Берен Саат пен Энгин Акюрек тосын жаңалық іздеушілердің басты құрбанына айналғанына біршама уақыт өтті. Алайда, сұхбаттарының бірінде актриса «актерлар арасындағы достық – табиғи құбылыс, өйткені біз тәулігіне 20 сағат, аптасына 5-6 күн бірге боламыз. Алайда, телехикаяға бірге түскен әріптестеріммен ешқашан жақын қарым-қатынаста болған емеспін»,-деп ағынан жарылған болатын. Соған қарамастан, мұндай сыбыстарға тоқтау болмай тұр. Басты себебі – олар сомдаған кейіпкерлер Фатмагүл (Берен Саат) мен Керемнің (Энгин Акюрек) хикаядағы махаббаты. «Фат…





