Жау жүрек мың бала
Көптен күткен фильм.. Кешкісін қызыммен бірге барып көрейін деп отырғам.. Кеше досым барған екен, сөйтсе фильм қазақ тілінде емес, яғни қазақша түсірілген, бірақ кинотеатрларда орыс тілінде беріліп жатыр.. Бұл қалай сонда? Мемлекеттік тілдің халі мүшкіл, шетелдік фильмдерді қазақ тіліне аударамыз, қырамыз-жоямыз дейді, қазақша түсірілген киноны шығармайды. Бірнеше кинотеатрларға телефон шалдым, біреуінде қазақша нұсқасы сағат 17.00де(яғни қазақ жұмыс істемейді), сағат 21.00да өзге тілде, сұрап көрсем: "қазақ тіліндегіге ешкім келмейді" дейді, көке, сағат 5те кім келеді? Екіншісінде "пленка бізге Қазақфильмнен орыс тілінде келді, солай береміз деп жауап берді". Ал саған мемлекеттік тілді құрметтеу, қазақша сананы жаңғырту..