Мазмұнға өту
OtanshylZhas

Bakha Narym

@OtanshylZhas

Сайтта 2011 ж. 13 желтоқсанКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

33

тіркелуші

6

жазылымдар

2

Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 67 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық! Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн! Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп…

"Сабыр халқым!" Ибрагим Ескендір

Ибрагим Ескендірдің "Сабыр халқым!" әніне әлеуметтік желілерде бейнебаян шығарылыпты. "Үстірт бойын үсік шалса", барша қазақ дем берер демекші, бірлікті ту еткен дана халықтың ұрпағымыз. Бірлігімізге бекем болуға шақыратын әннің бейнебаянын және текстін назарларыңызға ұсынғым келеді. «САБЫР, ХАЛҚЫМ!» Сабыр, халқым, емен жарқын, Сарыныма сал құлақ. Немді аяймын сенен, халқым, Жүрек қақты, жан жылап. Жар астында жау көп екен, Елдің шеті дүрлікті. Керек емес дау көп екен, Ұмыттырған бірлікті. Қайырмасы «Азат болсақ, шіркін-ай!» - деп, Армандаған ел қайда? Аш па, тоқ па? Бір Құдай деп, Арды ойлаған ер қайда? Дүние, малға дауласпауға, Қолды берген мәрт қайда? «Бодандықтан босап шықсақ Болды» - деген серт қайда? 1. Үстірт бойын үсік шалса, Алтай, Арқа дем берер. Ерке Есіл, сұлу Сырдың Пейілімен…

-3
6
1632

Өз кәсібін сүйетін тұлға - Қайырбек Мұқышев

Өз кәсібін сүйетін және өмірдегі қиындықтарға қарамастан тек жаңа туындыларды дүниеге келтіруді қажетсінетін адамдардың Сіздің өміріңізде де бар екендігіне күмәнім жоқ. Мен үшін осындай адам - Мұқышев Қайырбек Қожахметұлы. 76 жасқа келген Қайырбек ата 54 жыл бойы өмірдің қас-қағым сәттерін мәңгілікке сақтап қалумен айналысады. Ол - фотограф! Атамызбен сұхбаттасуға барған кезде өзім үшін маңызды қорытындылар жасадым. Ешқандай қиындыққа қарамай, өзінің сүйікті ісіңмен айналысу. Қайырбек ата "Астана күні" мейрамы алдында асығып жүріп, үйіндегі жуынатын жерде сүрініп құлап, қолын кесіп алған. Жедел медициналық көмек келгенше қолының 70 пайыз қанынан айырылып қалған. Азиада ойындарында денсаулығы нашарлап, көздері сыр беріп, нашар көреді. Жүректі ауыртатын мәселе бұл емес, ол атамыздың әлі күн…

0
4
1160

Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті

Желтоқсан айының алғашқы күндерінің бірінде киелі Қарағанды жерінде қазақ жастары бірігіп, Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы тұсында Алаш арыстарын еске алды. Қарағандылық жастар «Алаш апталығы» аясында Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Алашым-Ардағым!» атты әдеби танымдық кеш өткізді. Іс-шара аясында кітаптар көрмесі, алаш ардақтыларына арналған стенд дайындалды. Әдеби-танымдық кештің көркін ашып отырған жүргізуші, тек облысқа ғана емес, бүкіл республикаға танымал айтыскер-ақын Айтбай Жұмағұлов. Қарағандының өнерпаз жастары еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Алаш қайраткерлеріне арнап, әдемі әуендер ойналып, өлеңдер оқылып және патриоттық әндер шырқалды. Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген әдеби кештен соң жақында ашылған облыстық орталық…