Шетелден тегін оқып диплом алу
Негізі адамның дүниеге деген көз қарасы, жомарттығы айтқан сөзінен емес, істеген ісінен білінеді. Осыған орай АҚШ-тың атақты жоғары оқу орындары әлемге сүйінші сұрап бір керемет жаңалық әкелді. Ол интернет арқылы Гарвард университеті (Harvard University) және Массачусетс Технология институті (Massachusetts Institute of Technology) тегін оқып бітіруге мүмкіндік берді әр бір адамға. Жомарт болсаң - міне саған мысал.

Бұл кісі сол жаңа ашылған тегн оқу мекеменің басшысы - Анант Агарвал (Anant Agarwal). Егер оның ағылшын әріптерімен жазылған есімін оқысаң - "Ағару ал" деп айтуға болады. Тәлім алып, сауатыңды ашып ағару дегендей өзі ;)
Сонымен сабақ осы күзде бастағалы отыр. Егер жазылам десең қаріден бастап қамдану керек.
Осы жоба аясында 1 миллиард оқушыны жинау мақсаты бар. Керегі тек компьютер мен ғаламторға үздік жылдамдықпен қосылу. Мегалайн Drive әбден осыған лайық деп сенемін. Әрине оған тағы ағылшын тілін білу керек. Тек ол қиын емес, егер алдыңа тіл үйренемін деген мақсат қойсаң. Ал тіл үйренуден көмек керек болса маған хабарлас, шама келгенше аянбаспын. Сауалнамасымен де танысуға болады.
Бұл негезі жалғыз әрекет емес әрине. Дүние жүзіндегі көзі ашық адамдардың жалпы үміті бүкіл әлемге бәрін тегін беру деген қозғалыс баяғыдан келе жатыр. Қалай бізге жер, аспан, тән, ауа, жауын, тегін берілген, солай қалғаны да келуі тиіс. Саған да сол аманат, айналайын оқырман.
Ал мында тағы бір тегін оқыту жобасының мысалы берілген:
Бұл Принстон университеті (Princeton University), Стэнфорд университеті (Stanford University), Мичиган университеті (University of Michigan), Пенсильвания университеті (University of Pennsylvania) бірігіп тегін оқу мүмкіндігін әлемге паш етіп отыр. Жомарт болсаң міне саған үлгі!
Жалпы менің үмітім, қазақ мемлекетінде де көзі ашық (сараң емес) жандар бірігіп ғалам тордан сондай мектеп ашса, шіркін. Бүкіл елге ортақ, қазақ тілінде, әр пәннен сабақ үлгісін көрсетіп бейне шығарып қойса. Мысалы бір үйдің баласы ауырып мектепке бара алмай қалды делік. Ата анасы сол күнгі берілген сабақтарды ғаламтардағы ауылдан сілтемесін тауып, берілген бейнені өзі де көріп, баласына да көрсетіп қояр еді. Бір сабаққа әр мектептен келген көп бейнелер болса, үздігін табуға болар еді. Ел өзі ақ кім қандай мұғалім екенін көзімен көретін болар еді. Парақорлыққа және жемқорлыққа тіпті жол болмас еді. Қазақ елім менің, сен бақытты болуға әбден лайықсың!!!
