Мазмұнға өту

Жаңа

«Батыстың ажалы» бізге де қауіпті

Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстыратыны анық. Отбасының ынтымағы мен берекесі, шаттығы мен қуанышы қашан да сәбидің сыңғырлаған күлкісінен қуат алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді қазақ. Рас. Бала – бауыр етің, болашағың. Әйтсе де, осы «болашақтан» бас тартқандар қарасы көбейді. Әсіресе, «бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» әйел-аналар арасында құрсағындағыдан тезірек құтылуға асыққандар жетерлік. Кезінде «Батыстың ажалы» атты еңбегінде америкалық Патрик Бьюкенен: «Америка, Еуропа және Жапония мемлекеттері ғылым мен технология, экономика және қару-жарақ дайындау салалары бойынша басқа елдерді әлдеқайда басып озып кетті. Дегенмен, Шығыс әлемі Батыс өркениеті бағалай алмаған құндылықтарды сақтап қала алды. Ол…

0
0
693

Томиристің ұрпақтары төбелес іздеп жүр

Сабақтан қайтып бара жатқан кезім. Кенет бір қуыстан айғай-шудың дауысы естіліп, соған елең еттім. Қасымда екі құрбым бар. Жақындап барып көз тастап едік, қыздар төбелесіп жатыр екен. Бірі екіншісінің шашын жұлуға жармасты. Екіншісі де қалыспай, ұзын тырнақтарын «қару» етуге бекінді. Бұл қатыгез көрініс маған үлкен ой тастады. Нәзік қыздардың бойындағы ұяңдық қай жамандықтың тасасында жасырынып жүр екен деп ойладым. Бұл төбелестерде қатыгездіктің белең алатыны рас. Нәзік болмысты қыз үшін біреуді ұрып - соғуды ерлік көріп, мақтан ету меніңше ұят нәрсе. Қыздың күші білекпен емес, жүрекпен өлшенеді емес пе?! Қыздың бойындағы нәзіктік оның жан дүниесінің табиғатын ерекше нұрға бөлеп тұрары хақ. Қыз - қарындас, қыз - ана, қыз - болашақ жар. Қыздың жатжұрттық екенін кішкентайынан құлағына құйы…

1
2
1115

Тәлкек тағдыр. Қамыққан қарт.

Уақытпен жарысып, жүйіткіген поезд терезеснен қазақтың кең даласына қарап, ой үстінде жатырмын. Көзімді емдететін уақыт жетіп, оқу үрдісінің қызған шағында үйге жол тартып барамын. Қарттар үйіне барып, журналистік зерттеу жүргізгім келіп еді. Ұстазыма айтып көргенде, оның қуана-қуана тапсырма бергені көз алдымда. Енді міне, күтпеген жерден, ешкімге ескертусіз жолға шықтым. Тапсырма орындаусыз қалатынына ұялып, өзім сол қарттардың қмірін өз көзіммен көре алмайтынымды өкінішке балады. Кенет бір ойдың қылаң қағып, қол бұлғап келе қалғаны. Ол қариялардың тағдырлары бөлек болғанымен, мұңы бір көрінді маған. Семейдегі қарттар үйінің тыныс тіршілігімен танысуға бел будым. Қыс кезінде ерік Жолжақсынов жргізген «Өмірде болған» атты бағдарламадан сол қамыққан қарттар туралы көріп, көзіме жас алған…

0
1
5534

Күнгейінен көлеңкесі көп «Агент»…

- Әділет, жүр тамағыңды іш. Таста агентіңді, - деген анамның дауысын естідім. Ас үйге барсам, бәрі жиналып қалыпты. Тек інімнің қолы бос болмай шықты. Қасына барып ұзық тұрдым. Ол болса мені елер емес. Ертеңгі күні тағы анамның ескерту айтып жатқанын естідім. - Әділет, сабағыңды қара. ЕНТ-ңа дайындал. Ертең сені «агент» асырайды ма, әлді интернетің оқытады ма?! – деді анам ашулы үнмен. Інім болса қалжыңға басып: - Бір қызбен танысып отырмын, - деді. Сіңілім де қалыспай: - Қыздар деген көп қой сенде, қайтесің?! Ертең тестіңді дұрыс тапсырмасаң, солар менен таяқ жейтін болады онда, - деп «өтірік» қорқытты. «Заманына қарай адамы» демекші, әр заманның өзіндік талаптары бар екені рас. «Кешегінің» құрдастары бүгінгі күннің ұрпақтарына реніш білдіретін де жөндері бар. Алайда, адамммен қатар зама…

0
0
570

Қайран ерлер болмаса, ел жұрт жетім. Туады ерлер ел

О, Замандас, соларға бір қараңыз, Әр кірпіші, әр тасы бір қара аңыз. Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп, Өшкендерді табатын бір ғана біз. Жұбан Молдағалиев Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп, көріп келген елміз. Біздің қазақ халқы өте төзімді, шыдамды, қайсар, батыр, ер халық деп ойлаймын, себебі тарих беттерін парақтап көрсек, қатігез толқындар біржолата мәңгі жойып жіберетіндей қиын кезең тұсында сан қиналса да, қазақ халқы қабырғасы қайыспай, аман қалыпты. Біздің халықты бүгінгі атқан ақ таңның сәулесін көруге жеткізген қазақтың ер жүрек, батыл ұлдары деп сенемін, себебі бұл тәттілікке келер жол ұзақ әрі қатты болды. Расымен, қазақ кемеңгер халық қой! Алды қатты болғанның арты тәтті болады деп,…

2
3
27303

Табиғат әлемі

Уа, табиғат, құдіретіңнен айналдым, Сәні болдың таусылмайтын ойлардың. Әсемдігің, сұлулығың елжітер Серігіндей күндіз Күннің, түнде Айдың. Өзен - көлдер жылғасымен жарасқан, Сырын айтып бір-біріне қарасқан. Мөлдір көлдің сағым ойнап жүзінде Арайланған аспанда Аймен таласқан. Жұлдыздар да тізіліпті маржандай, Сезім жібі қалай тұрар жалғанбай. Тылсым түнде аспаннан сыр тамғандай, Есі кетіп егіз жүрек жанғандай. Тау мүлгиді, орман терек сақалы, Табиғаттың ерекше бір мақамы. Етегінде еркелеген бұлағы Сырға толы сылдырап тіл қатады. Қарай алмай қайыңдар да мақтанып, Тербеле алмай теректер де бапталып. Сұлулықтың сырын ұқпай пенделік, Шалғындары табанда жатыр тапталып. Ұғар ма табиғаттың нарқын адам, Дей ме екен : «Кереметін тартып алам!» Тамшымын жанарыңда мөлдіреген, Мен де бір жапырағың қалт…

0
0
6572

Замана запыраны немесе ашаршылық ақиқаты.

Қып-қызыл қантөгіспен келген Кеңес өкіметінен біздің қазақтың көрмеген құқайы бар ма? Небір зорлық-зомбылықтың бәрін көрді, соған көнді. Әсіресе, Отызыншы жылдардағы ашаршылықты қалай ұмытамыз? Үш миллионнан астам бәйкүнә қазақты жасанды жауыздықпен жою – ұлтымызға көрсетілген геноцид. Қой екеш қой да кеңірдегіне пышақ тигенде тұяқ серппей ме? Жанға бататыны - содан бері қаншама жылдар өткенімен ашаршылықтың ақиқаты ашылмай отыр. Тәуелсіздікке табаны күректей жиырма жыл толды. Жиырма жылда аштықтан қырылған қазақтың нақты саны мен тарихи деректі құжаттарды жарыққа шығарып, аштықты кеңес өкіметі қазақ жері мен оның байлығына иелік ету үшін тұтас бір ұлтты жою жолында қасақана қолдан жасағанын айтып тұрып саяси, бағасын бере алмауымыз. Ал бүгініміз ше?! Көзбен көрмеген соң, әттең, көңілге д…

0
0
881

Ертіске сыр

Ерке Ертіс, мен де сенің тамшыңмын,

Ғұмыр қысқа, сабындай ғана қамшының.

Табынып саған қарап тұрмын тамсана,

Адасып жүрген оғынан сақта аңшының.


Ерке Ертіс, төгілді саған бар сырым,

Сенде қанша қазына жатыр жасырын.

Өзіңменен бөлісем деп ойымды

Жайлап басып жағаңа келдім ақырын.


Өзіңменен ақын тағдыр табысты,

Толқындарың ойларыммен қабысты.

Ағыстарың алға қарай ұмтылған

Зымыраған уақытпенен жарысты.


Ақын қыз ем, арман қуған ақмаңдай,

Тағдырымызда бір ұқсастық жатқандай.

Өр Алтайдан бастау алған бұлақ ең

«Мұхит» деген өмірден тұрақ тапқандай.


Осылайша мен өзіңмен сырластым,

Сен мәңгілік, ал мен мәңгі тұрмаспын.

Балалықтың базарынан аттанған

Жағаңдағы өрімталмен құрдаспын.

Гүлнұр Қуанышбекқызы

1
0
665

Иман ізде - хит

Қайнарынан бастау алып дін Исламның,

Білімге талап қойған мұсылманмын!

Сақал қойдым - сақалым Абайдікі,

Сталинге ұқсап мұрт қоюға қысылғанмын.


Терроризм дегенге қатысым жоқ,

Ондай жынды, аурулармен шатысым жоқ!

Дін Ислам құптамайды бұл қылықты,

Ол түгіл құптамайды сопылықты!


Сопылықтың жаршысы Исматулла,

Ән айтып, зікір салып Джип мініпті.

Депутаттың біреуі джип әперген,

Қалың жұртқа мазақ болып, күлдіріпті.


Жаспын мен, енді ғана ес білгендей,

Бірақ Аллам көп нәрсені білдіргендей.

Мұсылман болғаныма қуанамын,

Ақ құс ұшқан, бау-бақшаға дәл кіргендей.


Тұрса да жағдай сонша құты қашып,

Қорықпашы бауырым, шошымашы!

Сонда да білім ізде, иман ізде,

Алланың қайырынан құр қалмашы!

Өзін тәрбиелеу-өмір талабы

«... Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады»-, деп нақтылап көрсетеді алты алаштың арысы Жүсіпбек Аймауытов. Эйнштейн де «Әр баланың бойында ақылдылық болмысы болады»-,деген. Расында солай. Дегенмен бұл қағидаға бірі сенсе, бірі сенбес. Себебі, жарық дүниеге көзімізді ашқанда бәріміз бірдей кейіпте болып, өсе келе өзгеріп сала береміз. Қалайша? Неліктен? Осы сұрақ төңірегінде өрбітсек. Өзін- өзі тәрбиелеу-адамның жеке басын жетілді…

1
0
6598