Мазмұнға өту
Roxanne_Ritchi

Роксана Риччи

@Roxanne_Ritchi

Сайтта 2012 ж. 27 наурызКазахстан, Астана

Жұмбақ қыз

рейтинг

100

жазбалар

25

пікірлер

72

тіркелуші

13

жазылымдар

19

Ескі альбом

Әттең, уақыт бізге бағынбайды. Оны қалаған кезде ұзартып, қаласақ қысқарта да алмаймыз. Зымырап өтеді де, шығады...Үйдегі ескі альбомымды тауып алдым. Суреттердегі әрбір сәтті еске алдым сосын. Сенің суретіңді көрген кезде...жылы жымиып, бейнеңді көз алдыма елестеттім. Білесің бе, Сен менің жадымда тура суреттегі қалпыңдасын. Аппақ, тап-таза, сүп-сүйкімді, әзілкеш. Ммм...даусың қандай еді. Елітетін, ерітетін. Сол кезде сені мүлдем танымаппын ғой. Ғашық болғаным сонша – Сені көрсем, қызанақтай қызарып, сөйлесуге қымсынатын едім. Сен, тіпті басқалар біліп қоя ма, сезіп қоя ма деп қорқатынмын. Ғашық болу – ұят емес қой. Сол кезде батыл болғанымда ғой. Қандай балмұздақты ұнататыныңды, қандай жанрдағы фильмдерді жақсы көретініңді, шай ма, әлде кофе ме, қайсысын қалайтыныңды білетін едім. Қазір…

0
0
511

Мен және ол

Екеуміз бір палатада жатырмыз... Оның көңілі жадыраңқы, достарымен мәз-мейрам болып сөйлесіп отыр. Ал, мен...қап-қараңғы бөлмеде отырғандаймын, жүрегімді біреу жұлып алғандай... Ол бұдан қорықпайды, "әдеттегі іс қой", дейді. Мен...мен өзімді жеккөрінішті сезінем, "неге бұлай болды?" деп өзімді кінәлаймын. Ол бұны өзі қалап келіпті. Ал, мен мәжбүрмін. Оның сәбиінің дені сап-сау. Менікінің жүрегі соқпайды. Мұнда 30-дан астам палата бар. Бәрі адамға лық толы. Күндіз 5 адамды қабылдап, шығарса, кешке тағы 5-уі келеді. Осылайша, адамдар үзілген емес. Олардың да тағдыры екеумізге ұқсас... Өмірдегі ең жаманы сол - ана бақытын сезінген сәтте, арманыңның кенеттен күл-талқан болғаны. "Әлі жассыңдар..Бәрі алда. Ештене уайымдамаңдар" деп алдаусыратады. Қайтесің, бұған көнесің. Бірақ, қимайсың. Дені с…

0
0
918

Өмір тым қысқа ғой...

...Мен оған қатты ашулы едім. Қатты-қатты. Білмеймін бұл еркелік пе, әлде оның ауыр сөздерін көтере алмадым ба?.. Мүмкін, көңілімді таба алмағаны үшін де шығар. «Жемеймін» деп қырсығып тұрып алсам да, ол менің сүйікті тортымды алып берсе, бәрі басқаша болар ма еді) Еххх, жаным, бір түйір кәмпиттің өзі көңілімді көтерер еді ғой...

Бірақ, қойшы... бізаааздааан кейін мен оны қатты құшақтап, сүйіп алдым. Өйткені, менің ренжуге уақытым жоқ. БҮГІН мен бақыт пен қуаныштың құшағында болуы тиіспін. Кім біледі, өмір тым қысқа ғой...

БҮГІНім – өмірім.

КЕШЕгім – тәп-тәтті естелігім.

ЕРТЕҢім – АЛЛАның еншісінде... Жо-жоқ, бұлай дегенімнен гөрі, тағдырдың еншісінде дегенім жөн (бірінші комментарий).

4
2
2273

Қиын қандай...

Қиын қандай... сүйгенмен... құша алмасаң, сезімнің отына күйіп-пісе алмасаң, өзгеге қия алмасаң, түнімен оны ойлап, қиялдасаң, бірақ... «келер» деп өзіңді жиі алдасаң, жасыңды тия алмасаң;

Қиын қандай... сезімің болса жауапсыз, күтпесе сені ешкім тағатсыз, әр күнің, түнің өтсе олсыз, сезімсіз, сағатсыз;

Қиын қандай... сені емес, өзгені ойласа, жүрегің әлі де оны іздеуді қоймаса, тәтті мұң санаңды жалмап, жалғыздық тоңдырып, көңліңді бойласа, жаның бір сәттік ләззатқа тоймаса.. қиналсаң, жаныңда болмаса, өткен күн жараңды тырнап, дертіңді қозғаса......опшым сезімге қатыстының бәәәәәәрі қиын екен. Жазам деп, өзім де қиналып кеттім ))).


Прослушать или скачать Киын кандай [www.kazmusic.kz] бесплатно на Простоплеер

1
1
1434

Иісіңді сағындым...

Сен... Иә, сен менің сырласым, мұңдасым едің. Менің қиялым, жанымның дәруі едің.  Сөздеріңнен қуат алушы едім. Мені күлдіретін де, жылататын да сен едің. Саған жетуге ылғи асығатынмын. Бетіңнен иіскееееп, иісіңе тоймай, қатты-қатты құшақтап, ұйқыға кетуші ем ғой, есіңде ме? Иісіңді сағындым...

Қазір қандай күйде екенсің? Қай жанның құшағында жатыр екенсің... Мені ше? Мені сағынасың ба? Ал мен сағыныштан сарғайып барам... Менің ауылдағы кітаптарым, өзіңе қашан жетер екем...

 

2
0
2811

Мен сені іздегем...

Мен сені іздегем түндерден,

Түсімде мазалап келер деп.

Мен сені іздегем күндерден,

Жаныма мейір, нұр себер деп.

Мен сені іздегем таңдардан,

Самал боп, бетімнен өбер деп.

Мен сені іздегем маңдардан,

Шық - сезім, жауын - жыр төгер деп.


Мен сені іздегем қаладан,

Бір уақыт кезігіп қалар деп.

Мен сені іздегем жағадан,

Басқа емес, мені еске алар деп.

Мен сені іздегем көктемнен,

Есігін жүректің қағар деп.

Мен сені іздегем өткеннен,

Үміттің отын кеп, жағар деп.

Іздеп ем бүгін мен ертеңнен

...Жүзігін тағар деп...

Келер деп, табар деп,

Бақытқа, бағына балар деп...

Әттең!

3
0
464

Жазығым не еді?!

Автобустағы оқиға... Бірде бір құрбым микроблогына «Алматының кептелісі бәрімізге ерте тұруды үйретеді», - деп жазып қойыпты. Бұл рас-ау. Бұрынғадай емес, күз басталғалы жұмысқа екі сағат бұрын шығатын болдым. Кептелістің кесірінен, әрине. Бір күні әдеттегі уакыттан ертереееек шығып, тралейбусқа отырғам. Бос орын болмағандықтан, ортадағы тұғырдан ұстап, терезе қарап тұра бердім. Межелеген аялдамаға дейін әлі біраз бар. Уақытты құр өткізбейін дедім де, сөмкемнен ұялы телефонымды шығарып, көшіріп алған кітаптің электронды нұсқасын оқи бастадым. Кітаптың қызығана кіріп кетіппін, кім мініп, кім түсіп жатыр, онда шаруам жоқ. Бірі былай түйді, бірі олай түйді. Әншейінде қабақ түйіп шығатынмын. Сол жолы мән бермедім. Бір мезетте жанымнан бір әжейдің дауысы шықты. «Әй, немене тесіліп қарап тұрсың…

Жаңбырды сағынып жүрмін

Жаңбырды сүйемін. Жанымдай сүйемін. Ғашықпын жауынға. Жаңбыр жауса болды, көңілім көтеріліп, ерекше бір сезімге бөленемін. Жанымды қажытқан ескі мұңды да, күндегі күйбең тіршілікті, санамды билеген сан қилы ойларды да – бәрін, бәрін ұмытып кетем. Терезеге жүгіріп, әрбір тамшыға құштарлана қараймын. Бетімді жауынға тосып, сол тамшылардың жылылығын сезінемін, олардан ләззат аламын. Құдды мені сүйіп тұрғандай. Иә, сүйіп тұрғандай... Ернім де, денем де, бүкіл тұла бойым дірілдеп, жүрегім аттай тулап кетеді. Нөсерді СЕН деп елестетемін. Дәл сол сәтте, СЕН келіп, есімнен адастыра, бетімнен өбіп, тәнімді аймалап тұрғаңдайсың. Содан кейін...жүзімді жауыннан алғым келмейді. Мейлі, сүйе берсінші, сезімнің ыстығына күйдіре, күлкімнің астына тығылған мұңды ұмыттырып, санамдағы ойдың бәрін жуып тастас…

1
0
1283

Кітап туралы ой

Досынның шексіз болғаны қандай жақсы! Қандай бақыт! Жабыққанда жұбатар, қуанғанда сол қуанышты өзіңмен бөлісер жанды қашанда іздейсің ғой. Шын жанашырыңа бар сырыңды ақтарып, бірге жылап, бірге күліп, мәңгі ажырамасқа серт етесің. Бірақ біз қанша тырыссақ та, әтеуір, күндердің күнінде сол достық жолының екіге бөлінетіні анық. Немесе бұрынғыдай жиі-жиі көрісетін сағым мезеттер артта қалып, тек қана сирек келетін сағыныш хаттарына жұбанатын сәттер де болады... Дегенмен, сені мәнгі қолдап, қол ұшын беретін, сені түзу жолға салып, жол сілтейтін, сені ешқашан ренжітпейтін, өзімен бірге қызықтырып, кейде, тіпті жылатып та алатын шын досыңның барын ұмытпаған жөн. Ол кім дейсіз бе? Жоооқ. Оның жаны жоқ. Бірақ жаны жоқ болса да ол - ...бір күні одан теріс айналып, жалғызсыратып тастап кетсең де са…

4
0
15074

Ойланайық

Кішкентай сәбилерді көрсем, мына бір оқиға еріксіз есіме түседі. ...Жаздың аптап ыстық кездерінің бірі. Автобус іші қапырық. Ауа жоқ. Терезеден түскен күн көзі отырғызыр емес. Ол аздай жүргізушіміз уақыт кестесінен ерте келді ме екен, әйтеуір автобус аялдамада біраааз тоқтап тұрды. Осы арада автобусқа сәбиін құшақтаған бір жолаушы мініп келе жатты. Жап-жас, сұлу қыз екен. Жарасымды киініп алған. Аяғына көзім түсіп кетті. Биік біз өкшелі туфли кигеніне қарап, таңғалдым кәдімгідей. Әрееең мінді автобусқа біз өкшесі қисалаңдап. Орындыққа отыра берер сәтте аяғы тайып кетті де (туфлиінің біз өкшесі бір жаққа қайырылып кетті, мен анық көрдім), қолындағы сәби жерге сұлқ құлады. Бәріміз шошып кеттік. Үлкендер сәбидің жанына жетіп барды. Ұялып кетті ме, беті қызарған жас анамыз, жымиып: «Ой»,- деп…

5
1
509