Мазмұнға өту
aliziyadin

Dinmukhamed Ziyadin

@aliziyadin

Сайтта 2010 ж. 27 сәуірКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

55

пікірлер

133

тіркелуші

23

жазылымдар

20

Ұзақ жолдың үміті немесе битум бізге не береді

Ақтауда битум зауыты салынып жатыр деген хабарды естігелі біраз болған-ды. Қоғамның көп азаматының бірі ретінде маңыздылығын түсінсем де, мәніне үңілмей жүрген едім, осы айдың басында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырған пресс-турдың аясында зауытты «көзбен көріп, ішпен білудің» сәті түсті. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы бойынша индустриализация картасына енген 34 жобаның бірі осы Ақтау битум зауыты болып тұр. Бұл не керемет, қолынан не келеді деп қызыға кетсеңіз, ары қарай кеттік. Ақтау битум зауыты дайын, тек ресми ашылуы ғана қалды Жеке мен үшін ең басты һәм ең маңызды берері – отандық жолдардың сапасының артуына үлкен үлес қоса алатындығы. Себебі, битум деген батыр – әлемдегі ең көне құрылыс материалдарының бірі жә…

6
3
2598

«Айтылмаған әңгіме» атты жаңа бағдарламаның тұсауы кесіледі

Ешкім естімеген, бұдан бұрын еш жерде айтылмаған эксклюзивті тақырыптарды көтерген "Айтылмаған әңгіме" атты жаңа жобаны 31 арна көрермендеріне тарту етеді. Бағдарламаның алғашқы саны бүгін, 11 қараша күні кешкі 19.30-да эфирге шығады. Бағдарламаға тек Қазақстан аумағынан ғана емес, Қытай, Түркия, Ресей секілді мемлекеттерден де арнайы қонақтар келіп қатысады. "Айтылмаған әңгіме" бағдарламасының редакторы Азамат Есберген: Осы уақытқа дейін мұндай бағдарлама болған жоқ Қазақстанда, және бір ерекшелігі - драмматургиялық тұрғыда да өзіндік мәні бар, финалы бар. Яғни әрбір кейіпкеріміздің арманын орындауға немесе көптен бері орындай алмай жүрген ісін орындауға қолұшын беріп жатырмыз. Бұл бағдарламада "Айтылмаған әңгіме" айтылады. Бұл жобада өмірі - өзгеге өнеге, өресі биік жандардың өрелі сөзі…

2
0
1663

«31 арна» 22 және 28 шілде аралығында көрсетілетін фильмдерге шолу жасайды

Әлемдік кинонарық күн өткен сайын көрермендерді тың технологияларымен һәм жаңа идеяларымен таң қалдыру үстінде. Елдің көңіліндегісін көз алдына келтіріп, қолмен ұстағандай әсер беру күнделікті дүниеге айналып келе жатыр. «31 арна» да кино саласындағы қалың өнімнің арасынан іріктеп, таңдап, ең қызықты, ең тұщымды дегендерін өз көрермендеріне сыйлауын жалғастырады. Дүйсенбі. 22 шілде. 22.30 Сіз Макстың кім екенін білесіз бе? Әне, олар да білмейді. Боливияның қалың орманының ортасында қалған, «екі түйе сүйкенсе, шыбын өледінің» кебін киген Орталық барлау басқармасының арнайы бөлімі өздерін өлдіге санаған әлгі Макстан кек алмаққа бел буады. «Лузеры» - тек фильмнің ғана емес, қосақта кеткен, құрдымға батты саналған команданың да атауы. Ал кімнің жолы болып, кімнің сәтсіздікке ұшырағанын өзіңіз…

1
0
620

Шілденің 15-і мен 21-і аралығында «31 арна» көрсететін фильмдерге шолу

Шаруаға қол, еңбекке жайлы болып отырған жаңбырлы жаздың дәл ортасына да келдік. Біздің құрметті оқырмандарымыз жылдың сағындырып жетер осы бір кезеңін қызықты һәм көңілді өткізіп жатыр деген үміттеміз. Ал, ұзақты күннің кешінде "31 арнадан" әлемдік киноның іліп-алар фильмдерін көру дұрыс демалысты еселей түседі. 15 шілде, яғни дүйсенбі күні сізді "Крокодил Данди" күтеді. 22.45-те экранға шығатын фильм Австралияның қиян түкпіріне келген американдық журналист пен жергілікті қолтырауын аулаушының басынан кешірген хикаяларын суреттейді. "Үздік ер адам рөлі" номинациясында "Алтын глобус" алған комедиядан табиғаттың ортасынан шыққан бас кейіпкердің тас қала Нью-Йоркке барып адам жасаған джунглиде қиындықтарға тап болғанын көре аласыз. Австралиялық аңшы Майкл Данди туралы қызық оқиғалар сейсенб…

0
0
528

Джекидің жаңа рекорды немесе нағыз жігіттердің аптасы

Жаңа «кино аптасы» Джеки Чанның «Қытай зодиагы» атты кезекті фильмімен ерекшеленеді деп отырмыз. Жалпы осы бейсенбі экшндық жанрға бай болып тұр – Стэтхэмнің «Паркері» де, үш мықты шал түскен «Нағыз жігіттер» де, комедия, мелодрама, атыс-шабыс элементтерін қатар жинаған «Ұста да қаш» та қым-қуыт кадрлар мен ию-қию көріністерді ұнататындар үшін киноға баруға жақсы себеп болмақ. Қытай зодиагы / Доспехи Бога 3: Миссия Зодиак Бір емес, бірнеше ұрпақты киноларына «отырғызған» Джеки Чанның соңғы үлкен фильмі (өз сөзі). Құнды жәдігерлерге ие болу үшін әлемнің түкпір-түкпірін шарлап, небір қызық оқиғаны басынан кешіретін ұры туралы франшиза бізге бұрыннан таныс. Жұлдыз белгілері салынған мүсіндердің соңынан түскен бас кейіпкер небір шаш ал десе, бас алатын қарақшылармен қолма-қол төбелеске түседі…

0
0
1013

Линкольн және төртеу

Апта сайын әлемдік киноөндіріс ошақтары әкеліп қазақстандық прокат нарығына құятын жаңа фильмдердің топтамасына да кезек жетті. Бұл жолы біз әдеттегідей аудиторияның қызығушылығын қанағаттандыра алады-ау деген премьераларға шолу жасаймыз. Жиыны бес туынды. Тақырыпты «Линкольн және төртеу» деп алуымызға да себеп бар: осы аптаның ең үлкен фильмы АҚШ-тың атақты президенті туралы туынды болмақ. Арысы «Оскардан» дәметіп, берісі әлемдік біраз байқауда қанжығасы майланған Стивен Спилбергтың «Линкольнын» біз бүгіннен бастап көре аламыз. Линкольн Аптаның, айдың емес жылдың ең салмақты, бірегей туындысы деп саналып отырылған «Линкольн» АҚШ-тың он алтыншы президенті, азаматтық соғыс кезінде Солтүстіктің жеңуіне үлкен үлес қосқан Авраам Линкольнның өмірін суреттейді. Стивен Спилберг осы фильмді түсір…

0
0
906

Тарантиноның Джангосы, Құбыжықтар корпорациясы және Гензель мен Гретель

Бүгін күн бейсенбі. Қазақстанда жаппай жаңа фильмдер көрсетіле бастайтын уақыт. Ендеше, жұмыстан кейін яки демалыста кинотеатр жағалап қайтамын деген біздің қадірлі де қымбатты оқырмандарымыз Киностан әзірлеген жаңа шолумен таныса алады. Осы апта киномандар үшін сәтті шықты. Ойлап қараңыз: әуелгі болып сөзді ел үркетін фашизмді әжуәлап тастаған Тарантино алды. Бұл жолы ерекше жұмыс әдісі бар маманның нысанасына құлдық тақырыбы ілікті. Одан кейінгі кезекте ескі де жаңа «Құбыжықтар корпорациясы». Pixar-дың ең үздік туындысы деп аталып жүрген мультфильм 3D форматта қайта оралды. Бұлармен қатар шығатын Борн туралы франшизаның соңғы фильмінде ойнаған Джереми Реннер бар «Гензель мен Гретель: Мыстан аулаушылар» да, аз ақша шығарып, үлкен табыс тапқан «Паранормалды құбылысқа» пародия ретінде жары…

0
0
1338

Ескі жылдың соңғы премьералары

Сонымен бізге қиял-ғажайыбы бар, атыс-шабысы бар, күлкісі бар, мұңы бар түрлі фильмдерді сыйға тартқан 2012 жыл бірнеше күннен соң «шаң басқан архивтерден табылады». Өткен жылға Киностан үлкен көлемді шолу жасап жатыр (әлемдік фильмдерге, қазақстандық туындыларға және 2013 жылы елге келетін премьераларға), оны сіз, құрметті оқырман, осы апта бойы сайттың «Мақала» атты бөлімінен тауып, оқып отыра аласыз (ол жерде басқа да «ммуа» материалдар бар:)). Бүгін біз жылдың соңғы аптасында қазақстандық кинотеатрлардың төріне шығатын туындылар туралы азды-көпті әңгіме айтамыз. Cirque du Soleil: Алыстағы әлемдер / Cirque du Soleil: Сказочный мир в 3D Осы аптаның ең үлкен премьерасы десе де болады. Заманауи цирк өнерінің алдыңғы қатарлы өкілі, құрамында 4 000-нан астам адам қызмет атқаратын Cirque du…

2
2
1345

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі 2

Достар, естеріңізде болар, өткен жолғы шолуда біз апта премьераларының арасында мелодрамалардың ерекше көптігін айтқан болатынбыз. Осы аптада шамамен сол жағдай қайталанып отырған секілді. Оған қоса бонус ретінде Голливудта түспеген екі бірдей мульфильм бар. Мұндай туындылардан қажып жүрсеңіз тұңғыш қазақстандық фэнтези деп желеулеткен «Аңыздар кітабы: жұмбақ орман» мен танымал актерлар түскен «Тұзақ» атты қылмыстық драма прокатқа шықты. Таныса отырыңыздар. 10 жыл / 10 лет спустя IMDb көрсеткіші бойынша көрермендердің орташа бағасын алып отырған «10 жыл» бәз-баяғы махаббат тақырыбын қозғайды. 10 жылдан бас қосқан сыныптастар кездесуіне Джейк өзінің сүйіктісін ерте келеді. Өзге жұрт қызыға да, қызғана қарайтын жұп ә дегеннен-ақ сезімде жолдары болған жандарды көрсетеді. Алайда Джейк алғашқ…

2
0
1035

Жаңа премьераларға шолу: Мелодрамалар шеруі

Құрметті киносүйер қауым, бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларын «жаулап» алатын фильмдер тізбегі бұл жолы ескі де жаңа мелодрамаларының көптігімен ерекшеленеді. Бұрынғы өткен күндерді еске аламын деген адам да, романтикалық көңіл-күйде боламын деген жан да осы аптада өз қалағанын экрандардан таба алады. Енді ретіне келсек. Апартамент 1303 3D / Апартаменты 1303 Комедия, мелодрамаларды қоя тұрып «Апартамент 1303 3D» туралы сөз қозғайық. Әлдебір пәтердің жаңа тұрғындарының басына «шай қайнататын» бір әйел мен оның қызының рухы туралы үрейлі фильм хоррорсүйер қауымға әбден ұнауы мүмкін. Аяқ асты пайда болатын түрі жаман бейнелер мен «бісміллә» дегізетін кадрлар 16 жастан асқан көрермендерге ғана рұқсат етілгенін естен шығармассыз. Все просто Ресейлік комедия һәм мелодрама. Ескіден де ескі…

0
0
2698