Демалыс күндерімнің бір парасы немесе Арыс қаласына барғанда...
Бөлтірікті қанша асырасаң да тоғайын аңсайтыны секілді тұлымшағы желбіреген құндағына әркімнің бір бүйрегі қашанда бұрып тұратыны сөзсіз. Оқу мен еңбек демалысы бастала салысымен туған жерім Арысыма қарай жол тарттым. Жүйіткіген пойызбен тәулік бойы тағатсыздана жетуді мақсат етсең де, әудем жер қалғанда сабырың сарқылып, аз ғана жол ұзап кеткендей көрінеді. Вокзалдан өне бойы сағынышқа тұнған ата-анаң, туыстарың құшақ жая қарсы алғанда, жұдырықтай жүрегіңнің соғысы жиілеп кетеді де. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс өңірі «қала» атанғанымен ауыл тіршілігінің жұқанасы. Алдымнан аптаған ыстық күнге қақталған қап-қара қағілез балалар жүгіріп келіп амандасуда. Тұрпатын қай жерден көрген едім деп ойланып тұрсам, сәби кезінде мұрнынан «кәкәйі» жылтылдап жүрген кішкентайлар екен ғой. Еншіг…


