Мазмұнға өту
gbaqytkereiuly

gbaqytkereiuly

Сайтта 2013 ж. 20 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

101

жазбалар

36

пікірлер

77

тіркелуші

6

жазылымдар

8

«Әке тілі, мыңдаған жылдар тілі, өзіңе серт, ораламын мен бір түбі»

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! «Олжас мүлт кетті ме?». Қайрат Мәтреков. Аналитика - 365info.kz . Олжас Сүлейменов қазақ баспасөзінің сынына ұшырады. Оның «Толық тәуелсіздік – Қазақстан үшін зор қатер» сөзі көптеген адамдар тарапынан жақтырмаушылық тудырып жазушыны сынаған мақалалар көбеюде. Қазақ халқының белгілі тұлғасы бір-ақ сәтте жағымсыз кейіпкерге айналған тәрізді. Неге? Мұны түсіну үшін Сүлейменовтың сыншыларын мұқият тыңдау қажет. Бұл ол пікірлермен біз келісеміз деген сөз емес, бірақ ол пікірлер тыңдауға тұрады... Белгілі журналист Қазыбек Исаның qazaquni.kz интернет газетінде жарияланған мақаласының аудармасын ұсынамыз: «Толық Тәуелсіздік – үлкен қатер» - деу үшін де Толық мидың… керегі жоқ шығар… Алжас Амарович! Амал жоқ,…

-3
0
1041

Қазақстанның Евразия Швейцариясы болу мүмкіндігі бар

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Бұл ««Тұрғылықты» қазақстандықтардың ұлы орыстық шовинизімі», және «Қазақстан жері қазақтардың жері» тақырыптарымен жарияланған пікірталастың жалғасы. Pavlal Коментарийлерді аяғына дейін оқып шықтым... Бұл бір ұлтшылдық пен исламға иленген насихаттық рахат-лукум екен. Міне, өз миллиардер отандастарына төзіммен жұмыс жасаулары үшін қарапайым қазақтардың бастары немен толтырылуда! «Глобализация» терминімен автор анық таныс емес, және ол дүниежүзілік капитализмнің доктриналары мен коцепцияларын да түсінбейді. Ерік бостандығына деген құлдың сенімі күлкі тудырады. Автор байлаулы көзбен жүргендей, жемқорлық пен басқа да экономикалық қылмыстардың кесірінен қазіргі Қазақстанның 50-ші жылдардағы Уругвайға ұқсайтынын байқамайды. Сондай-ақ, автор геополити…

-5
0
792

Қазақстан жері — қазақтардың жері

Рақымды, мейрімді Алланың атымен бастаймын! «Великорусский шовинизм «коренных казахстанцев» деген орысша пікірталасты өз блогыма қойған соң бірінші комменттер де пайда болды. Ол комменттерге жауап берген соң мен ол жауаптарды біртұтас пікірталастың бір бөлігі ретінде жаңа тақырыппен ұсынғанды жөн көрдім. Shpak gbaqytkereiulyның барлық комменттерін оқып шықтым... Ақылы көп емес жолдас екен.. Не айтқысы келді? gbaqytkereiuly Өз пікіріңді білдіру үшін міндетті түрде ақылды болу қажет емес. Мысалға, сіз де пікір білдірдіңіз, бірақ ақылды ештеңе де айтпағансыз! Менің не айтқым келіп еді? Меніңше, ұлы орыстық шовинизміңіз ақыл-есіңізді тұмшалап тастағаны соншалықты сіз қазіргі уақытта сын қабылдайтын күйде емессіз. Олай болса сізге бірдеңе түсіндіруден еш пайда жоқ. Pavlal Ұлттардың «өз» жерлер…

-5
0
3491

«Тұрғылықты» қазақстандықтардың ұлы орыстық шовинизімі

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Бірде мен Николай Фолькманның блогындағы ««Квасной» патриотизм и «1984»» деген тақырыптағы мақаланы оқи отырып оған коммент жазған болатынмын. Комменттің соңы пікірталасқа ұласа отырып ол едәуір көлемді болып шықты. Бұл пікірталаста өзімді толғандырып жүрген нәрселер жайында сөз болғандықтан мен оны жаңа тақырыппен оқырмандарға ұсынғанды жөн көрдім. Және оны қателерін еш түзетпестен бастапқы нұсқасында беріп отырмын. Өйткені, онда осы грамматикалық қателер жайында да сөз болған еді. gbaqytkereiuly «Қазақстанда тұрып жатса да РаССеяндықты алып жүруші барлық қазақстандықтардың (олардың ұлттарына қарамастан) өзімен тек орыс тілінде ғана тілдесулерін талап етеді. Олай болмаған жағдайда оның маңайындағылардың барлығы «қазақ ұлтшылдығында», оның басын…

-5
0
500

Қазақ қазақ тілімен ғана ел болады

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Бұл орыс тіліндегі бір мақалаға жазылған орысша жауаптың аудармасы. Бір қазақ әйелінің блогінде жарияланған бұл мақала көптен бері көкейде жүрген ойлардың тиегін ағытқан мақала болды. Бір сәтте жазылған қысқаша жауаптың қолжазба түрінде өзімде қалған нұсқасын қайта қарап, оны толықтыра отырып қайта жазып шығып оқырмандар назарына ұсынып отырмын. «Сіз ата-анаңыздың өзіңізді, қазақша білмейтін кішкентай қазақ қызын қазақ мектебіне бергенін айтасыз. Әрине, сіз ана тілін білсін деген ниетпен. Бірақ, сізге қиын болып, сабақ үлгерімізге теріс әсер еткен соң сіз оны өзіңізге жасалған зор қиянат деп білесіз. Егер бұл қиянат болатын болса, онда орысша білмейтін қазақ баласын орыс мектебіне беру де қиянат. Өйткені, оның түбі қазақ, ділі қазақ, тіпті, ет п…

-5
0
510

«Аңыз түбі шын, аруақ түбі жын»

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Құранда басына түскен қиындықтарға сабыр етіп Алланың рахметіне бөленген Әйүп пайғамбардың (ғ.с.) оқиғасы баяндалады. Ол ең әуелі өзінің бар малынан айырылса, сонан соң құлаған үйінің астында қалып әйелінен басқа бүткіл отбасы қырылады. Онымен қоймай өзі де жан баласы жуымайтын алапес ауруына шалдығып тірілей шіри бастайды. (Мұхаммед ғ.с.) Құлымыз Әйүпті (ғ.с.) есіңе ал. Сол уақытта ол Раббысына: «Рас, мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты» деп жалбарынды. Құран Кәрім. Сад 38:41 Бұл аятта Әйүп пайғамбар (ғ.с.) өзінің басына келген бар бақытсыздықтың шайтан арқылы келгенін айтады. Демек, бұл адам баласы ұшырайтын қандай болмасын бәле-жала, ауру-сырқауларға шайтандардың қатысы бар екенін білдіреді. Адам баласы ұшырайтын қандай болмасын бәле-жал…

-5
0
3540

Кешірімді Алла күнаһарларды неге кешірмейді?

Қамқор, мейрімді Алланың атымен бастаймын! (Мұхаммед Ғ.С.): «Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды кешіреді. Өйткені, Ол өте кешірімді, ерекше мейірімді» де. Құран Кәрім. Зумар 39:53 Осы аятты оқи отырып «егер Алла шынымен де соншалықты кешірімді, мейрімді болса онда неге Ол есеп берілетін ақирет күнінде барлық күнаһарлар құлдарына да мейріммен қарап оларды кешіре салмайды» деген сұрақ туындауы мүмкін. Әрине, Алла Тағала үшін қаншалықты зор күналарды болмасын кешірудің еш қиындығы жоқ. Өйткені, адам баласының күнәларын кешіру тек бір Алланың ғана еншісі. Күнәларды Алладан басқа кім кешіреді. Құран Кәрім. Әли Имран 3:135 Бірақ, солай дегенмен де Алла Тағаланың Өзі жаратқан құлдарына ескерткен ескертулері бар, және сол ескертулері бойы…

-5
0
1847

Дін-адамгершіліктің тірегі

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Адам баласы дін арқылы өзінің тірліктен қажитын жанына тыным іздеп, баянсыз дүниеден берік тірек, мәңгілік тиянақ табуға тырысады. Бірақ, өкінішке орай қазіргі кезеңде бір дінбасыға бой ұсынып, бір діннің аясында алаңсыз құлшылық ететін заман келмеске кетіп барады. Өйткені, жаппай сауаттылық, «жаппай ақылдылыққа» жол ашып, соның нәтижесінде, кім көрінген дін мәселелері жөнінде білгіштік танытып, «бас-басына би болған өңкей қиқым, бұзбады ма мінеки «діннің» сиқын» дейтін жағдайға туындады. Соның салдарынан да дін өзінің мейрімділік, сабырлылық, бірігу, өркендеу, кемелдік тәрізді сипаттарынан айрылып, өшпенділік, төзімсіздік, ыдырау, тоқырау, пендешілік сипаттарымен көбірек көрініс бере бастады. Мұндай жағдайда дін өзінің қарапайым тартым…

-5
0
1054

Құлшылықсыз мұсылман қаншалықты мұсылман?

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Алла Тағала адам баласын Өзіне құлшылық ету үшін жаратты. Және оларға Раббыларына бой ұсынып, құлшылық етудің қажеттілігі жан-жақты ескертілуде. Бірақ, дүние қызықтарына алданып, соларға бастары байланып қалған кейбір жандардың Алла Тағалаға құлшылық етуге мүлде ықыластары жоқ. Сондықтан да олар түрлі уәждер айта отырып құлшылық етуден бастарын аршып алмақ болуда. Осындай жандардың кейбіреуілері «мен құдайға сенемін» дейді де, сонысымен өзінің Алла Тағаланың алдындағы бар парыздарынан құтылғандай сезінеді. Бірақ, шындығына келгенде «сенемін» деген сөздің салмағы ауыр. Өйткені, сенумен адамның Алланың алдындағы бар міндеті бітпейді. Керісінше, сену адам үшін орындауға тиісті діни міндеттерінің бастауы болып табылады. Бұл міндеттердің іші…

-5
0
1021

Құрбаншыл ерлер болмаса

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! Алла Тағала халқымызды қашанда «елім» деп елжіреген ет-жүрегінің ырқымен халқының жоғын жоқтаған, елінің төбесіне бұлт үйірілген шақтарда бір себім тисе екен деп тыным таппай аласұрған ерлерден кенде қылып көрмеген. Ауық-ауық басынан бағы тайып, кең даласына тарыдай шашылып кетіп отыратын көшпенді елді қан-жоса етіп қырғызып алмай, елді-ел, жерді-жер етіп ұстап тұру қай заманда да оңай болмаған. Осындай қысталаң кезеңдерде санасы сансырап, жүрегі қансыраған талай ерлер «қасқалдақтай қандарын, бозторғайдай жандарын» аямай құрбандық болып шалынып отырмаса қазақтың қазақ болып осы күнге жетуі неғайбіл еді. Жер бетіндегі қанша ұлттар сөзін сөйлеп, сойылын соғар дара туған ұлдарға зар болып еңселерін тіктей алмай өзгелерге еселері кетіп жүр.…

-5
0
1188