Мазмұнға өту

Жаңа

Интернетсіз күні жоқ...

Бүгінде ғаламтор күнделікті тұрмыстың қажетіне айналды. Іздегеніңді дер кезінде тауып, көрсетіп беретін интернеттің пайдасы ұшан-теңіз. Алайда адамзатқа тигізер зияны да аз емес. Бұл енді бөлек әңгімеге тиек болар тақырып. Жақында американдық ғалымдар өте қызықты, әрі өзекті зерттеу жүргізді. Оған ғаламторда жиі отыратын, әлеуметтік желілер мен басқа да сайттарда уақытының көп бөлігін өткізетін 4000 адам (50% ер адамдар, 50% әйел адамдар)қатысты. Қатысушыларға мынадай сұрақ қойылды: Егер сіздің еліңізде ғаламторға кіруге тыйым салса, не істер едіңіз? Алынған нәтижелер ғалымдарды ойлануға мәжбүр етті. Жауап берушілердің 67% тұрғылықты жерін тастап, интернетке кіру мүмкіндігі бар елге көшіп кетуге қарсы еместіктерін айтқан. Көріп отырғаныңыздай, патриоттық сезім олар үшін екінші орынға оп-о…

0
0
1316

«Эрин Брокович». Көркем фильм (АҚШ, 2000 ж.)

Үш балалы, жалғызбасты әйел Эрин Брокович күндердің күнінде өмірін өзгертетін мүмкіндік туғанға дейін бірқалыпты өмір сүріп жатқан. Оның сұлулығы тағдырын өзгертуге мұрындық болғанда, Эрин бұл мүмкіндікті қалт жібермеді.

0
0
205

Өмірді ұзартатын тәсіл табылды

Әлемде сағат, тіпті минут сайын неше түрлі жаңалықтар болып жатады. Технологияның дамығаны сонша, өлген адамды тірілтетін дәрежеге жеткен. Ғаламтор желісіндегі LivesOn жобасының ертеректегі ұраны: «Құдай жоқ, ал сервер бар. Өмірден өткеннен кейін де тірі бол» деп айқайлап тұрады. Бір таңқаларлығы, LivesOn мұндай «ұсынысты» екінші болып ұсынды. 2012 жылдың қаңтар айында DeadSocial желісі өз қолданушыларына мақала, хаттарды алдын-ала сақтауға кеңес берген-ді. Содан соң адамдарға өлгеннен кейін Фейсбук пен Туиттерде біртіндеп олардың хабарламалары жарық көретінін айтқан. LivesOn алгоритмі қолданушының тірі кезінде интернетті «жортып», адамның жиі айтатын сөздері мен әлеуметтік желілерде өзін ұстау әдеті бойынша ақпараттар жинайды. Бұл сіз қайтыс болғаннан кейін достарыңыздың «парақшаларына»…

0
0
565

«Сыр-сұхбат».

«Сыр-сұхбаттың» қонағы - Жазушылар одағының мүшесі, Президент стипендиясы мен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, қауырсын қалам мен қара домбыраны қатар ұстап, «Жетісудың желмаясы» атанған белгілі ақын Есенқұл Жақыпбек.

0
0
294

«Батып бара жатқан адамды құтқарам деп, басыңыз бәлеге қалмасын»

Әдетте, «әннің де есері мен естісі бар» деп айтып келсек, енді, бұл теңеу заңды да «іліп» әкеткен сыңайлы. Иә, Әлемде талай қызық бар. Сол қызықтардың бірі – жер бетіндегі түрлі мемлекеттердің «ақымақ» заңдары. Дегенмен, кейбір «ақымақ» заңдардың тиімді тұстары барын ескеру де қажет. Мысалы, Канаданың радиосында шырқалатын әрбір бесінші әнді міндетті түрде канадалық азамат орындауы тиіс. Сол себепті, эфирде Селин Дион мен Брайан Адамстың әндері жиі орындалады. Ал, бізде қазақ эстрадасының әншілері жаңа әндерін радио арқылы үгіттеу үшін қыруар қаржы жұмсайтыны жасырын емес. Керісінше, батыстың танымал поп жұлдыздарының әндерін еліміздің радио толқындары үздіксіз айналдырады. Ал, Канаданың Квебек провинциясында маңдайша жазулардың барлығы француз тілінде жазылуы керек. Егер ағылшын тілінде…

0
0
589

Рүстем Жүгінісов: «Арманым — Қазақстанның халық әртісі болу»

Өнерлі өрге жүзер деген. Алты жасынан бастап қасиетті сахна төрінде ән айтып, талай тыңдармандардың құлақ құрышын қандырып жүрген жас әнші, халықаралық байқаулардың лауреаты Рүстем Жүгінісов жақында өзінің жеке концертін берді. Он сегізге енді аяқ басқан Рүстем Қазақстандағы өзінің ән кешін берген ең жас әнші. Жақында әншімен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Туған жерің, өскен ортаң туралы қысқаша айтып берсең... Мен Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 1995 жылы дүниеге келдім. 2000 жылы ел ордасы Астанамызға қоныстандық. Өнерім Астанамызбен бірге өсіп келеді. Анаңыздың елге танымал өнер адамы екенін білеміз. Сенің әнші болуыңа сол кісінің әсер-ықпалы болды ма? Анам Қ. Қуанышбаев атындағы академиялық драма театрының әртісі. Мені әлпештеп, ардақтап өнерге жол көрсеткен менің анам және ұст…

0
0
1795

Жолдарың болсын, жас ұландар!

Aстанада армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебін бітірушілердің оқу орнымен қоштасу салтанаты болып өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министьрлігі Білім және ғылым департаменті басшылығының өкілдері, ұландардың ата-аналары, Қарулы Күштер ардагерлері қатысты. 2013 жылғы түлектер ҰБТ тапсыру кезінде жоғары нәтижелер көрсетті. Орташа көрсеткіш 82 баллды құрады. Бұл көрсеткіш республиканың басқа әскери мектептерімен салыстырғанда жоғары деңгейде екендігін атап өткен жөн. Биыл республикалық «Жас ұлан» мектебін 55 тәрбиеленуші бітірді. Олардың 45-і жоғары әскери оқу орындарына баруға шешім қабылдады. Бұл көрсеткіш мектеп басшылығы мен оқытушылар құрамының әскери-кәсіби бағытта балаларға білім берудегі өздерінің негізгі тапсырмаларын…

0
0
581