ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Испания қорғаныс министрі Қазақстан армиясына жоғары баға берді

Испания Корольдігінің Қорғаныс министрі Педро Моренес Эулате: Бұл менің Қазақстанға тұңғыш сапарым және Испания Қорғаныс министрінің осы елге тұңғыш сапары. Қазақстан Испания арасындағы қарым-қатынас бүгін ғана қалыптастып отырған жоқ, Испания Қазақстанға оның міндеттері мен бастамаларына әрқашан қолдау көрсетіп келеді және біз бұл қарым-қатынастарды осы өңірде тұрақтылықты сақтаудағы маңызды мәселе деп санаймыз. Бұл табысты қарым-қатынас президент Назарбаев пен Испания королі Хуан Карлос І арасындағы өте жақсы достықтың арқасында қалыптасып отыр. Мен бұл елдің соңғы жылдар ішіндегі дамуынан үлкен әсер алдым және Қазақстан осы өңірдегі көрші елдер үшін үлгі әрі қозаушы күш бола алады деп санаймын. Мен Мадридте президент Назарбаевтың Испанияға ресми сапары кезінде Министр Жақсыбековпен танысу мәртебесіне ие болған едім және дәл сол кезде оған осында келуге уәде бердім. Біздің ынтымақтастық аясында Қарулы Күшитерден бөлек қорғаныс-өнеркәсіптік кешенде де түйісетін тұстарымыз өте көп болмақ. Сонымен бірге Министр Жақсыбеков атап өткендей мен де әскери білім саласындағы ынтымақтастықтың да маңызы өте зор. Біз айтқандай, біз Қазақстандағы оқу-жаттығуларға бақалаушыларды жіберіп, қазақстандық офицерлерге Испанияда білім алу мүмкіндігі ұсынылатын болады. Мен осы ақжарқын қабылдауларыңыз үшін Сізге және сіздің ведомствоға алғыс білдіргім келеді. Сондай-ақ, Сізді десантшылар бригадасының жұмысымен құттықтағым келеді, мен бүгін оларға барып, үлкен әсер алдым және осы сапар болашақ сапарлардың бастамасы болады деген үміттемін.