Жолдарың болсын, жас ұландар!
Aстанада армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас ұлан» мектебін бітірушілердің оқу орнымен қоштасу салтанаты болып өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министьрлігі Білім және ғылым департаменті басшылығының өкілдері, ұландардың ата-аналары, Қарулы Күштер ардагерлері қатысты. 2013 жылғы түлектер ҰБТ тапсыру кезінде жоғары нәтижелер көрсетті. Орташа көрсеткіш 82 баллды құрады. Бұл көрсеткіш республиканың басқа әскери мектептерімен салыстырғанда жоғары деңгейде екендігін атап өткен жөн. Биыл республикалық «Жас ұлан» мектебін 55 тәрбиеленуші бітірді. Олардың 45-і жоғары әскери оқу орындарына баруға шешім қабылдады. Бұл көрсеткіш мектеп басшылығы мен оқытушылар құрамының әскери-кәсіби бағытта балаларға білім берудегі өздерінің негізгі тапсырмаларын…