Тікелей эфир

Міржақып Дулатов: «Жазу тәртібі»

«Екпін» жобасы «Алаш» айдарында «Айқап» журналының беттерінде жарық көрген мәдениет, әдебиет, тіл және жастар жайында жарияланған мақалалар тізімін жасап, былтырғы жылдың күзінен бастап оқырмандарымен бөлісіп жатыр. Бүгінгі материалда 1912 жылы жарық көрген Міржақып Дулатовтың мақаласын ұсынамыз.

Жазу тәртібі

«Айқаптың» 4-5 нөмірлерінде Ахмет Байтұрсынов қазақша жазуға тәртіп көрестіп, оқушылардың сынына салған, көпшілік ұнатса, сол тәртіппен әліппе бастырмақшы екен. Жазуды тәртіпке салу деген оңай емес. «Оқушылар сынасын» дегенде әркім басына келгенін жазатұғын болса, еш уақытта ойды бір жерге қортып болмайды, бұл туралы сынаушылар да байқап жазарға керек. Әркімнің ізіне түсіп қуған, үйренген бір ісі болады. Сол ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер оқу оқытуды машықтап, ол оқытудың һәм оқытқан нәрселерінің, асыл тәртібін, түп негізін анық білетін кісілер жазу хақында өз пікірлерін түсінікті етіп жазса, сынаушы деп соларға айтуға жарайды. Құр шала естіген яки өзінің көзі үйренгеннен басқаның бәрі де теріс деп білушілер сынайтын болса, біреу түгіл, тоқсан тоғыз тәртіпке де табан тоқтату қиын.

«Айқаптың» 6 нөмірінде Ш.Жияшов деген кісі Ахмет Байтұрсыновтың жазу тәртібін тіпті басқаша түсінген, дұрыс айтқанда түсінбеген. Ол кісінің жазғаны № 7 тамам болмаса да сондағы жазғандарынан-ақ бұл мәселеге нешік қарауы байқалады. Бұл кісі Ахмет Байтұрсыновтың жазу тәртібінің дұрыс, терісін өз алдына тексеруден бұрын ноғайлардың әліппе жазушыларынан басқа жол іздегені үшін қатты ренжіген. Ахмет Байтұрсыновтың ноғай жазушыларын жатырқағандықтан емес, қазақ тілінде қанша дыбыс болса, сонша белгі көрсетіп, артық хәріптерді кеміткен. Соныменен қазақша жазу-оқуды оңайлатқан. Сынаушы да осы арасын көздерге керек. Ахмет Байтұрсыновтың бұл көрсеткенінде жаңа тәртіп, ноғайлардың «ұсұл жәдит»... жаңа тәртіп деген сөз, екеуінің де көздеген мақсаты бір. Қазақтың оқығандары қазақ балаларын өз тілінде үйрету үшін жеңілдікті басқа ретпен тапса, ноғай жазушылары өкпелер ме екен?!

Жияшовтың бұл күнгі қолданып тұрған ноғай әліппелерінің кемшілігі жоқ, соның үшін оған «ұсұл жәдит» яғни звуковой метод пенен оқыту ноғайлар арасына кіргеніне көп заман өткен жоқ.

Наху Сәріф кітаптары соңғы бір-екі жылдың ішінде ғана көріне бастады, ноғай сөздерінде де бағзы дыбыстардың өзіне арнаған белгілері жоқ екені мағұлым. Біз өз ісімізді басқаралық. Қазіргі әліппелерін, оқу кітаптарын тәртіпсіз көшірушілер ноғайлардың өз арасында жоқ емес, бар. Мысалы, Қазанда учитель Әбуәлханов шығарған «Ұсұл жәдитке» қарсы бірінші адым деген рсәләләр (әңгіме С.Д) секілді Жияшов Ахмет Байтұрсыновтың хәріптеріне дауысты, дауыссызға бөлуін де қатеге санап, 28 хәріптің бәрін де жарты дауысты дейді. Бұл еш уақытта естілмеген жаңа хабар. Керек мұсылманша, керек орысша оқығандарды құрметті Жияшов сол хәріптердің бәрі де жарты дауысты, арасында дауысты һәм дауыссыздары жоқ екендігіне сендіріп болғанша мен өзім сенбей тұрам.

Ахмет Байтұрсыновтың тәртібінше қазақ тіліндегі әрбір дыбыстың өзіне арналған хәрпі бар. Ол хәріптерменен не айтылса, соны жазуға, не жазылса соны оқуға болады. Орыс жазуында ё — менен е-нің дыбысы бір, жазылатын орындары басқа болғандықтан жалғыз әріп үшін емтихан уақытында қанша балалар ғазап шегеді! Бір хәріптің орынсыз артық жүргендігінен мұндай қиыншылық болғанда 14 хәріп артық жүрген қазақ жазуында қалайша шатақ болмасын.

Жияшовтың: «Бірге қозғалалық... түрік балалары... һәди махсудының әліппесі Гаспринскийдің төте жолын Үндістан мұсылмандарына да қабыл қылды...» деген сөзінен («Айқаптың» № 7 қалған сөзінің ақырын оқып көрсем де) біздің қазақтарда түрік балаларының осы күнгі қолданып келе жатқан жазу тәртібінше болуын мәслихат көретіндігін түсінемін. Бұл секілді пікірлерменен бұрын да азырақ таныстығым бар. Дұрыс, түрік баласы екендігіміз рас, береке-бірлікте екені де рас. Бірақ жеңілдік үшін әліппенің біріне хәрпін өзгертумен түрік қауымынан шығып қаламыз ба? Онан дін, дүниеге қарасымыз өзгере ме? Қайта, қалың түрік тұқымының бір тарауы болған қазақ жұрты өзінің тұқымдастарынан кейін қалмасқа тырысып, оларменен аяғын тең басуға тағы да төтерек жол тауып, ілгері ұмтылғаны қуаныш емес пе? Бұрынғыдай кемшілігімізді көрмей, қатемізді түземей, құр «біз де түрік баласымыз» деп атаның әруағына сүйенумен қазіргі өнер-білімнің қызу заманында бәйгеге қосыла аламыз ба? Егер жазу тәртібі Ахмет Байтұрсыновтың көрсетуінше болса, түрік, татар, араб, парсы жазуларын оқуға болмай ма? Әбтейі мектепте шет тілдері өзі де оқылмайды. Қазақша әбтейі мектепті бітірген шәкірт ноғайлардың орта мектептеріне түспекші яки арабша, парсыша оқымақшы болса, Қазақ әліппесіндегі жоқ 5-10 хәріпті екі-үш сабақта үйреніп білуге болады. Және де 3-4 жылдай белгілі тәртіпте қазақша оқып, жазып үйренген соң, әлгі соңынан таныс болған хәріптерді қазақ тіліндегі сөздерге бұрынғыдай қатынастырмайды.

Ахмет Байтұрсыновтың жазу тәртібін ұнатқанымнан басқа қосарым мынау: «қазақ әліппесіне ф, х-да кірсе екен деймін. Таза қазақ сөзінде болмаса да қазақ тіліне кірген араб, парсы сөздерінде һәм: «Ахмет, Мұхамеджан, Фазыл...» деген секілді қазақ аттарында бұл екі хәріп көп ұшырайды. Ф мен х әліппеге кіргенменен жазу тәртібіне қиыншылық келтірмейді. Естілуінде де, жазылуында да бұлардың айыра алмастай ұйқас хәріптер жоқ. Жазу тәртібі хақында оқығандар (әсіресе мұғалімдер) шабандамай тезірек пікірлерін білдірсе екен. Ұнатпағандары себебін көрсетіп, ұнатқандары қосары болмаса да ашық хатпен ұнатқандығын блдірсе, «Айқап» олардың кімдер екенін басып тұрар еді.

Азамат Алашұлы, «Айқап», 1912, №8

Міржақып Дулатов (1885-1935) — ақын, жазушы, журналист, ағартушы-педагог. Ауылдық мектептен орыс және қазақ тілінде оқып, Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Алғашқы өлеңі мен мақаласы 1907 жылы Петербургте шыққан «Серке» газетінде жарияланған. «Айқап» журналында басылған мақалалары, әңгімелері мен өлеңдері: «Ай астында еш нәрсе басқарылмай тұрмақ емес», «Государственный Дума һәм қазақ», «Екі қыздың мұңы», «Хан Абылай», «Жиһангер Николай Степнов (Әліби Жангелдин), «Қазақ халқының бас азаматтарына», «Жазу тәртібі», «Эсперанто тілі», «Айқапқа», «Қапастағы ұрының мінәжаті», «Шаттық» т.б.

________________________________________________________________________

«Алаш» айдарында жарияланған ұқсас мақалалар:

Есенғали Қасаболатов: «Қазақ жастарына»

Ахмет Байтұрсынов: «Аз уақытта көп білу жолының басы»

Уалиолла Халели: «Тіл сақтаушылық»

Ғұмар Қараш: «Тіл — әдебиет»

Мағжан Жұмабаев: «Дала. Қала.»

Әлихан Бөкейхан: «Ұят-ай»!

«Айқап» журналында әйел теңсіздігі мәселесі

«Айқап»: «Қазаққа алалық қайдан келді»?

Мұстафа Шоқайдың Әбубәкір Диваев туралы мақаласы

Л.Толстойдан: «Жұмыртқадай бидай»

Әлихан Бөкейхан: Дін таласы

«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы туралы материалдар

«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы тақырыбында

«Қазақ» газеті: «Соғыс һәм қымыз мәселесі»

«Айқап»: Топырағымыз алтын

«Айқап»: Қазақ шежіресі

 

Алия Arsik
28 мамыр 2013, 12:10
7987

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Күшті күшті! Кеше ғана Міржақып туралы видео коре бастағам! www.youtube.com
Менің сүйікті рубрикам! Рахмет :)

Кейбір терминдерді тексеріп көріңізші. Мүмкін қате, мүмкін қазақша солай дұрыс

"Наху Сәфір" - Наху Сарф (Сарф - Морфология, Наху - Синтаксис)
"һәди махсудының әліппесі" - бұл адамның аты. Татар ағартушысы Ахмад Хади Мақсуди (Махсуди)
"рсәләләр" - рисәләләр
Arsik
0
0
сілтеме үшін рахмет. терминдерді тағы бір рет қарап шығамыз.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 8033
  • 14
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4021
  • 12
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2789
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2758
  • 91
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 2226
  • 35
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2786
  • 1
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 2181
  • 33
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1946
  • 13
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот для госслужащих?!
WriterKz
вчера / 0:41