Мазмұнға өту

Жаңа

Үй салу 5, шығындары

Бір мекемемен келістім - бір шаршы метірге 90 доллар жұмысына алады. Жалпы жұмысы 21 000 доллар болды. Жеріміз тегіс болмағансон, қазу жұмыстары көп болды. Тағы 3 000 долларға жұмысы өсті (1 қыркүйек 2013). 2 Қазан 2013: қазу жұмыстарына - 90 000 теңге және соған күрек, балта, ұсақ-түйек - 11 400 теңге. Үйдін (9х13) іргетасын салуға кірістік. Іргетастын астына салатын құм-тас араласы (ГПС) бір камаз төктік - 25 000 теңге бағасы. Темір арқау сатып алдық: 14 мм, 5 тонна және 25мм, 5 тонна - 1 600 000 теңге кетті. Жетпеді: тағы 50 000 теңгеге сатып алдық қосымша (1 қыркүйек 2013). Тағы қосымша 5 000 теңгеге сатып алдық (5 қыркүйек 2013). 13 қыркүйек 2013: 14 мм., 6,5 тонна, 107000*6,5=695 500 теңге. 25 мм., 2,5 тонна. 107000*2,5= 267 500 теңге. Сетка 60 дана * 600 теңге = 36 000 теңге. Бетон…

0
0
849

«Сәтті қадам» жобасы — 2

Бүгін Сәтті қадам жобасының екінші кезеңі өтуде. Қазылар алқасының құрамына "Жасыл ел" республикалық штабының жетекшісі Искандер Салиходжаев қосылды. Қазылар алқасының сынағына бірінші түскен қыз жұмысқа қабылданды. Ол отбасынан бұрын карьераны алға қояды екен. Екінші қыз да қазылар алқасының алдында білімін көрсетуге тырысып жатыр. Қазылар әрбір үміткерді қай салаға жіберу керек екенін өздері анықтауда. Ал, кей үміткерлер өздері қайда барғысы келетінін айтуда. Мына қыз бәрін таң қалдырды: ол ұлттық компанияларға емес, мемлекеттік қызметке барғысы келеді екен. Жұмысқа сұраныс бойынша Қазмұнайгаз бен Көлік және коммуникация министрлігі алда. Үміткерлер өз кезектерін күтіп отыр. Сәтті қадам жобасының бағдарламасы Жобаның қатысушысы өз эмоцияларымен бөлісуде. Мына екі жігіт екінші кезеңнен д…

0
0
455

Өткен күннің елесі.

Маңғыстау облысы  Бейнеу ауданының аумағынан 2011 жылы табылған Сам қаласы туралы түсірген фото репортажым. Ахан Оңғар бастаған археологтар тобы 2 ай қазба жұмыстарын жүргізді. 

1
3
2024

Қазақстанның жаңа тұлғалары: Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Максим Лактионовпен сұхбат

Қарағандылық Максим Лактионов ауыр атлетикада келешегі зор спортшылардың бірі.Шілде айында Бішкекте өткен Азия чемпионатында ол үш медальді жеңіп алып, Азияның ең мықты зілтеміршісі атағын иеленді. М.Лактионов Теміртауда туып-өсті, гимназияны бітірді. Биыл ол 18 жасқа толды. Спортшыны өзінің әкесі Геннадий Лактионов жаттықтырады. ҚазАқпарат тілшісінің М.Лактионовпен сұхбатында оның патриоттығы және жетістіктері туралы баяндалады. - Азия чемпионатындағы өзіңнің жеңісіңді Қазақстан елордасы Астананың 15 жылдығына арнағаныңды атап өттің. Сен үшін патриоттық сөзінің мағынасы қандай? - Бірінші кезекте, спортшы үшін патриоттық — өзіңнің Отаныңның, еліңнің намысын қорғап отырғаныңды білгеніңде. Құраманың сапында бола тұра, өз еліңді сүюің керек деп санаймын. Жеңіс тұғырына шыққанда сен Қазақстан…

0
0
587

Боксшы М.Вольнова халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстан боксшысы Марина Вольнова
Тайпэй қаласының ІІІ кубогы бокстан халықаралық турнирінде Қазақстан боксшысы Марина Вольнова жеңімпаз атанды.

Бұл ақпараты ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Байрақты бәсекеде Марина шаршы алаңға үш мәрте көтеріліп, барлық кездесуінде де қарсыластарынан басым түсті. Ал тағы бір боксшымыз Гүлжайна Үбіниязова жартылай финалда қарсыласына 1:2 есебімен ұтылып, қола медальді қанағат тұтты.

Өкінішке орай 48 келі салмақ санатында жұдырықтасқан Дина Елубаева мен 51 келіде шаршы алаңға көтерілген Ақерке Құсайыновалардың бұл бәсекеде жолдары болмады.

15-18 тамыз күндері аралығында өткен Тайпэй қаласының кубогы халықаралық турниріне әлемнің 16 елінен 41 спортшы қатысты.

АСТАНА. ҚазАқпарат — Автор: Марлан Жиембай
0
0
322

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу туралы өтінімді алғашқы болып Алматы берді

2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім қабылдау биылғы жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады, деп хабарлайды Vesti.kz. 16 тамызда Алматыдан Лозаннадағы Халықаралық олимпиада комитетінің штаб-пәтеріне 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім жіберілді. Байқауға қатысудың аталған кезеңінде үміткер ұйымдастыру комитетіне өз қаласының әлеуеті туралы ақпарат беріп, арнайы сауалнама сұрақтарына жауап беруі тиіс. Ең алғаш өтінім берген Алматы болды. Қысқы олимпиаданы өз қаласында өткізуге сондай-ақ Квебек, Львов, Тулуза, Харбин, Мюнхен, Барселона, Краков және Осло ниет білдірді. Алматы қаласы спорт әлеміндегі басты оқиғаны өткізу құқығына осымен үшінші рет таласатын болады. Алғаш рет 80-жылдары 1994 жылғы Олимпиаданы өткізуге өз кандидатурасын ұсынған. Алайда ол жылы бағ…

0
0
566

Сочиде қысқа уақытта қуатты спорттық база құрылып, ол қала мен бүкіл Краснодар өңірінің келбетін айтарлықтай өзгертті — Н.Назарбаев

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің жеке шақыруымен Сочиде болып, жауынгерлік самбодан өткен «Платформа S-70» халықаралық турнирін тамашалады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Бейресми кездесу аясында екі елдің басшылары екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін тағы да талқылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық турнирге қатысушыларға арнаған өз сөзінде Сочиде қысқа уақытта қуатты спорттық база құрылып, қала мен бүкіл Краснодар өңірінің келбетін айтарлықтай өзгерткенін атап өтті. «Платформа S-70» турнирі жеңімпаздары арасында Қазақстанның «Алаш Прайд» жауынгерлік клубының өкілдері Арман Оспанов пен Мурод Хантураев б…

0
0
421

Премьер-лига. ХХІІІ тур қорытындысы

Футболдан ел премьер-лигасының ХХІІІ тур ойындары мәресіне жетті. «Қайрат» өз алаңында «Ертісті» айқын басымдықпен жеңсе, «Тобыл» талдықорғандық «Жетісуден» айласын асырды. Ал қалған қос кездесуде тең нәтиже тіркелді. «Восток» — «Тараз» Қазақстан премьер-лигасында қос ұжым осыған дейін 36 рет кездескен екен. Оның 13-де шығыс қазақстандық команда жеңсе, 7 кездесу тең нәтижеде, 16 кездесуде «Тараз» жеңіске жеткен. Ал алғашқы айналымдағы кездесулерде қос команда да өз алаңдарында бір-бірлерін бір доп айырмасымен жеңген болатын. Кездесудегі алғашқы гол бірінші таймда соғылды. 35 минутта «Восток» сапынан Вячеслав Эрбес мергендігімен танылды. Ал «Тараз» есепті төреші қосқан қосымша уақытта ғана теңестіре алды. 82 минутта алаңға шыққан Обиора Одита командасына 1 ұпай сыйлады. «Восток» (Өскемен)…

0
0
478

«Сәтті қадам» жобасы

Кеше Нұр Отан партиясының ғимаратында "Сәтті қадам" атты жас мамандарды тәжірбиеден өткізу жобасы болды. Онда бірнеше жоғары оқу орындарын аяқтаған жастар ұсыныс тастап, ол құжатттар конкурстан өтіп, іріктелді. Енді іріктеліп алынған жастар "сыналып жатыр" :) Құжаттары конкурстан өткен жігіт мәз :) Мына сұлу қыз Шымкент қаласынан Астанаға келіп, конкурсқа құжаттарын өткізген. Конкурстан өткен құжаттардың иесімен жеке-жеке әңгімелесуде. Мақсаттарын, бағыттарын білу маңызды екені белгілі. "Жас Отан" жастар қанатының Атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, бұл жобаға ұсыныс тастағандардың 60%-дан көбі - заңгерлер мен экономисттер. #сәттіқадам жобасына 394 адам ниет білдіріп, оның ішінде 149-ы қабылданыпты. Бұл іріктеудің басты мақсаты - жастарбың ынтасын арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу,…

0
0
2327

Қыздың қылықты жүрісі қай жүріс?

Аяғын алшаң басып, биік өкшемен әрбір қадамын әзер басқан бойжеткен омақаса құлады. Кенеттен аяқ киімі сыр бергеннен емес, керги басқан қадамы өзгергеннен тайып кетті. Санасында «ешкім маған күлмесе екен» деген ой қылаң беріп, жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мұндай кейіптің түндігі бізге де таныс, дегенмен ойланып қарасақ жүрген жүрісімізге мән беруден қалып барады екенбіз. Тінтуірмен интернет беттерін тінтіп жіберсеңіз, батыс көзғарасындағы жүріс түрлерінің тұтас қаусырып алғанына қанық бола түсесіз. Там-тұмдап қалған тар түсінікпен әдемі жүріске үйрететін арнайы сабақтар жетерлік. Мына сұмдық терапияға назар аударыңыз: «Құрбыларыңызбен бірге жүргенде, жол-жөнекей ер кісіні кезіктіре қалдыңыз делік. Құрбыңыздың жүрісін өзгерткенін байқадыңыз ба? Психологтардың айтуынша, ер адамның көз тас…

6
2
3453