Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жан тану» кеңес беру курсы

Таныс болыңыздар! Ұлттық тәрбиеге негізделген жаңа сайт жарыққа шығуға әзірлікте.
Шетелде әркімнің жеке заңгері, жеке психолог маманы болатыны белгілі. Біздің қоғамда да сондай қызмет көрсетіп көпшілікке психология, педагогика саласында көмек көрсетуге бағыт алған жаңа сайт қызметін бастауда. Сайттың атын «Жан тану» кеңес беру курсы деп аталуының өзі адамның ең бірінші кезекте өзінің жанын танып білуінің маңыздылығын білдіреді.


«Жан тану» кеңес беру курсында кеңес беруші: Кәдешов Әділжан Қуанышұлы

Сайт және курс туралы қысқаша мағлұмат: Аты: «Жан тану» кеңес беру курсы


Алғы сөз. Мына дүниенің уақытша қонағы болып жаралған адамзат баласының өмір сүру жолы мен таңдауы әрқилы. Тірліктің қызығымен алданып, қиындығымен күресе жүріп салтанатқа толы сапардың соңына қалай жеткенін білмей, өкініп өткендер қаншама?! Әрбіріміз ішінде ине шаншар бос орны жоқ көлікке мінген жолаушы тәріздіміз. Жанымыздағы жанды емес, өз қамымызды көбірек ойлап, ыңғайлы орын табуға талпынамыз.
Ислам - қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі діні. Ол адамзатты тек жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйылуға үндейді. Ислам дінінде озбырлық пен кекшілдікке, зұлымдыққа орын жоқ.

Бағыты: Жеке тұлғаның қалауын, іс-әрекеттері мен қылықтарының себептерін, көрген түстерін, қиялдарын зерттеу және кеңес беру, қажетсіз күдіктерден, өзін жазғырудан немесе кінәлаудан, жалған пікірлерден арылту үшін әңгімелесу негізінде рухани демеу беру.

Нәтижесі: Ұлттық тәрбиеге негізделген рухани демеу бере отырып, әңгімелесу және кеңес беру арқылы жанұя, еңбек қатынастары, адам қатынастары, ата-ана мен баланың арасындағы қарым қатынастарда болатын қиындық жағдайлардың алдын алуға болады.

Көрсетілетін қызметтер: Ой бөлісу. Пікірлесу. Сөзін тыңдау. Жан дүниені тануға көмектесу.

0
0
838

Осы тақырып бойынша

«Жан тану» кеңес беру курсы - Yvision.kz