Мазмұнға өту

Жаңа

Бұл жеңіс біздегі футболдың даму дәрежесін байқатты — Ә. Жақсыбеков

Қазақстан Футбол федерациясы президенті Әділбек Жақсыбеков «Шахтер» мен «Селтик» арасындағы кездесуден соң қазақстандық команданы жеңісімен құттықтады деп хабарлайды vesti.kz. «Біз бәріміз бұл жеңісті күттік, бізге жеңіс ауадай қажет еді. Бұл біздің футболдың даму үрдісін дәлелдейді. «Шахтер» «Селтик» сияқты команданы тізе бүктірді. Сіздерге «Селтиктің» кім екендігін айтып түсіндірмей-ақ қояйын», — деді ол. «Біз Азияға ауысар едік, бірақ Чемпиондар лигасы Азияда жоқ, Еуропа лигасы да жоқ. Сондықтан «Селтик» сынды командалар бізге келмес еді. Әрине, бұл жерде жеңістер үлкен еңбекпен келеді. Сіздерден қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Сын айтуға да болады, әрине, бірақ қолдаған да дұрыс», — деп ол команданың деңгейін бағалап өтті. Сонымен қатар «Шахтерді» жеңісімен құттықтауға Қазақстан шай…

0
0
261

Интернет-конференция:«Қазақстан әскерінің заманауи бағыттары»

21 тамыз күні BNews.kz порталының студиясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Бағдат Әбдіқадырұлы Мәйкеевтің қатысуымен «Қазақстан әскерінің заманауи бағыттары» тақырыбында интернет-конференция өтті.

http://youtu.be/iPOwrnjMdX0

0
0
324

Астана: «Has Sanat» өнер галереясы

«Хас Санат» өнер галереясы - Астанадағы жекеменшік галереялардың бірі, сол жақ жағалауда, Министрліктер үйіне қарама-қарсы орналасқан. Үш залдан тұратын галерея келемін деушілер үшін әрқашан ашық. Үлкен залында дәл қазір павлодарлық суретші Александр Бибиннің жұмыстарын тамашалауға болады. Александр Бибин 1939 жылы Павлодар облысының Береговое ауылында дүниеге келеді, екі жасқа толған кезінде ата-анасы репрессияға ұшырап, жетім қалады. Алматыда білім алып, алғашында реставратор қызметін атқарып жүреді. Бибиннің жұмыстарында адамдарды көптеп кездестіруге болады. Жұбайының айтуынша, олардың барлығы суретшінің туған ауылының тұрғындары, күнделікті қасында болғандар. Ал барлық әйел образдарының прототипі суретшінің жұбайы деген пікір де бар. Пияз тазалаушы (Чистящий лук). 1967ж. Кенеп. Май. А…

5
2
2718

Қазақстан УЕФА рейтингінде 34-ші орынға көтерілді

Қарағандылық «Шахтёр» Чемпиондар лигасындағы Шотландия чемпионы «Селтикті» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, еліміз қоржынына елеулі ұпай салды. Енді Қазақстан УЕФА коэффициенттер кестесінде Босния және Герцеговинаны артқа тастап, 34-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бүгінгі таңда қазақстандық клубтар 10,5 ұпай жинады («Шахтёр» — 4 ұпай, «Ақтөбе» — 4 ұпай, «Ертіс» — 2,5 ұпай), қорытынды балл — 2,625. Бұған дейін қазақстандық командалар бір маусымда 2 ұпайдан артық жинап көрмеген болатын.

УЕФА коэффициенттер кестесінде соңғы бес маусымның қорытындысы есепке алынады. Қазір Қазақстан еншісінде 7,750 ұпай бар.

УЕФА коэффициенттер кестесі:

32. Словения — 9,500

33. Молдова — 8,750

34. Қазақстан — 7,750

35. Босния және Герцеговина — 7,500

36. Финляндия — 7,175

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
243

Мария Шарапова тегін өзгертпек

Ресейлік теннисші Мария Шарапова

Ресейлік теннисші Мария Шарапова тегін өзгерту үшін Флорида штатының Жоғарғы сотына өтініш түсірді, деп жазады Baq.kz The Times агенттігінге сілтеме жасап.

Мария Шарапова АҚШ-тың US Open жарысында ресейлік Мария Шугарпова болып кортқа шықпақшы. Sugarpova-теннисшінің өзі ашқан кәмпиттер брендінің атауы. US Open аяқталған соң М.Шарапова бұрынғы тегіне қайта оралмақ.

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
254

Қарағандының «Шахтері» Шотландия чемпионын ұтып кетті, есеп 2:0

Елордадағы «Астана-Арена» стадионында қарағандылық «Шахтер» мен Глазгоның «Селтик» командалары арасында футболдан Чемпиондар лигасының финалдық іріктеу кезеңінің алғашқы матчы өтті. Футболдан Қарағандының «Шахтері» чемпиондар лигасы іріктеуінің плей офф кезеңінде «Селтикті» қабылдап, алғашқы ойында 2:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлады Аламан.kz порталы. «Астана-Арена» стадионына бүкіл кәрі құрлық көз тікті. Бұл матчты жиырмадан астам елдің телеарналары тікелей таратқанын айта кетейік. Ойыннның алғашқы таймында «Селтик» командасы салған жерден шабуылға көшіп, «Шахтер» қақпасына жылдам гол салуға жанталасқан. Тіпті Мокин қақпасының алдын шаңдатты. Қақпашымыз қарсыластарының әр шабуылын қайтарып, жанталасты. Өздері гол саламыз деген оймен жүрген қарсыластарымыз 12-минутта қателесті. Фин…

0
0
495

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Азия ойындарын сәтті бастады

Бұл күндері Қытайдың Нанжин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық теннисшілер сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен. Бүгін «Team Kazakhstan» тәрбиленушілері Әсия Дайыр мен Анастасия Епишева ширек финалға жолдама алу үшін сайысқа түссе, жеке сында қазақстандық теннисші Дмитрий Попко алғашқы айналымда сириялық Карема Алалафтан 6:1,6:2 есебімен басым түсті. Ал бірінші айналымда катарлық Абдулла Алмамоудтан екі сетте де басым түскен тағы бір спортшымыз Роман Хасанов екінші айналымға жолдама алды. Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары ең алғаш рет 2009 жылы Сингапурде өткен болатын. Ағымдағы жылы байрақты бәсеке спорттың 17 түрінен өтеді. Жүлделі орындар үшін 45 елдің спортшылары бақ сынайды. АСТАН…

0
0
330

Олимпиада чемпионы Майя Манеза ұлды болды

Ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Майя Манеза Алматыдағы ауруханалардың бірінде дүниеге ұл әкелді, деп хабарлады спортшының жолдасы Вячеслав Ершовтың сөзінен келтірген Vesti.kz. Майя 20 тамыз күні босанды. Баланың бойының ұзындығы — 50 см, салмағы — 3 килограмм. Ерлі-зайыптылар бірінші балаларының атын Арсений деп қойды. «Бәрі сәтті өтті, Майя мен бала өздерін жақсы сезінеді, біз бақыттымыз!» — деді Ершов. Майя Манеза Қазақстан намысын 2007 жылдан бері қорғап келеді. 2009 және 2010 жылдары ол 53 келіге дейін салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды, сонымен бірге, 2010 жылы Азия ойындарында жеңімпаз болды. 2011 жылы Парижде ол әлемдік біріншіліктің күміс жүлдегері атанса, 2012 жылы Лондонда олимпиада чемпионы атанды. Осы жылдың сәуір айында ол 2006…

0
0
507

Қаржы полициясы Ақмола облысы бойынша Сот актілерін орындау департаментінің жетекшісін қамауға алды

Ағымдағы жылғы 14 тамызда Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Ақмола облысы бойынша Сот актілерін орындау департаментінің жетекшісі Н. Күзенбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 2013 жылғы мамыр-шілде аралығында «Би-Логистикс» АҚ Ақмола филиалының есеп-шотына тәркіленген автокөліктің жалған тасымалдауына ақша аударып, қолма-қол ақшаны қайтару жолымен 100 мың теңге бюджеттік қаражатты ұрлаған деп айыпталуда. 2013 жылғы 17 тамызда Күзенбаевқа қатысты жеке кәсіпкердің мүлкіне салынған тиымды заңсыз алып тастау үшін 1 мың АҚШ долларын пара ретінде алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі күні Күзенбаев сот санкциясымен Көкшетау қаласы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды алынды. Сол күні прокуратура санкциясымен Күзенбаев өз қызметінен…

0
0
344

Дін істері агенттігі діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының бастығы Айнұр Әбдірәсілқызының «Мазар – менің тарихым» атты мақаласы

Шекарасын ата-бабасының мазарымен белгілеген көшпенділер өркениетінің заңды мұрагері ретінде осылай деуге біздің толық негізіміз бар Соңғы жүзжылдықтардағы тарихи тағдыры көп ұлтты, көп конфессиялы мемлекет ретінде қалыптастырған Қазақстан жағдайында дін мен қоғам арасындағы қатынас ең нәзік те шетін мәселелердің бірі болып қала беретіні айқын. Еліміз өз тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап, халықтың идеологиялық бағдары мен рухани-діни келбеті елеулі өзгеріске ұшырады. Діндердің дамуы жаңаша серпін алуымен қатар еліміздің қоғамдық-әлеуметтік өмірінде қайшылықты өзгерістер де орын алды. Бұл мәселеге екі түрлі қырынан назар аударған жөн. Біріншіден, ашық ақпараттық кеңістік пен ашық шекара саясаты тудырмай қоймайтын заңды салдар – Қазақстандағы діни бірлестіктер санының күрт ұлғайып, сан ал…

0
0
741