Тікелей эфир

Сүйікті мекен: Жапония, Фукуока

Әлемдегі ең сүйікті мекеніңіз қандай? Бұл сұраққа әр адам әр түрлі жауап берер: біреулер салтанатты Парижге асықса, біреулер Лондонның жаңбырын армандайды, үшіншісі Бомбейді қызық көрсе, төртіншісі туған ауылын сағынып отырады. «Екпін» жобасы жазғы демалысты пайдаланып, оқырмандарының әлемдегі сүйікті мекендері жайында сұрастырып көрді. Алғашқы кейіпкеріміз: алматылық Токио тұрғыны Жанна Карчиганова.

Жапониядағы ең сүйікті қалам - Фукуока қаласы. Алғаш Жапонияға келгенде бұл қалада бір жылдай тұрдым, сондықтан Жапониядағы туған жерім дей аламын.

Фукуока транспорт жүйесі көбіне автобустарға бағынышты. Себебі метро жүйесі аса дамымаған. Бірақ бір кереметі, қала орталығынан аэропортқа метромен 11 минутта жетуге болады. Мұндай қолайлылықты басқа еш жерден кездестірген емеспін.

Ал автобустары уақытылы жүреді, "Ойбай, пробка болып, бір сағат кешікті" дегенді естіген емеспін. Жалпы Жапонияда автобустар белгіленген уақыты бойынша жүреді. Бір индонезиялық құрбымның сөзі әлі есімде: "Кеше универден шығып, автобусты күттім, белгіленген уақытында келсем де автобус жоқ, бұл неге деп бес минуттай күттім, соған қайда жүр, сонша кешігіп деп ішімнен ашуланып қоямын. Сосын бір кезде өз елім есіме түсіп, біздің елде автобус қашан келетінін бір Алла ғана біледі ғой, осы адам деген жақсы нәрсеге тез үйренеді екен. Бес минут кешіккеніне кәдімгідей таусылып қоямын, ал Индонезияда болсыншы, біздің елде автобусқа аяғы ауыр әйелдерге мінуге қорқынышты", сол кезде оның аяғы ауыр болған.

Жапонияда әр қалада автобус жүйесі әрқалай. Бірақ ең қолайлысы Фукуока мен Токио сияқты, себебі алдыңғы мониторда келесі аялдама атауы жапонша, сосын ағылшынша көрінеді, сосын екі тілде айтылады. Барлық жерде ондай емес, кейде жүргізушінің өзі айтып жатады, ондайда жапонша білсең ғана түсінесің ғой. Шетелдіктер үшін қолайсыз боп жатады.

Фукуока автобустарында тағы бір жақсы нәрсе - студенттер мен қарттарға арналған айлық билеттер. 3 айлық билет қазіргі курс бойынша шамамен 200 доллардай тұратын, доллар бағамы әрине өзгере береді, сол үшін біздің ақшаға салғанда әр түрлі келеді, бірақ жол ақысы сол үш айға 17-18 мың йен. Осы айлық билеттің арқасында Фукуоканың әр түрлі жерлерін көруге мүмкіндік болды. Кейде адасып, неше түрлі жерлерге барған да кездер болды.

Жапонияда елдер автобус болсын, метро болсын, кезекпен кіреді, бір-бірін таптамайды

Ауа райы туралы айтар болсам, әрине, қысы Токиоға қарағанада суығырақ. Себебі Жапон теңізі жағалауында орналасқан, есесіне Кореяға жақын, Пусанға катерлер жүреді, әрі бері 250$ барып қайтуға болады. Осы теңіздің жағажайында қыдырғанды жақсы көруші едім. Фукуокаға жолым түскенде міндетті түрде сол жерге барғанды жақсы көремін. Жазда елдер суға түсе ме, шынымды айтсам, онысы есімде жоқ. Өйткені мен көбіне шомылмайтын кезде қыдыратынмын.

Бұл жағажай толықтай теңізден жаулап алған аймақ. Тіпті менің жатақханам орналасқан жер де теңізден жаулап алған жерде салынған болатын.

Жағажайда әр түрлі сауда орындары және той өткізетін жерлер бар, шіркеу демесек, дизайны сондай арнайы жерлерде жастар үйлену церемониясын өткізіп жатады.
Тіпті Фукуока тауэр (бұл қаланың бәйтерегі) жағажайға жақын жерде.

Фукуока тауэр жаңа жыл қарсаңында, турасында кристмас қарсаңында осылай безендірілген болатын

Ал жай кездегі түрі осы

Осы маңайда қалалық кітапхана да орналасқан, бірде тіпті Шыңғыс Айтматовтың кітаптарын тапқан едім.

Осы ауданда тағы бір қызықты нәрсе - sky dream Fukuoka, қаланы тамашалауға болатын аттракцион, биіктігі Лондон айдан кейінгі орында болуы керек.


Қала орталығы: Тенджин ауданы шоппингтің орталығы, іздегеннің бәрін табуға болады. Мен ол кезде университеттің шетелдік студенттерге арналған жатақханасында тұрдым. Тенджинге шамамен 15-20 минутта баратынбыз.

Орталықта тағы бір қызық жер - Канал сити дер едім, архитектуралық ансамблі қызық. Ішінде кинотеатр, театр, тіпті қонақ үйлер бар.

Мен тұрған көпірдің сол жағында қонақ үй, оң жағында сауда орталығы. Ортасында фонтан, жарты сағат сайын музыкаға ұштасып су бұрқақтары атқылайды.


Осы су бұрқақтардың маңында жыл мезгіліне сай композициялар ойнайды: қыста кристмас тақырыбы, жазда гүлдер, т.б. Сосын шағын концерттер мен көрсетілімдер болып жатады. Бір барғанымызда цирк өнерінен көрсетілім болды.

Орталыққа жақын жерде мен жақсы көретін тағы бір жер бар, ол Оохори паркі. Бірнеше парк қатарынан орналасқанын ескерсек, жасыл аймақ өте үлкен жерді алып жатыр. Елдер көктемде сакура көруге, ал жазда фейерверк көруге жиналады. Ал мен үшін жәй әдемі жер.

Фукуокада бармасқа болмайтын тағы бір жер ол Ноко аралы. Пароммен жиырма минуттық жер. Одан автобуспен он минутта Ноко паркіне жетуге болады, мұнда жыл он екі ай әр түрлі гүлдер өседі, жоғарыда айтып өткенімдей қысы суық, дегенмен де біздегідей, әрине, қарлы қыс емес, сондықтан парктері қай мезгілде барса да керемет.

Бұл көктемде сакура мен рапс гүлдеген кез

Жапонияның көптеген қалаларында болдым, осыған дейін Фукуока, Нагасаки, Кагошима қалаларында тұрдым, қазір Токиода тұрамын. Бірақ бәрібір мен үшін Фукуока ерекше ыстық қала.

Ал сіздің сүйікті мекеніңіз қай жерде?

Алия Arsik
4 шілде 2013, 13:48
5005

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Arsik
0
0
Фукуока Пусанмен ұқсас, бірақ одан жақсырақ сияқты көрінді)))
Пусанға қарағанда әдемірек әрі таза:) есесіне Пусан арзан:))))
Arsik
0
0
ой, Пусан арзан емес қой :)) мүлдем арзан емес меніңше))

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38523
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
вчера / 14:43
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1833
  • 2
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
вчера / 17:13
  • 1543
  • 1
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1382
  • 6
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
вчера / 12:23
  • 1293
  • 1