Мазмұнға өту
TURAN

Аскар Беков

@TURAN

Сайтта 2009 ж. 7 шілдеКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

11

тіркелуші

2

жазылымдар

13

ЖЫЛАҒАН АТА мен КЕЛІНШЕКТАУ. Аңыз толқынында.

Қазақты қазақы кейіпте көргіңіз келсе Оңтүстік Қазақстанға барыңыз! Қолынан кетпені, қорасынан төлі үзілмеген, ата дәстүрін дәріптеп, тілін сындырмаған арда қазақ осында. Тіпті бабадан қалған қасиетті мекендерін де қастерлеуді еш ұмытпайды. Ал олардың санынан шатасып жаңыласын. Әр тасының өзі тарихтан сыр шертіп тұрған аймақты білмек ниетте біз өткен жылы Жылаған атаның жұмбақ сарқырамасын тамашалауды жөн санап жолға шыққанбыз. ▲ Сапарымыздың тізгінін ұстаушы Сапарбай Парманқұлов ғұмырын тас пен таудың қасиетін қағазға түсіруге арнаған. Түркістан қайдасың деген біздің арынымызды тоқтатып алдымен жол бойындағы Келіншектауды көріп қайтуға келістірді. Қош. Жақсыны көрмекке деп Шолаққорғанды бетке алдық. ▲ Алматыдан Созаққа жету мұң. Созылып жеткенше діңкең таусылады. Біз Тараздан Саудакент а…

0
0
4471

Көккөл – Лох Несс аңызының айнасы ма?

«Көлден тұншыға шыққан мақұлықтың үні, жаңғыра сай саланы кезіп барып әрең басылады. О тоба, Шотландиядағы ғажайып Несси көз алдымнан жүгіріп, жо-жоқ ұшып, бәлкім елес боп зулай өткен болар...». Бұл жолдар Меркілік қарапайым ұстаз Анатолий Печерскийдің қойын дәптеріне түртіліп, кейін Сапарбай Парманқұловтың «Жұмбақ сарқырама» кітабында жарыққа шыққан әңгімеден үзінді. Кітапты оқып-ап түрлі қиял ойлар естен кетер емес. Па шіркін, ғылымға беймәлім аждаһа шынымен-ақ Меркінің тау-тасы мен өзен-көлдерін жағалап, талай шопанның иманын алды ма екен? Әлде көлдің тұңғиығында жатып-ап, адамзаттың қаперінен аулақ болуды ойлады ма? Қайткен күнде де оның ақырған дауысы талай жанның жадында сақталғаны мәлім. Мың естігеннен бір көрген артық. Араға жыл салып міне бүгін Әулие көлді көрудің сәті түсті. – К…

7
6
7204

Сырлы Ыстамбұл

Жаз... Кезекті еңбек демалысы. Қыр төсіндегі қазақты қайдам, қаланың адамы қалт еткеннен-ақ демалудың қамын күйттейтіні анық. Әлемнің әр елі жаһанданған сайын құрлықтардың арасы қадаммен өлшейтіндей кейіпке еніп барады. Бұл дегеніңіз, әсіресе қызық іздеген, жанына дауа аңсаған адам үшін қолайлы жағдай. Рас, әрненің шегі әмиянға барып тіреледі... Қазіргі кезеңде қазақстандықтардың қалтасы көтеретін демалыс орындарының бірегейі – Түркияның жағажайлары. Ендеше, бүгінгі Түркия қазақстандық саяхатшыларды қандай ерекшелігімен баурап ала алатынына көз жеткізіп қайту мақсатында біз Ыстамбұл қаласына 3-4 күндік сапарға аттандық... Сонымен Ыстамбұл. Айы оңынан туған, жер-жаһандағы көне шаһарлардың бірі. Кезіндегі рим, византия, осман империяларының астанасы. 2010 жылы Еуропаның мәдени астанасы атан…

0
0
2218