Мазмұнға өту

Жаңа

Маңғыстауда африкалық түйеқұстар пайда болды

Тауық пен үйрекке қарағанда түйеқұстың машақаты аз. Азамат Оразбаев «ерекше құстарды  асырауға не түрткі болды?» деген сауалға осылай жауап қатты. Мыналар – екі айлық балапандар. Бірақ олар тез жетіледі. Тәулігіне бір сантиметрге өседі. Ал үлкен түйеқұстардың бойы екі жарым метрге дейін жетеді. Азамат өзінің көптен бері ерекше кәсіппен айналысуды армандағанын айтады. Құстарға күтім көрсету жайлы интернеттен білген ол, балапандарды Алматыдағы түйеқұс қожалығынан  тапсырыспен алдырған.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/08/3126-168/

0
0
352

Қытай трансшекаралық өзендер мәселесінде Қазақстан мүддесіне зиян келетін қадамға бармайды – ҚХР СІМ басшысы

Қытай трансшекаралық өзендер мәселесінде Қазақстан мүддесіне зиян келетін қадамға бармайды.

Бүгін елордада Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулерден кейін Қытай Сыртқы істер министрі Ван И БАҚ өкілдеріне осылай мәлім етті

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/08/3126-167/

0
0
342

Ұлттық спорт түрлеріне фотоэкскурс

Осы үлкен фотосессия барысында жастардың ұлттық спортты сүйетіндері мені қуантты. Көкпар, асық ату, қыз қуу, тоғыз-құмалақты ойнайтын жастар болашақта осы спорттың дамуына үлес қосатынына сенімдімін. Олардың ынтасынан осыны байқадым. Кейбіреулері тіпті жылқының жанында болып, үстіне бір рет міну үшін келеді екен ипподромға. Теңге ілу - ұлттық спорт түрі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Бастысы жерде жатқанды іліп алып кету. Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйгеөзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібексұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде Бәйге ұйымдастырған. Ос…

Қазақстандық әскери қызметшілердің кезекті жеңісі

Беларуссиядағы мергендер жұбы және Қазақстандағы барлау топтары арасында өткен жарыстардағы жеңістерінен соң біздің әскери қызметшілер Ресейден де кезекті жеңіспен оралды. Мәскеу түбіндегі Алабино поселкесінде тұңғыш рет «Танк биатлоны» халықаралық жарысы болып өтті. Жарыс жаңа Т-72Б танкісінде жүргізілді. Жарыс барысында экипаждар 20 км қашықтықты жүріп өтті. Нәтиже олимпиалық биатлондағыдай уақыт пен нысанаға дөп тиюден тұрады. Бірінші орынды 26 минуттық нәтижемен ресейлік танк экипаж иеленді. Екінші орынды 52 секундтық айырмашылықпен Қазақстанның танк экипажы алды. Алайда, бұл екінші орынды маңдай термен келген жеңіс десе болады. Жарыс барысында біздің экипаж командирі жарақат алып, оны дублермен ауыстыруға тура келді. Үшінші және екінші орындарды Беларуссия мен Армения экипаждары бөлі…

0
0
392

Қарағанды облысында спорттың 75 түрі таратылады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында Қазақстанда тіркелген спорттың 110 түрінің 75-і таратылады. «Дәстүр бойынша тамыздың үшінші жексенбісінде біз үлкен спорт мерекесі — Спорт күнін атап өтеміз. Биыл ол мерейтойлы — оныншы», — деп атап өтті өңір басшысы Бауыржан Әбдішев Спорт күніне арналған шара барысында сөйлеген сөзінде. «Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 2 мыңнан астам спорттық нысан бар, оның 1 мыңы — ауылда. Бізде 28 мың тәрбиеленушіні қамтып отырған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерін қоса алғанда, 50-ге жуық спорттық ұйым бар. Қазақстан Республикасында тіркелген спортың 110 түрінің 75-і таратылады», — деді Б.Әбдішев. Онымен бірге, облыста 82 аулалық және 81 дене шынықтыру-сауықтыру клубтары бар. «Білім беру мекемелерінде 60 мың оқушыны қамтып отырған 2 мыңнан астам…

0
0
350

Қарағандылық «Тұлпар» — «LVIV OPEN CUP-2013» халықаралық турнирінің жеңімпазы

Қарағандының шағын-футболдан «Тұлпар»

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қарағандының шағын-футболдан «Тұлпар» командасы «LVIV OPEN CUP-2013» халықаралық турнирінің шешуші матчында Юграның (РФ) «Газпром-Юграсын» 5:4 есебімен жеңді.

Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Әміржан Мұқановтың тәрбиеленушілері бірінші таймның қорытындысы бойынша 1:3 есебімен жеңілді, гол Дугластың еншісінде. Екінші таймда Павел Таку есептегі алшақтықты қысқартқанымен, ресейліктер тағы бір гол сала алды. Дегенмен, екінші голдың авторы атанған Дуглас пен Александр Гребенос ойынды овертаймға ауыстырды. Қосымша уақытта Гребенос «Тұлпарға» жеңіс әкелді.

Турнирдің үшінші орны Львовтың «Энергия» командасына бұйырды.

0
0
326

Головкин мен Стивенс жекпе-жек жөнінде алдын ала келісімге қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат — WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенс жекпе-жекті өткізу жөнінде алдын ала келісімге келді. Айқас ағымдағы жылдың 2 қарашасында өтуі тиіс, деп хабарлайды Boxing.ru. Егер боксшылардың командалары барлық шарттар бойынша келісімге қол жеткізсе, онда Головкин мен Стивенстің кездесуі 2 қараша күні өтетін болады және ол НВО телеарнасында көрсетіледі. Айта кетейік, бастапқыда Стивенстің мүддесіне өкілдік ететін Main Events компаниясы америкалық боксшыға айқас үшін 300 мың доллар көлемінде қаламақы ұсынған Головкиннің промоутері — Том Леффлердің ұсынысынан бас тартқан болатын. Еске салайық, Головкин 30 маусым күні өткен өзінің соңғы жекпе-жегінде британдық Мэттью Маклинді нокаутқа жіберіп, WBA нұсқасы бойынша…

0
0
239

Н.Назарбаев пен В.Путин Сочиде кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирді тамашалады


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин

АСТАНА. ҚазАқпарат — Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Сочиде өткен кәсіби жауынгерлік самбодан халықаралық турнирдің барысын тамашалады.

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарысты «Самбо-70» білім орталығы мен League S-70 ұйымдастырды. Биыл турнирге  Ресей, Қазақстан, Украина, Латвия, Болгария, Австрия, Венесуэла, АҚШ және Оңтүстік Африка Республикасының спортшылары қатысты.

Командалық жарыста Ресей әлем құрамасынан 4:1 есебімен басым түсті. Жолдастық кездесулерде Қазақстан мен Ресей командаларында екі жеңістен бар, бір жеңісті украиналық самбошы қанжығасына байлады.

0
0
410

Шығыс Қазақстан облысы IX Қазақстан чемпионатында ұлттық ат спорты ойындары түрлерінен жеңімпаз атанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — 11-16 тамызда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында өткен IX Қазақстан чемпионатында жастар арасында ұлттық ат спорты ойындары түрлерінен Шығыс Қазақстан облысының командасы 1 орынды иеленді.Жарыс нәтижелерін Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Командалық есепте 1 орынды Шығыс Қазақстан облысы иеленді. Жамбыл облысы — 2 орында, Оңтүстік Қазақстан облысы — 3 орында», — делінген хабарламада. Жарыс төрт ұлттық спорттың түрі бойынша өтті: көкпар, аударыспақ, қыз қуу және теңге ілу. Чемпионатқа Астана және Алматы қалаларынан және 8 облыстан: Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Қарағанды облыстарынан келген командалар қатысты. Жалпы алғанда, 300-ден астам спортшы сайысқа түсті.…

0
0
1226