Тікелей эфир

Сүйікті мекен: Куала Лумпур

Әлемдегі ең сүйікті мекеніңіз қандай? Бұл сұраққа әр адам әр түрлі жауап берер: біреулер салтанатты Парижге асықса, біреулер Лондонның жаңбырын армандайды, үшіншісі Бомбейді қызық көрсе, төртіншісі туған ауылын сағынып отырады. «Екпін» жобасы жазғы демалысты пайдаланып, оқырмандарының әлемдегі сүйікті мекендері жайында сұрастырып көрді.

Садық Шерімбек: Куала Лумпур

Өзім шетелге шыға бастағалы бері Еуропа немесе АҚШ-қа баруды ойланып көрмеппін. Көбінесе Азия елдеріне тартып тұрады. Азия елдерінің ішіндегі ең ұнаған және ең сүйікті болған қала – Куала Лумпур. Малайзия Корольдігінің астанасы!

Қоғам. Шымкенттен алғашқы рет барған кезімде үйрену, әрине, қиын болды. Ол жаққа барған соң, өзіміз қатарлы білім алып жүрген қазақ жастарының қасына орналастым. Жалпы, көпшілік азамат шет елге шыққан кезінде іштей патриоттық максимализммен шығады. Ол жақсы ғой. Бірақ, оған сәл қызбалық қосылса, жағдай қиындау. Бізде кейде көшеде кетіп бара жатқаныңда біреуді байқамай иығыңмен қағып кетсең, жоқ дегенде алара қарап, аяқ жағы төбелеске ұласып жатады. Халық көп жер болған соң ондайлар болады ғой. Біреуді қағасың, біреу сені қағады. Үнді және қытайларды көшеде көрсем, тиіскім келіп, байқамай соғып кететін кездер де болған. Бірақ, ол жақтың халқы ашуға ерік бере бермейді әдетте. Тіпті, сен соғып тұрсаң да, сенен «Sorry! Sorry!» (Кешіріңіз, кешіріңіз!) деп кешірім сұрап кетеді.

Бір қызығы, бірнеше аптадан соң өзім де солай кешірім сұрауға үйреніп қалыппын. Малайзия – біз секілді көпұлтты ел. Оның үстіне ресми түрде Ислам мемлекеті бола тұра, қаншама дін өкілдерін бір шаңырақта ұйытып отырғандары қол соғатын жағдай. Мұнда малай, қытай, үнді, корей ұлттарын өте жиі көресіз. Малайзияда халықаралық тіл – ағылшын тілі. Әдетте баратындардың көбі ағылшын тілін ғана үйреніп, сонымен-ақ жүре береді. Меніңше, бұл дұрыс емес сияқты. Мәселен, бізге шетелден адамдар келіп, қазақ тілін емес, орыс тілін үйреніп жатса, ашуланатынымыз рас. Сол секілді, егер Малайзия еліне барып жатсаңыз, ағылшын тілінен бөлек, белгілі бір уақыт мерзімінде суын ішкен малай ұлтының тілін сол ұлтқа құрмет ретінде үйреніп алсаңыз артықтық етпейді.

Аталмыш айдардың алдыңғы сандарында Жанна досым Фукуоканың жақсы жері – аэропортқа жету 10 минуттай уақытты алады деген екен. Ал, бұл жөнінен Куала Лумпур қаласында - мәселе. Аэропортқа жету қиынның қиыны. Кептелістер болмағанымен, АП қаладан 50 шақырымдай тыс жерде орналасқан. Жалпы, Куала Лумпурдың жолдары теңіз сияқты. Қандай көлікпен жүрсең де, кемеде кетіп бара жатқан сияқты қалқып һәм балқып жүресің.

Өмір сүру. Өмір сүру біздің Алматы және Астана қалаларынан қарағанда арзандау деп айтуға болады. Сондықтан кей жағдайларда Алматыда оқу мен Куала Лумпурда оқудың шығыны бірдей болып жатады. Қыздарды қайдам, бірақ, жігіттер үйде тамақ жасауды ұмыта бастайды. Өйткені, көшеде арзан бағадағы үнді немесе қытай асханалары өте көп. Таңертең жұмысқа яки оқуға кетіп бара жатқан кезіңізде отбасыларымен келіп асханалардан тамақтанып отырған адамдардың көруіңіз ғажап емес.

Білім. Куала Лумпурда жүрген қазақтардың барлығы дерлік оқу мақсатымен барған студенттер. Кей университтерде оқып жатқан қазақстандықтардың саны 500 адамнан ойланбай асып кетеді. Бұл дегеніңіз – біріншіден, білімнің қолжетімділігі болса, екіншіден, Қазақстан азаматтарының Малайзия елінің білім жүйесіне сеніммен қарағандығы болса керек.

Малайзияда аталмыш қазақстандық студенттерден құралған ұйымдар бар. Жиі-жиі жиналып әр түрлі шаралар өткізіп тұрады.

Табиғат. Енді бұл жағынан келгенде бұл елге тең келе қоятын елдер аз шығар. Өзіме қыстан гөрі көктем, жаз уақыттары өте ұнайды. Мұнда жыл он екі ай +30 градус жылы болып тұрады. Қаланың ішінде ағаштар өте көп болғандықтан кейде ыстық ауа райын сезе де бермеймін. Маған әсіресе, мұндағы жаңбырлы мезгіл ұнайды. Сондай уақыттарда балконның есігін сырып тастап, көпқабатты үйдің жоғарғы жағынан сіркіреп жауып жатқан жаңбырдың көрінісіне қарап отырудың өзі керемет сезім ғой.

Жол жүру. Куала Лумпурда қоғамдық көліктердің барлығы дерлік бар. Жалпы, қажетті жеріңізге жету қиындық туғызбайды. Мерзімдік автобустар, Метро, Монорельстер қаланы шыр айналып ытқи береді. Өзім Куала Лумпурда Букит Джалил деген шығынауданда тұрамын. Бұл Куала Лумпурдың орталықтан сәл шеттегі ауданы. Осы уақытқа дейін жол мәселесі туындаған жоқ. Егер орталықта кешке дейін қалып қойсам, кез келген такси үйге дейін алып келіп тастайды. Бағалары да көңілге қонарлық.

Саяхат. Егер бұл қалаға келе қалсаңыз, Куала Лумпурдың өзінде де баратын керемет орындар көп. Бір қызығы, бұлардың әкімшілік ауданы негізгі қаладан бөлек тұрады. Сондықтан, әкімшілік ауданның өзін көріп қайту да бір ғанибет. Сонда әлемге танымал Ханзада мешіті бар. Одан бөлек қаланың ішінде әр түрлі аттракциондар, гольф орталықтары көп. Бірақ, табиғи нәрселер іздесеңіз Batu Caves деген жерді ұсынар едім. Ол жер мыңдаған жылдық тарихы бар, қиын қыстау кезеңдерде жергілікті тайпаларды панасына алған тарихи орын. Қазіргі уақытта оның ішінде кішігірім будда ғибадатханасы бар. Үнділерді жиі көресіз. Маймылдарды да. Егер қаланы тар көріп жатсаңыз, Малайзияның өзінің көптеген туристік аралдары бар. Ұшаққа отыра қалып Langkawi сияқты керемет аралдардың біріне тартып кетсеңіз болады. Яки тарихи жәдігерлерге бай Джоржтаун қаласына барсаңыз да өкінбейсіз. Осылардың барлығына да Куала Лумпур қаласынан арзымаған бағаларға жетіп бара бересіз.

Негізі, көбірек мәлімет беруге де болатын еді. Бірақ, көп естігеннен бір рет көрген жақсы. Ең сүйікті мекенім – өз Отаным. Өз туған жерім Оңтүстік Қазақстан. Мүмкін, Куала Лумпур мен Шымкенттің арасындағы кейбір ыстық ұқсастықтар үшін ұнатып қалған болуым керек. Қайда жүрсек те, қазығымыздың қайда қағылғанын естен шығармауымыз шарт.

Сапарларыңыз сәтті болсын!

Ұқсас материалдар:

Сүйікті мекен: Жапония, Фукуока

Сүйікті мекен: Нью-Йорк


Ал сіздің сүйікті мекеніңіз қай жерде?

Алия Arsik
29 шілде 2013, 13:07
2779

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Мен керсінше онда өмір сүру қиын, қымбатшылық деп көп естуші едім. Сенің жазбаңнан кейін қолжетімді, баруға болатын ел деп топшыладым. Маған да Еуропадан гөрі Азия елдері қатты қызықтырады.
Қызызтыратын мекен, бірақ суреттердің сапасы онша емес

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

Истерический вой, поднявшийся в российских СМИ по поводу перевода казахского языка на латиницу, блогер и публицист из Казани Римзиль Валеев оценил довольно-таки точно, на наш взгляд.
openqazaqstan
18 апр. 2017 / 16:47
  • 32371
  • 239
Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Откуда я знаю, спросите вы? Да очень просто. Голые мужики в сауне могут врать только про баб. Про машины и планы переездов – только по-чесноку. Чего уж скрывать, если все остальное напоказ.
Lesch
17 апр. 2017 / 23:30
  • 6169
  • 23
«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

Пресс-служба ALTEL и Tele2 предоставила ответы на наши вопросы по поводу сервисов, навязываемых ALTEL при наборе кодов проверки баланса от других операторов.
openqazaqstan
17 апр. 2017 / 15:26
  • 4630
  • 20
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3145
  • 10
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2323
  • 17
Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Наводнение в Атбасаре, размытые дороги, подтопленные сёла по всему Центральному и Северному Казахстану... Что происходит?
openqazaqstan
19 апр. 2017 / 15:20
  • 2299
  • 14
Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Когда я пришла в первый раз на работу, слышала как доносятся крики из разных кабинетов. Крики это были не детей, а учителей, которые не могут сдержаться, когда уже все силы иссякли...
teacher1210
19 апр. 2017 / 7:56
  • 2429
  • 61
Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Если хотите жить как все казахстанцы, а казахстанцы в среднем живут очень бедно, то можете продолжать так же жить прежней жизнью, но если вы хотите жить лучше, чем вчера, надо заняться...
noyanovmyras
17 апр. 2017 / 17:02
  • 4679
  • 27