Мазмұнға өту

Жаңа

«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман ойыншы


Зинедин Зидан.

«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман ойыншы Зинедин Зидан. Зиданның жеткен жетістіктері мен алған атақ-беделдерін саралап көрелік.

-Үш дүркін ФИФА ұйғарымымен Әлемнің үздік футболшысы: 1998, 2000, 2003.

-«Алтын допты» алған тұңғыш мұсылман футболшы (1998 жыл).

-Әлем чемпионатында жақсы ойын көрсеткені үшін шағын «Алтын доптың» игері (2006 жыл).

- УЕФА басшылығының анықтауынша соңғы 50 жылдағы үздік футболшы (2004).

-Франция чемпионатындағы ең жас ойыншы (1993 жыл).

-Италияның А Сериясындағы италияндық емес үздік ойыншы (3 мәрте, 1997, 2000, 2001 жылдар).

- Испанияның Ла Лигасында «Don Balon» тұжырымдамасын алған футболшы (1 рет, 2002 жыл).

- Испанияның Ла Лигасында «El Pais» беделді сыйлығын алған ойыншы (1 мәрте, 2002 жыл).

- Франция елінің жыл футбошысы (2 мәрте, 1998, 2002 жылдар).

-УЕФА Чемпиондар Лигасында ең жоғары бағаланған футболшы (2002 жыл).

-УЕФА Чемпиондар Лигасындағы ең үздік жартылай қорғаушы (1998 жыл).

-Әлемнің үздік 100 футболшысының және де «ФИФА 100» деп аталатын таңдаулылар тобына есімі кірген.

- ІҒҒНS футбол тарихы және Халықаралық футбол ұйымының ұйғарымы бойынша ең үздік жартылай қорғаушы (2006 жыл).

-Зинедин Зидан туралы көптеген туындылар жарық көрген. Әдебиет әлемінде неше түрлі кітаптар жарық көріп, оқырманға жол тартты. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.

 
0
0
427

Головкин — әлемдегі ең үздік нокаутер


Қазақстандық Генадий Головкин

Қазақстандық Генадий Головкин The Guardian басылымы жасаған панчерлер (соққысы ең жойқын боксшы) рейтингінде бірінші орында тұр.

Головкиннің нокауттық көрсеткіші — 89,29 пайыз. Екінші орындағы мексикалық Хулио Сеханың (аса жеңіл салмақ) көрсеткіші — 88,46. Нокаутерлер рейтингісінің үшінші сатысында конголық Илунга Макабу (бірінші ауыр салмақ) — 87,50, деп хабарлайды alaman.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин осы жылы төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.

   
0
0
314

Бағаны бағындырудың жолдары қандай?

Күрең күз аяқталып, қылышын сүйретіп қыс келер шақта өңірлерде азық-түлік өнімдерінің бағасы өсіп шыға келетіні бар. Бұл жағымсыз үрдіс жыл сайын қайталанып отырады. Еркін нарықтық қатынастар өз дегенін істеп, спекуляциялық тәсілдердің небір қитұрқы әрекеттеріне куә болып жататынымыз шын.     Павлодар облысының жұртшылығы жуықта құс жұмыртқасының бағасы бір демде шарықтап шыға келгенде «азық-түлік бағасы тағы қымбаттай ма?» деп қатты алаңдаушылық танытқан.

Толығырақ...

   
0
0
555

Қош махаббат «Сеніп едім, өзіңе

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сеніп едім, өзіңе,

Сүйемін деген сөзіңе.

Қараушы едің, көзіме,

Енді кеттің, жөніңе.

 

Айтшы сенем, мен кімге,

Тұрмассың, енді өкпеме?

Білемін байлық, жоқ менде,

Бірақ, ол да қалар, бір күнде.

 

Болғаны ма, махаббат,

Бүгінгі күнде, сатымды?

Қайда сезім, инаббат,

Күйдіріп барады, жанымды?

0
1
497

Келісімшарт әскерін сандармен сөйлетсек

Еліміздегі әскери салаға өзгеріс енгізіліп жатыр. Әскеріміз келісімшарт негізіндегі сарбаздардан құралмақ.

Келісімшарт негізіндегі әскерді жасақтау ісінің қазіргі күйін төмендегі инфографикадан көре аласыз.

Инфографикадағы ақпараттар yvision-дағы жазбалардан құралып алынды. Бұған дейін yvison-да Қазақстан әскерін сандармен өрнектеген azaticus-тың орыс тіліндегі жазбасы да жарияланған еді.

ҚР Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңда әскери қызметке кіретін адамдарға төмендегідей талаптар қойылатыны айтылған:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;

2) курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші емес және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңда белгіленген шектi жасынан бес жас кіші болмауға;

3) әскери лауазымға сәйкес келетін әскери-есептік мамандығы болуға;

4) мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орындарының әскери кафедрасынан оқудан өткен немесе әйелдерді қоспағанда, Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен болуға тиiс.

Екінші тармақтағы шекті жас деп отырғаны - 45 жас. Ал сержанттық құрам үшін бұл - 47 жас.

Тұтастай алғанда еліміздің әрбір азаматына келісімшарт негізінде әскери қызметін өткеруге мүмкіндік те, жағдай да қарастырылып отыр.

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сәкен Жасұзақовтың Қазақстан әскерінің келісімшарт қызметіне өтуіне қатысты берген сұхбатының орысша нұсқасын Альбинаның блогынан, қазақшасын "Айтабер" блогынан оқи аласыз.

0
0
792

«Жігіттерге» 10 жыл!

Фейзбуктағы ойынымыздың жеңімпазы хабарласпаған соң, басқа қатысушыға бұйырды билеттер.

Жігіттер концертіне Твиттерде 2 билет ұтып алған Сейіттің өзі келе алмай, досы алып кетті билетті.

Концертке дейін. Бағланның шашын әрлеп жатыр.

Костюмдары керемет!

Мырзахан мырза ауыстыратын киімдерін дайындап қойып жатыр. Пысық екен :)

Біздің оператор сіздер үшін тырысып жатыр. Порталымыздан күтіңіздер!

Жігіттердің екінші киіп шыққан костюмы. Кімдікі деп ойлайсыздар? :)

Айқаракөз әнімен ашылды Жігіттердің кеші.

Сахнаны әдемі етіп безендірген. Ою-өрнегін айтсаңызшы!

Жігіттер продюсерлік орталығындағы Жалын тобы да ән айтты

Жігіттер тобының биші екенін бұрыннан білесіздер ғой :)))

Жігіттер тобы халықтың алдында барынша еркеледі. Өздерін сондай еркін ұстап, әзілмен өткізді :))

Жігіттердің төрт серісі бір-бірлеп ән айтты. Бағлан мен Мырзаханның жаңа әндері керемет екен.

 

Жігіттер тобының бұрынғы мүшесі - Еркін Нұржановпен бәрі құшақтасып, "Бақытты болды" айтқан сәт көрермендерге керемет әсер қалдырды.

Халықтың Жігіттерге құрметі мен қошеметі өте зор. Төрт серінің өнері өрлей берсін! Он жылдық мерейтой құтты болсын!

0
0
1758

...мен ол күнді ешқашан ұмытпаймын!

YkT1yqVON484TxZefmkIuQRW0XWmG3.jpg

Білесің бе, ботақан, Көктер мен жерлердің пайда болуынан елу мың жыл бұрын Рақымды Иеміз біздің тағдырымызға сенің ата-анаң болуды жазыпты. Аллаһтың сыйына біз шексіз шүкіршілік етеміз, тағдырымызға өте ризамыз.

Мейірімі таусылмас Раббымыз ішімде жалғыз емес, қос жүректі бірдей соқтырып, мені Аспанда да, жерде де ерекше дәрежеге ие әйелдер қатарына қосты.

Қырық апта бойы құрсағымды пана етіп жатқаныңда, біздің басымыздан азды-көпті қиындықтар өтіп жатты. Сездің бе оларды, сезбедің бе...

Сенің батыр бала боларыңды не ерке қыз екеніңді нақты білмесек те, саған ең әдемі, ерекше есім таңдадық, саған әр түрлі сыйлықтар алып жүрдік... Біз сенімен кездесуді тағатсыздана күттік, балапан.

Сен де өзіңше жарық дүние есігін ашуға дайындалып жүрдің. Бірақ шығуға асықпадың. Қорықтың ба?

Иә, ол күні біз де, сен де қиналдың. Таңғы сағат бестерде асыға күткен сәттің жақындағаны білінді.

...Ал 2013 жылдың 15-қыркүйегінде Астана уақытымен 23:45-те біз, балам, сенімен алғаш рет жүздестік...

0
0
814

ҚР ҚК Әскери полициясы: Терроризм мен діни экстремизмге қарсы әрекет ету әдістері

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын орындау үшін діни экстремизм профилактикасын күшейту мақсатында Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағында «Деструктивті діни ағымдарға қарсы әрекет ету, діни эстремизм, терроризм олардың түп төркіні және қарсы әрекет ету жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға Алматы өңірлік гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің өкілдері; әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, идеология және арнайы насихат жөніндегі аға офицерлер қатысты. Іс-шараға шақырылған Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының теологы дін саласындағы істің жай-күйі жайында баяндап берді.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында әлемдегі діни ағымдардың негізгі ұғымдары ашылып көрсетілді, еліміздің қоғамдық өміріндегі дін рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.

Дөңгелек үстел отырысында терроризм мени экстремизмнің дереу әрекет етуді қажет ететін жалпы әлемдік проблема екені айтылды. Сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың, діни экстремизмнің әскери ортаға еніп кетуін болдырмаудың маңыздылығы атап көрсетілді.

Сонымен бірге, жұмыс барысында дөңгелек үстелге қатысушылар осы көріністерге қарсы тұрудың түрлері мен әдістерін, армия ортасындағы алдын алу шараларын талқылады.

Жұмыс барысында деструктивті діни ағымдардың, діни экстремизм мен терроризмнің бет пердесін, олардың қазіргі заманғы қоғамға төндіретін қаупін ашып көрсететін «Моя вера» атты оқу-деректі фильм көрсетілді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
689

Баспасөз ақпараты (Астана қ, 8 қараша 2013ж.)

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Пиери Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қойды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/baspasoz-akparaty-astana-k-8-karasha-2013zh

0
0
462