Мазмұнға өту

Жаңа

Баспасөз ақпараты (Астана қ, 8 қараша 2013ж.)

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Альберто Пиери Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қойды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/baspasoz-akparaty-astana-k-8-karasha-2013zh

0
0
440

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінде жауынгерлік сайыс жеңімпаздары анықталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Ақтау қаласында орналасқан әскери бөлімдерінің биылғы жылғы жауынгерлік даярлық қорытындысына арналған салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты шараға ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының лауазым иелері, әскери бөлім командирлері мен олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, Маңғыстау облыстық және Ақтау қаласы әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Жиналыста ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов баяндама жасап, оқу жылының қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарын атады. Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері арасында бірінші орынды ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бас…

0
0
539

Дәрігер және науқас

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Өмірдің, құны не болған,

Дәрігер, сауда да болса?

Ақша, ақша, тек маған,

Өзінің көңілі, тек толса.

 

Жылап тұрған, балаға,

Жол көрсетті, далаға.

«Еңбегімді бағала,

әкел ақша, сен бала»

 

Өлім менен, таласып,

Науқас жатты, қиналып.

Әрең, әрең жалынып,

Қала берді, ол жатып.

 

Сонда дәрігер, қиналды,

Өз баласын, ол көріп.

Сорлы әке, зар жылап,

Қайта, қайта шақырды.

Аспанға қарап, айғайлап,

«Кешіре гөр, мені соқырды»

 

Құнсыз болған өмірді,

Қайтып бүгін жалғаймыз.

Байлық бізге не берді,

Иманда неге болмаймыз.

0
1
627

Білім берудегі «Кембридж технологиясы» туралы

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! «Жастар біздің болашағымыз!» деген ұлағатты сөзге сенетін барлық азаматтар ―сіздерге! Өз ұрпағының болашағына бей-жай қарай алмайтын барлық азаматтарға! Жасыратын жоқ, білім беру жүйесі терең дағдарысқа ұшырағанын барлығымыз біліп отырмыз. Қоғам да, ұстаздар да бір өзгеріс керек екенін іштей сезінеді. Бірақ, «нені» және «қалай» өзгерту керек екенін тап басып ешкім айта алмайды. Көпшілігі «Егер ұстаздардың жалақысы көтерілсе, білім беру сапасы да көтеріледі» - деген үстірттеу ұстанымда екені де жасырын емес. 2012 ж. бастап, еліміздің жетекші мамандары Кембридж (Ұлыбритания) университетінің Білім беру факультетінің әлемдік білім беру жүйесінің ең озық әдіс-тәсілдерін меңгерген ғалымдарымен бірлесе отырып, жасап шығарған педагогтердің білімін жетілдіру…

0
1
2466

Оралдың «Ақжайығы» кәсіби футбол лигасы кубогының жеңімпазы атанды

Оралдың «Ақжайығы»

Алматы қаласында Оралдың «Ақжайығы» мен қарағандылық «Шахтердің» қосалқы құрамдары кәсіби футбол лигасының кубогын сарап салды.

Бірінші таймда оралдықтардан Еркін Тапалов мергендік танытып, жеңіс добын соқты. Жиырма жасар Е.Тапалов биыл жас ойыншы ретінде премьер-лига ойындарына да қатысқан болатын. Соның ішінде «Атыраумен» Оралда өткен соңғы ойында қонақтар қақпасын дәл көздеген еді.

Негізгі құрам бірінші лигаға түсіп қалса да, «Ақжайықтың» жас ойыншылары, міне, осындай табысқа қол жеткізіп отыр.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
390

Қазақ балуаны Шәміл Серіковтің отбасы FILA марапатын «Динамо» спорт қоғамына тапсырды

1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, 2 дүркін Әлем чемпионы, КСРО және Еуропа чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты балуан Шәміл Серіковтің отбасы Халықаралық біріккен күрес стилі федерациясы (FILA) берген марапатты «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамына тапсырды. Өткен айда Будапешт қаласында қазақ күресі үшін өте қуанышты жағдай болған еді. Онда FILA Шәміл Серіков есімін дүниедегі теңдесі жоқ палуандар қатарына қосып, даңқ мұражайына енгізген болатын. «Шәміл Серіков қысқа ғұмырында біздің «Динамо» спорт қоғамында жүріп Олимп шыңдарын бағындырып, қазақ палуандарының мәртебесін көтерді. Ондай балуан 100 жылда бір туады десек артық болмас. Бапкерлер әрдайым оның күресу тәсіліне үлкен таңданыс білдіретін. 5 жыл ішінде спорт шебері атанып, одан кейінгі бес…

0
0
605

Қарағандының «Шахтері» Голландияның «АЗ Алкмаар» құрамасынан ұтылды

Қарағандының «Шахтер» командасы

Қарағандының «Шахтер» командасы Еуропа Лигасының топтық кезеңінің төртінші турында Голландияның «АЗ Алкмаар» командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алкмаар стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

«Шахтер» бұл матчқа жартылай құраммен шықты. Голландияға барлығы 14 ойыншы барды. Жексенбі 10 қараша күні қарағандылық футболшылары Қазақстан Кубогының финалында «Тараз» командасымен кездеседі.

28 қараша күні Астанада «Астана-Арена» стадионында өтетін келесі ойында «Шахтер» Грекияның ПАОК құрамасын қабылдайды. Ал «АЗ Алкмаар» дәл сол күні Голландияның «Маккабиімен» кездеседі.

0
0
282

«Қайрат» құрамын жаңартпақ

Ел премьер-лигасының қола жүлдегері алматылық «Қайрат» жаңа құрам жасақтау мақсатында футболшыларға қызығушылық таныта бастады. Бас бапкер Владимир Вайсстың бір ойлағаны бар шығар… Осыдан бірнеше күн бұрын Владимир Вайсс командасы алдағы трансфер кезеңінде Қазбек Гетериев, Антон Землянухин, Руслан Сахалбаев, Рауан Сариев және Тимур Байжановты сатылымға қоятынын жариялаған болатын. Ал бүгін Илья Калинин мен Владислав Нехтийді жалға беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, Стюард Дафф, Даниэль Аддо, Виталий Ли және Ильдар Шайхесламов пен «Қайрат» арасындағы келісім-шарт мерзімі аяқталды. «Қайрат» «кеншілер» қатарындағы премьер-лиганың үздік жартылай орталық қорғаушысы Никола Василевичке, еурокубок жолында өзін жақсы қырымен көрсете білген Роджер Каньясқа қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, «Тоб…

0
0
418

Мадридтік «Реал» Versace-мен келісімге отырды

Мадридтік «Реал» мен әлемге әйгілі италияндық Versace компаниясы серіктес атанды. «Корольдік клуб» аты әйгілі компаниямен бір жылдық келісімге қол қойып отыр. 2013/2014 маусымда аталған орталық өз киімдерін ұсынатын болады. Клубтың ресми сайты мәлімдеп отырғандай, мадридтіктер Чемпиондар Лигасының топтық кездесуінің төртінші туры аясында туриндік «Ювентусқа» қарсы Versace компаниясының киімімен аттанған… Ертеректе «Forbes» журналы әлемдегі ең бай клубтардың кезекті тізімін жариялаған болатын. «Корольдік клуб» соңғы жылдары ең көп табысқа кенелген. Соңғы жылдары команда 650 миллион доллар табыс тауып, соңғы үш жылда клубтың жалпы ақшалай түсімі 62 пайызға жоғарылаған. Сонымен бірге, «корольдік Реал» клубының бренді өткен маусымның ең табысты футбол бренді болып танылған. «Forbes» журналыны…

0
0
337

Өз компьютеріңізден WiFi нүктесін қалай қосуға болады

Егер Сізде Windows 7 немесе 8 болса, төмендегі командалардың көмегімен WiFi нүктесін оңай іске қосуға болады. Әрине, егер сіздің сымды интернетіңіз компьютерге қосылған болса және онда WiFi адаптер болса.

Енді сіздің сымсыз құрылғыңыз жаңа желіге қосыла алады.

0
0
2861