Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

...мен ол күнді ешқашан ұмытпаймын!

YkT1yqVON484TxZefmkIuQRW0XWmG3.jpg

Білесің бе, ботақан, Көктер мен жерлердің пайда болуынан елу мың жыл бұрын Рақымды Иеміз біздің тағдырымызға сенің ата-анаң болуды жазыпты. Аллаһтың сыйына біз шексіз шүкіршілік етеміз, тағдырымызға өте ризамыз.

Мейірімі таусылмас Раббымыз ішімде жалғыз емес, қос жүректі бірдей соқтырып, мені Аспанда да, жерде де ерекше дәрежеге ие әйелдер қатарына қосты.

Қырық апта бойы құрсағымды пана етіп жатқаныңда, біздің басымыздан азды-көпті қиындықтар өтіп жатты. Сездің бе оларды, сезбедің бе...

Сенің батыр бала боларыңды не ерке қыз екеніңді нақты білмесек те, саған ең әдемі, ерекше есім таңдадық, саған әр түрлі сыйлықтар алып жүрдік... Біз сенімен кездесуді тағатсыздана күттік, балапан.

Сен де өзіңше жарық дүние есігін ашуға дайындалып жүрдің. Бірақ шығуға асықпадың. Қорықтың ба?

Иә, ол күні біз де, сен де қиналдың. Таңғы сағат бестерде асыға күткен сәттің жақындағаны білінді.

...Ал 2013 жылдың 15-қыркүйегінде Астана уақытымен 23:45-те біз, балам, сенімен алғаш рет жүздестік...

0
0
773

Осы тақырып бойынша

...мен ол күнді ешқашан ұмытпаймын! - Yvision.kz