«Апамның жазғандары»
#books Менен кейін қыздар бірлесіп тағы да өлең айтты. Бірақ олардың не айтқанын мен ұққаным жоқ. Меңтайдың бетінен бір сүйгенге бір шиша шербетті басыма көтеріп, жалғыз сіміргендей, өз-өзімнен масайып, буын-буыным құрып, елтідім де отырдым. Сол кезде қолына шағындау дәптер ұстап, ортаға Меңтайдың өзі шықты. - Ойынның шарты өзгешелеу нәрселер даярлап әкелуді талап еткен соң, - деді Меңтай бөгеле сөйлеп, - мен мына бір дәптерді ала салып едім. Мұнда шешемнің айтқан бірсыпыра сөздері жазылған. Шешем бастауыш мектепте мұғалімдік қызмет атқарған, сауатты кісі болатын. Оқыған кітаптарының ақ бетіне өз ойларын жазып, тастай салатын. Менің он жасыма дейін біз ауылда тұрдық. ОДан соң Ридцер деген қалаға көшіп барып, әкем жұмысшы болды. Былтыр ауылға барғанда (әкемнің інісі ауылда тұрады) апам оқы…
