Мазмұнға өту
urimtal

Асхат Еркімбай

@urimtal

Сайтта 2008 ж. 6 қазанКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

68

пікірлер

165

тіркелуші

76

жазылымдар

14

Студентім өз кейіпкерін «Қазақстан дауысынан» тапты

"Сәлеметсіз бе, ағай?! Халыңыз қалай? Тапсырмаңызды орындадым. Жасаған жұмысым көңілімнен шыққан жоқ. Бұдан да күшті жасауға болатын еді". Сулейман Демирел Университетіндегі студенттерімнің жолдайтын хаттары әдетте осындай сөйлемдермен басталады. Үй тапсырмасын жақсы орындаса да "көңілімнен шықпадымен" бастайды. Сенбі күндізгі сағат 12.00-ден кешіктірмей студенттерім үй тапсырмасын жолдауы тиіс. Бұл - дедлайн (deadline - ағылшын тілінен тура аударғанда "өлім сызығы" дегенді білдіреді. Тапсырманы өткізудің ең соңғы мерзімі деген сөз). Бұл - өткен семестрде "Audio Storytelling" деген курсымда оқыған Айгерім Табылдиева деген студентімнің үй тапсырмасы. Видеода өткен аптада "Қазақстан Дауысы" жобасына қатысқан Айдана Риза деген әншінің ойы баяндалады. Студентімнің тапсырмасы (орыс бөлімінде о…

0
0
1154

Телефон қолдану мәдениеті: АҚШ және Қазақстан

Кеше бір танысым жиырма шақты күнге Америкаға бара жатқанын айтты. "Роумингке қосылған дұрыс па?" деп жатыр. Айналамдағылар өзім тәрізді "үнемшілдер". Сондықтан "роумингке жолама!" дедім. Шетелге ұзақ уақытқа тұруға барған адамда әдетте осындай бірнеше "дежурный" сұрақтар туындайды. Соның бірі "Бәленбай елге барғанда қандай оператор/телефон қолданайын?" деген сауал. Мұндай сауалға жауап бермес бұрын әрбір елдің ерекшеліктеріне назар аудару керек. КОНСЮМЕРИЗМ Америкада консюмеризм (ағыл. "consume" тұтыну) өте қатты дамыған. Адамдарды ақша жұмсауға, қажетсіз көрінген заттың өзін сатып алудың қажеттілігін көрсету тәсілдері жақсы дамыған. Америкада телефон сатып алмайсың, мобильді оператордың қызметін сатып аласың. Компаниямен екі жылға келісімге отырасың. Сосын симкасы қондырылған телефон мо…

0
0
925

Сайттардың статистикасы: Beeline, Tele2, Kcell, Activ және Altel

Бұл жазбада Қазақстандағы мобильді операторлардың сайттарын салыстырмақпын. Дәлірек айтқанда кейбіреулер мойындамайтын Alexa сайтындағы деректерін салыстырдым. Alexa-да "накрутка" жасауға болады дегенді оқығаным бар. Сондықтан мұндай "счетчиктерге" қатысты пікірлер қашан да дауға толы. Төменде Alexa.com сайтындағы бес сайттың мәліметтері негізінде шығарған есебімді көріп тұрсыз. 1. beeline.kz Рейтингісі 40 128. Қазақстан бойынша 105-орында. Beeline логосымен ерекше сияқты. Әйтеуір тез есте қалады. Байқауымша бұл оператор тек белгілі бір өңірлерде танымалдылыққа ие тәрізді. Сайттары техникалық тұрғыдан өте жақсы әзірленген. Сайттың ашылуына 2.05 секунд кетеді. Баяу деген сөз. Көбінесе жұрт "скорость интернета", "личный кабинет" деген сөз тіркестерін теру арқылы табады. Интернет қызметіне с…

0
0
1504

Google Trends 2014: Altel, Beeline, Kcell және Tele2 туралы

Халықаралық Телекоммуникация Одағының соңғы мәліметінше Қазақстанда мобильді телефон қызметін пайдаланатындар өте көп. 100 адамға шаққандағы мобилді телефон қолданушы көрсеткіші - 185.2. Тұрғындар бір емес бірнеше телефон/симка қолданып жүр деген сөз. Осыдан 4-5 жыл бұрын еліміздегі мобильді операторлар тұтынушының саны үшін таласатын. Қазіргі күресте қызмет түрлері мен сапасы үшін таласа бастады. Бір жақсысы барлық операторлар қызмет көрсету сапасын жақсартып жатыр. Сәлеметсіз бе? деп қазақша амандасады, қызмет көрсетілгенін қалайтын тілді өзіңіз таңдай аласыз т.с.с. Өткен жылдардағы конференциялардың бірінде Қазақстандағы мобильді нарықта Android негізіндегі смартфондар көбейп келеді деген еді. Сөзсіз бұл сан өсті деп ойлаймын. Бұған смартфондардың арзандай бастағаны түрткі болуы ықтима…

3
1
1584

Тараздықтар қандай байланыс түрін қолданады?

БҰҰ Даму Бағдарламасының Астанадағы өкілдігінің шақыртуымен Таразға барып едім. Таразға осымен үшінші рет келуім. Бірақ осы уақытқа дейін Айша Бибі, Тектұрмас мазарларына баруға уақыт таппай жүр едім. Күннің аяз болғанына қарамастан уақыт тауып, қаланы араладық. Жергілікті тұрғындармен кездестік. Тренингте әдетте видео түсірудің оңай, әрі тез монтаж жасау жолдарын көрсететінмін. Бұл жолғы тақырыбымызды "Тараздықтар жиі қолданатын мобильді байланыс түрі" деп алдық. Видео түсіргенде кісілерге: "Бұл тек интернетке шығады" деп айтқанда, пікір білдіруге келісімін берді. Сонысы ұнады :) Студенттердің дені Tele2 ұстайды екен. Сонымен қатар Beeline, Active абонеттерін көптеп кезіктірдік. Үлкен кісілер шамамен 1000 теңгедей жұмсаймыз десе, студенттер мен жұмыс істеп жүрген қызметкерлер 5 000 -6 00…

2
0
530

Tele 2: «Болашақта қазақ тілінде контентіміз көбейе түседі»

Қазақстанда бизнес жасап жүрген шетелдік мамандармен сұхбат құруды бұрыннан ойластырып жүргенмін. Достарыммен шағын бизнес бастап жатқан соң шетелдіктер тәжірибесі қызық. Әсіресе, үлкен компаниялардың ұзақ мерзімдік жоспарлары, бәсекелестермен қарым-қатынасы, маркейтинг тәсілдері т.с.с. Tele 2 басшысымен кездесудің сәті түскен соң, Tele2 Қазақстан компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивиккодан "Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?" деп сұрадым. Себебі Tele2-нің маркетингтік қылықтары "тентек баланы" еске түсіреді. Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды? - Нарықтағы басқа ойыншылар біз тәрізді бағаны төмендетуді көздейтін бәсекелестің келгеніне қуанбайтын шығар. Әрі сөзсіз біз нарықтағы бағаны түсіріп жатырмыз. Қазақстанға барып жұмыс істейтініңізді білген ке…

0
0
590

Нөміріңізді заңдастырдыңыз ба?

Айттым ба, айтпадым ба, біз офис ашқанбыз. Негізі шет тілдерін үйретеміз. Жаңа медиа, мультимедиа бойынша тренингтер өткіземіз. Общымм, ТОО-мыз. Содан өткенде офисімізге бір клиент келіп, директорымыздың соткасын жымқырып кеткен. Содан бері офистің телефоны туралы жиі ойланамын. Клиенттермен негізінен телефон арқылы байланысамыз. Олар да бізді жарнамадан көрсе, нөмірге звондайды. Көшедегі сыртқы жарнамада, постерлерде бәрінде компаниямыздың нөмірі жазулы тұр. Ойлап отырсам, кез-келген бизнесте сіздің телефон нөміріңіз - өте маңызды құралдарыңыздың бірі. Оның тез есте сақталуы, үнемі қосылып тұруы т.с.с. Не себепті кейбір мобилді операторлар бизнеске арнап арнайы пакеттерін ұсынады десем, осыдан екен ғой. Бірақ ең маңыздысы нөмір компания атында немесе сол компаниядағы бір қызметкердің аты…

1
0
782

Қазақстандағы әскери білім алушылар Америкада тәжірибесін шыңдап жүр

Шетелге жиі шығамын. Әдетте өз еліңнің адамың көрсең көбіне қыдырып келгендерді көретінсің. Алайда еліміздің әскерилері шетелге кәсіби біліктілігін арттыру үшін келеді деп ойламаппын... Әскери қызметкерлеріміз де, өзге кәсіп иелері тәрізді шетелге тәжірибе алмасуға баратын мүмкіндіктері көп екен. Басқа елде шетелге шығу үшін виза алудың өзі машақат болып жатса, біздің елімізде студенттерден бөлек әскери салада білім алып жүргендерге жағдай жасалғаны қуантарлық. Қазақстан әскеріне қатысты әңгіме болса, көбіне не жақсы, не жаман деген біржақты пікірді естисің. Шындығында әскерді кәсібилендеру ісі елімізде бірнеше жылдан бері жүйелі жүргізіліп келеді. Келісімшарт негізіндегі әскери қызмет соның бір мысалы. Сонымен қатар әскери мамандарды оқыту, әрі оларға шетелдегі тәжірибені меңгеруге мүмкі…

1
0
1305

ВИДЕО: Әскердегінің арманы

"Спасск" деген жер бар. Қарағандыда. Сөйтсем үлкен қорым екен. Спассктың қасында әскери орталық бар. Құрлық әскерінің оқу-жаттығу орталығы деп аталады. Сол жақта болдым. Ағашы аз сары даланың үстімен өттік. Әскери орталық сондай бір мекиен далада. Мақсатымыз келісімшартпен жүргендермен тілдесу еді. Бір-екеуін әңгімеге тарттым. Не себепті контрактник болғысы келгенін, контрактникке нендей жеңілдіктер бар екеніне жауап алдым. Қазір елімізде 6000-нан аса сарбаз келісімшарт бойынша қызмет етіп жүр. Дені осы Дархан тәрізді әскери өмірді мақсатты түрде таңдағандар. Көпшілігі бұған дейін арнайы әскери оқу орындарында оқып, өмірін әскери салаға арнағандар екен. Дархан Туребаев, 3-сыныпты сержант: "Өзімнің үлкен ағам әскери міндетті болған. Қазір де өзінің әскери борышын өтеп жүр. Соның да бір себ…

0
0
467

Келісімшарт әскерін сандармен сөйлетсек

Еліміздегі әскери салаға өзгеріс енгізіліп жатыр. Әскеріміз келісімшарт негізіндегі сарбаздардан құралмақ. Келісімшарт негізіндегі әскерді жасақтау ісінің қазіргі күйін төмендегі инфографикадан көре аласыз. Инфографикадағы ақпараттар yvision-дағы жазбалардан құралып алынды. Бұған дейін yvison-да Қазақстан әскерін сандармен өрнектеген azaticus-тың орыс тіліндегі жазбасы да жарияланған еді. Келісімшарт әскері | Infographics ҚР Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңда әскери қызметке кіретін адамдарға төмендегідей талаптар қойылатыны айтылған: 1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға; 2) курсанттарды қоспағанда, он тоғыз жастан кіші емес және әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы Заңда белгіленген шектi жасынан бес жас кіші болмауға; 3) әскер…

0
0
706