Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінде жауынгерлік сайыс жеңімпаздары анықталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Ақтау қаласында орналасқан әскери бөлімдерінің биылғы жылғы жауынгерлік даярлық қорытындысына арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты шараға ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы  басқармасының лауазым иелері, әскери бөлім командирлері мен олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, Маңғыстау облыстық және Ақтау қаласы әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Жиналыста ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов баяндама жасап, оқу жылының қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарын атады.

Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері арасында бірінші орынды ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы иеленді.

Әскери кемелер арасында гидрографиялық «Жайық» кемесі (командирі капитан-лейтенант Рүстем Жүнісов) көш бастаса, зымыранды-артиллериялық «Қазақстан» кемесі (командирі капитан-лейтенант Еркебұлан Дәркенбаев), екінші орын, ал «Өжет» күзет кемесі (командирі аға лейтенант Алмас Битманов) үшінші орынды қанағат тұтты. Әскери қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер мен қызметкерлерге сый-құрмет көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2012-2013 оқу жылы Қазақстан армиясында «Қуатты армия – қуатты Қазақстан» жауынгерлік ұранымен өткізілуде.

Жауынгерлік даярлықтың барлық іс-шаралары Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеті мен әскери доктринасын нығайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізіліп келеді.

ҚР ҚМ  Баспасөз қызметі

0
0
576

Дәрігер және науқас

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Өмірдің, құны не болған,

Дәрігер, сауда да болса?

Ақша, ақша, тек маған,

Өзінің көңілі, тек толса.

 

Жылап тұрған, балаға,

Жол көрсетті, далаға.

«Еңбегімді бағала,

әкел ақша, сен бала»

 

Өлім менен, таласып,

Науқас жатты, қиналып.

Әрең, әрең жалынып,

Қала берді, ол жатып.

 

Сонда дәрігер, қиналды,

Өз баласын, ол көріп.

Сорлы әке, зар жылап,

Қайта, қайта шақырды.

Аспанға қарап, айғайлап,

«Кешіре гөр, мені соқырды»

 

Құнсыз болған өмірді,

Қайтып бүгін жалғаймыз.

Байлық бізге не берді,

Иманда неге болмаймыз.

0
1
675

Білім берудегі «Кембридж технологиясы» туралы

 

Құрметті әлеуметтік желі  қолданушылары!

«Жастар біздің болашағымыз!» деген ұлағатты сөзге сенетін барлық азаматтар ―сіздерге!

Өз ұрпағының болашағына бей-жай қарай алмайтын барлық азаматтарға!

 

Жасыратын жоқ, білім беру жүйесі терең дағдарысқа ұшырағанын барлығымыз  біліп отырмыз. Қоғам да, ұстаздар да бір өзгеріс керек екенін іштей сезінеді. Бірақ, «нені» және «қалай» өзгерту керек екенін тап басып ешкім айта алмайды. Көпшілігі «Егер ұстаздардың жалақысы көтерілсе, білім беру сапасы да көтеріледі» - деген үстірттеу ұстанымда екені де жасырын емес.

 

2012 ж. бастап, еліміздің жетекші мамандары Кембридж (Ұлыбритания) университетінің Білім беру факультетінің  әлемдік білім беру жүйесінің ең озық әдіс-тәсілдерін меңгерген ғалымдарымен бірлесе отырып, жасап шығарған педагогтердің білімін жетілдірудің  үш деңгейлі  бағдарламасы енгізіліп жатыр.(Қателеспесем, ҚР БжҒ министрі А.Сәрінжапов та солардың қатарында).

 

Өз басым, Жаңа Бағдарламамен танысқанша, «Жалақы көтерілсе, жақсы мамандар мектепке келеді, жағдай оңалады» деген ойда болдым.

Ал, таныса келе Жаңа Бағдарлама еліміздегі білім беру саласына оң өзгерістер әкелетіні өзімде еш күмән қалған жоқ! (Жалпы, бұдан өзге бізде жолда, таңдау да  жоқ!).

 

Егер қоғам қолдау танытса, ең басты кедергі - кейбір ұстаздарымыздың енжарлығы болса, арнайы дайындықтан өткен ұстаздар ол кедергіні де жеңе алатынына сенімім мол.

 

Меніңше, Жаңа Бағдарламаның басқа артықшылықтарын айтпағанның өзінде, аталған курс бойынша білім алған қатардағы мұғалімдердің мектептің даму жоспарын жасауға қатысуы, жемқорлық, енжарлық  және т.б.  келеңсіздіктерді жойып, әлдеқашан ұмыт бола бастаған білім беру жүйесінің басқарушы кадрларының резервтерін дайындау жүйесін қалпына келтіре алады.

 

Баса көрсететін нәрсе, Жаңа Бағдарлама  «ұстаз―оқушы», «басшы―ұстаз», «оқушы―оқушы», «ата-ана―мектеп» арасындағы өзара сыйластық-құрметке негізделген.

 

Оның үстіне,  Бағдарлама өмірге енсе, неше бірнеше жылдан бері қоғамды дүрліктіріп біткен, тек механикалық жаттауға негізделген  ҰБТ-ң қолданыстағы форматы да өзгереді.

Ендігі жерде, басты назар―оқушыны ойлануға,  ой қорыта білуге  және сөйлетуге, нәтижесінде  алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыруға аударылады. Ғаламтор-мұхит, оның тереңінен маржанды да, сайтанды да табуға болатыны белгілі. Бағдарламада ұстаздар мен оқушыларға ғаламторды тиімді пайдалана білу де қарастырылған.

 

Кім тарататыны белгісіз, бүгінгі күні Бағдарламаның кіріспесін де ашып көрмеген азаматтарымыз бен мұғалімдер арасында «Бұл реформа –уақытша, жақында тоқтайды екен» деген сыбыстар мен түрлі қауесет  тарап жатыр.

 

Сондықтан, сіздер қолдау білдірсеңіздер, Жаңа бағдарлама бойынша білім жетілдіріп, жұмысқа кірісіп кеткен ұстаздарға үлкен моральдық  демеу болар еді.

«Жатқан тастың астына су кірмейді!».

Тек, қорықпайтын адам ғана бірдеңе өзгерте алады!

Ең бастысы, басталған реформалар тоқтап қалмаса екен!

 

Шыныбекұлы Өмір,

жоғары санатты ұстаз, тарихшы

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ

Педагогикалық Шеберлік Орталығының  тыңдаушысы, Шымкент қ..

 

PS. Мен Бағдарламадан ұлттық тәрбиеге қайшы келетін тұстарын байқаған жоқпын.

 
0
1
2495

Оралдың «Ақжайығы» кәсіби футбол лигасы кубогының жеңімпазы атанды

Оралдың «Ақжайығы»

Алматы қаласында Оралдың «Ақжайығы» мен қарағандылық «Шахтердің» қосалқы құрамдары кәсіби футбол лигасының кубогын сарап салды.

Бірінші таймда оралдықтардан Еркін Тапалов мергендік танытып, жеңіс добын соқты. Жиырма жасар Е.Тапалов биыл жас ойыншы ретінде премьер-лига ойындарына да қатысқан болатын. Соның ішінде «Атыраумен» Оралда өткен соңғы ойында қонақтар қақпасын дәл көздеген еді.

Негізгі құрам бірінші лигаға түсіп қалса да, «Ақжайықтың» жас ойыншылары, міне, осындай табысқа қол жеткізіп отыр.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
419

Қазақ балуаны Шәміл Серіковтің отбасы FILA марапатын «Динамо» спорт қоғамына тапсырды

Қазақ балуаны Шәміл Серіков
1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, 2 дүркін Әлем чемпионы, КСРО және Еуропа чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты балуан Шәміл Серіковтің отбасы Халықаралық біріккен күрес стилі федерациясы (FILA) берген марапатты «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамына тапсырды.

Өткен айда Будапешт қаласында қазақ күресі үшін өте қуанышты жағдай болған еді. Онда FILA Шәміл Серіков есімін дүниедегі теңдесі жоқ палуандар қатарына қосып, даңқ мұражайына енгізген болатын.

«Шәміл Серіков қысқа ғұмырында біздің «Динамо» спорт қоғамында жүріп Олимп шыңдарын бағындырып, қазақ палуандарының мәртебесін көтерді. Ондай балуан 100 жылда бір туады десек артық болмас. Бапкерлер әрдайым оның күресу тәсіліне үлкен таңданыс білдіретін. 5 жыл ішінде спорт шебері атанып, одан кейінгі бес жылда Қазақстанның, КСРО-ның, Еуропаның және Әлемнің 2 дүркін чемпионы атанды. Ол кезде КСРО-ны ұту өте қиын болатын. Ал оны ұтқан адам Әлем чемпионатына жеңетін. Сондықтан мұндай спортшыны FILA-ның елеп-ескеріп жатқаны орынды. Және бұл Қазақстан бойынша тұңғыш рет болып отырған оқиға», — дейді «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов.

«Әке көрген оқ жонар» дегендей, қазір даңқты палуанның ұлдары Тимур мен Элдар әкесінің жолын қуып, бірі балуан, бірі жаттықтырушы болып қызмет атқарып жүр. Жаттықтырушылықпен айналысатын Тимурдың арманы әкесіндей мықты балуанды тәрбиелеп шығару екен.

«FILA-ның Қазақ елінен мұндай сый құрметке әкемді лайық деп тауып, орден табыстағанына өте қуаныштымын. Бұл марапатты төрімізге іліп қоюға да болар еді. Бірақ та жанұямызбен ақылдаса келе, келешек жастарымыз көріп қуансын, көпшіліктің тамашалауына мүмкіндік тусын деп, «Динамоға» табыстауды жөн санадық. Әкемді үлкен спортқа қанаттандырып ұшырған «Динамо» спорт қоғамында бүгінде талантты жастар шоғыры өсіп келеді. Соларға үлгі болсын деген ниетпен осындай келісімге келдік», — дейді Тимур Шәмілов.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 
0
0
633

Қарағандының «Шахтері» Голландияның «АЗ Алкмаар» құрамасынан ұтылды

Қарағандының «Шахтер» командасы

Қарағандының «Шахтер» командасы Еуропа Лигасының топтық кезеңінің төртінші турында Голландияның «АЗ Алкмаар» командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алкмаар стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

«Шахтер» бұл матчқа жартылай құраммен шықты. Голландияға барлығы 14 ойыншы барды. Жексенбі 10 қараша күні қарағандылық футболшылары Қазақстан Кубогының финалында «Тараз» командасымен кездеседі.

28 қараша күні Астанада «Астана-Арена» стадионында өтетін келесі ойында «Шахтер» Грекияның ПАОК құрамасын қабылдайды. Ал «АЗ Алкмаар» дәл сол күні Голландияның «Маккабиімен» кездеседі.

 
0
0
299

«Қайрат» құрамын жаңартпақ

«Қайрат»

Ел премьер-лигасының қола жүлдегері алматылық «Қайрат» жаңа құрам жасақтау мақсатында футболшыларға қызығушылық таныта бастады. Бас бапкер Владимир Вайсстың бір ойлағаны бар шығар…

Осыдан бірнеше күн бұрын Владимир Вайсс командасы алдағы трансфер кезеңінде Қазбек Гетериев, Антон Землянухин, Руслан Сахалбаев, Рауан Сариев және Тимур Байжановты сатылымға қоятынын жариялаған болатын. Ал бүгін Илья Калинин мен Владислав Нехтийді жалға беретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, Стюард Дафф, Даниэль Аддо, Виталий Ли және Ильдар Шайхесламов пен «Қайрат» арасындағы келісім-шарт мерзімі аяқталды.

«Қайрат» «кеншілер» қатарындағы премьер-лиганың үздік жартылай орталық қорғаушысы Никола Василевичке, еурокубок жолында өзін жақсы қырымен көрсете білген Роджер Каньясқа қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, «Тобыл» көшбасшысы Нұрбол Жұмасқалиевты да өз қатарларынан көргісі келетіндіктерін жасырмай отыр. Ал бұл маусымда «Астана» сапында көзге түсе алмаған талантты«Тараз» командасының түлегі Бауыржан Исламханды командаға қосуына ниетті. Біз осыған дейін жартылай қорғаушының Йоан Андоне командасымен болған келісім-шартының аяқталғанын хабарлаған болатынбыз. Футбол мамандары Бауыржанның болашағы алда екенін алға тартуда. Ресейлік «Кубань» командасымен 3 жылдық келісім-шартқа отырған Қазақстан жастар құрамасының белді футболшысының «Қайратқа» жалға келуі алдағы уақыттың еншісінде.

Естеріңізге сала кететін болсақ, «Қайрат» келер жылы Еуропа Лигасында ел намысын қорғайтын болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
0
0
441

Мадридтік «Реал» Versace-мен келісімге отырды

Мадридтік «Реал» мен әлемге әйгілі италияндық Versace компаниясы серіктес атанды.

Мадридтік «Реал» мен әлемге әйгілі италияндық Versace компаниясы серіктес атанды.

«Корольдік клуб» аты әйгілі компаниямен бір жылдық келісімге қол қойып отыр. 2013/2014 маусымда аталған орталық өз киімдерін ұсынатын болады.

Клубтың ресми сайты мәлімдеп отырғандай, мадридтіктер Чемпиондар Лигасының топтық кездесуінің төртінші туры аясында туриндік «Ювентусқа» қарсы Versace компаниясының киімімен аттанған…

Ертеректе «Forbes» журналы әлемдегі ең бай клубтардың кезекті тізімін жариялаған болатын. «Корольдік клуб» соңғы жылдары ең көп табысқа кенелген. Соңғы жылдары команда 650 миллион доллар табыс тауып, соңғы үш жылда клубтың жалпы ақшалай түсімі 62 пайызға жоғарылаған.

Сонымен бірге, «корольдік Реал» клубының бренді өткен маусымның ең табысты футбол бренді болып танылған. «Forbes» журналының анықтауы бойынша, испандық команда өз маркалы өнімдерінің сауда-саттығымен 3,3 миллиард доллар табысқа кенелген.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 
0
0
369

Өз компьютеріңізден WiFi нүктесін қалай қосуға болады

Егер Сізде Windows 7 немесе 8 болса, төмендегі командалардың көмегімен WiFi нүктесін оңай іске қосуға болады. Әрине, егер сіздің сымды интернетіңіз компьютерге қосылған болса және онда WiFi адаптер болса.

Енді сіздің сымсыз құрылғыңыз жаңа желіге қосыла алады.

0
0
2920

«Сұхбаттасушының есебінен қоңырау шалу» қызметінің көрсеткіштерін жақсарттық

Жақсы жаңалықтар! Біз  жеке тұлғалар үшін ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылған «Сұхбаттасушының есебінен  қоңырау шалу»  қызметінің көрсеткіштерін жақсарттық.

Атап айтқанда:

Ø  Қоңырау шалған абонентті алдымен тану мақсатында сөйлесудің  алғашқы 10 секунды  есептелмейді.

Ø Бұл қызметті көрсету кезіндегі тариф қолданысының реті төмендегідей -  қоңырау шалған абонент үшін  қызмет тегін, ал  шақырылған  абонент үшін   қызмет ақысы  бекітілген тариф бойынша есептеледі, секундтық тарификация ескеріле отырып, тек  байланыс қосылғаннан кейінгі алғашқы 10 секунд қана есепке алынбайды.

 
0
0
593