Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жігіттерге» 10 жыл!

Фейзбуктағы ойынымыздың жеңімпазы хабарласпаған соң, басқа қатысушыға бұйырды билеттер.

Жігіттер концертіне Твиттерде 2 билет ұтып алған Сейіттің өзі келе алмай, досы алып кетті билетті.

Концертке дейін. Бағланның шашын әрлеп жатыр.

Костюмдары керемет!

Мырзахан мырза ауыстыратын киімдерін дайындап қойып жатыр. Пысық екен :)

Біздің оператор сіздер үшін тырысып жатыр. Порталымыздан күтіңіздер!

Жігіттердің екінші киіп шыққан костюмы. Кімдікі деп ойлайсыздар? :)

Айқаракөз әнімен ашылды Жігіттердің кеші.

Сахнаны әдемі етіп безендірген. Ою-өрнегін айтсаңызшы!

Жігіттер продюсерлік орталығындағы Жалын тобы да ән айтты

Жігіттер тобының биші екенін бұрыннан білесіздер ғой :)))

Жігіттер тобы халықтың алдында барынша еркеледі. Өздерін сондай еркін ұстап, әзілмен өткізді :))

Жігіттердің төрт серісі бір-бірлеп ән айтты. Бағлан мен Мырзаханның жаңа әндері керемет екен.

 

Жігіттер тобының бұрынғы мүшесі - Еркін Нұржановпен бәрі құшақтасып, "Бақытты болды" айтқан сәт көрермендерге керемет әсер қалдырды.

Халықтың Жігіттерге құрметі мен қошеметі өте зор. Төрт серінің өнері өрлей берсін! Он жылдық мерейтой құтты болсын!

0
0
1684

Осы тақырып бойынша

«Жігіттерге» 10 жыл! - Yvision.kz