Мазмұнға өту

Жаңа

2014 жылы Н. Эрич Қазақстан құрамасының сапында ойнауы тиіс

Ненад Эрич

Елордалық «Астана» клубының қақпашысы Ненад Эрич жуық арада Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін, деп хабарлайды «Sports.kz».

Естеріңізге сала кетейік, 31 жастағы серб қақпашысы өз отанында «Слога», «Раднички» (Крагуевац), ОФК, «Биг Бул», «Мачва», «Борац» (Чачак) клубтарында, ресейлік «Сибирь» (Новосибирск) және «Динамо» (Барнаул), қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және «Астана» сапында өнер көрсетті.

Еліміздің премьер-лигасындағы үздік қақпашылардың бірі саналатын Эрич ұлттық құрамаға шақыртылуы ықтимал. Бұл жағдайда Эрич Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы Андрей Сидельниковпен бәсекеге түсетін болады.

0
0
261

Қазақ балуаны алтын алды

Нұрсұлтан Қалмұрзаев

Бакуде өтіп жатқан «Голден Гран При» турнирінде 55 келіде белдескен қазақ балуаны Нұрсұлтан Қалмұрзаев чемпион атанды.

Ол ширек финалда кілем иесі Сакит Гулиевті жеңсе, жартылай финалда тағы бір қазақ балуаны Жансерік Сәрсембиевті ұтты. Ал финалда әзірбайжандық балуан Орхан Ахмедовпен 3:3 есебімен тең түскен. Төрешілер қауымы белсенді күрескен Нұрсұлтанды жеңімпаз деп таныды.

Қола жүлдегер қатарында Жансерік Сәрсембиев те бар. Ол қола жүлде үшін күресте жапон балуанын жеңді, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
370

Қазақстандық спортшы — күміс жүлдегер

Денис Волотка

Финляндияның Саариселька қаласында өткен халықаралық жарыста шаңғышылар 10 шақырымға классикалық стильмен жарысқан болатын.

Қазақстандық шаңғышы Денис Волотка айтулы турнирде күміс жүлде жеңіп алды. Оның көрсеткіші — 26.20,7.

Бұл сында бас бәйгені ресейлік шаңғышы Дмитрий Япаров қанжығасына байлады. Қола жүлде тағы да бір ресейлік Александр Бессмертныхтің еншісінде, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
406

БОКС: «Арландар» жеңісті жолдан жаңылған жоқ

«Астана арландары» WSB додасының төртінші маусымындағы екінші кездесуін өткізіп, тағы да жеңіске жетті. Петербор қаласында өткен «Ресей құрамасымен» матч 3:2 есебімен біздің пайдамызға шешілді, деп хабарлайды «Аламан». Алдымен 52 келіде Миша Алоян мен Олжас Сәттібаев шаршы алаңға шықты. Үш раунд бойы Олжас қарсыласына соққы жасауға тырысқанымен Алоян тәжірибесінің арқасында қарсыласынан басым болды. Есепті Ресей құрамасы ашты. Артынша, 60 келіде команда капитаны Самат Башенов Адлан Абдурашитовты жеңді - 2:1 (48:47, 48:47, 47:48). Кейін 69 келіде Мейірім Нұрсұлтанов Александр Ивановты сабады - 3:0 (49:45, 49:46, 50:45). 75 келіде Лондон Олимпиадасына қатысушы Данабек Сужанов Дмитрий Биволдан техникалық нокаутпен ұтылып қалды. Есеп — 2:2. Ал соңғы шешуші кездесуде аса ауыр салмақта хорватия…

0
0
381

Бас қатыру

Мысал. Орыс түсірген "Географ глобусты ішіп қойды" деген фильмін алайық. Не істеп жүргенін өзі білмейтін еркек бар ойы арақ тауып ішу. Мас күйінде қиялданып, аузына келгенін оттау. Әйелі күні-түні күңкілдеп, итшілеген тіршілігіне наразы. Мектепке барып жұмысқа тұрады. Әп-әдемі мұғалиманы кездестіреді. Ол әйел де маскүнемге иіліп төсек, жайылып жастық бола қалады. Бой жетіп қалған оқушы қыз да осы арақ сасыған мұғалімге жабысып, өлердегі сөзін айтып жын қағады. Тағы бір таныс әйел де аузының суы құрып осы жындының соңынан қалмай жүр. Осы фильмнің мағынасын ойланып көрейік. Бұл жерде осы фильмді түсіріп отырған еркектің арманы, мақсаты не? Ол ел-жұртқа осы азып-тозған есуас еркекті дәріптеп, бүкіл әйел атаулыны қор қылу. Мәдениеттің, білімнің жоқтығынан айуанға айналған адамның айналасындағ…

0
1
691

«Viva» Кабаре-шоуының 5 жылдығы

"Viva" Кабаре-шоуы өзінің 5 жылдығын Астанада тойлады. 5 жыл бойы халықты биімен сүйсінтіп келген дарын иелерінің кешінен видео ұсынып отырмыз. Көріңіздер.

0
0
393

Ауылым «Сағындырған, ауылым»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Сағындырған, ауылым,

Көп күндер болды, келмедім.

Өзіңде еді, бар жаным,

Шыдадым, қалайша, білмедім?

 

Дүниенің, жарығын, көрсеткен,

Өзіңдей, ауылдан, айналдым.

Алысқа, самғап, жеткізген,

Жол салып, мен саған бармадым.

 

Жүрсемде, бүгін алыста,

Ата – анам менің, ел, жерім.

Болармын, мәңгі қарызда,

Жиналды ау, сағым, кештерім.

 

Жетермін, жүректі, қолға алып,

Берерім ауылға, ақ тілек.

Қорқамын, қалам ба, кеш қалып,

Ауылым, саған, жетем деп.

0
1
1232

Әскери ынтымақтастықты нығайту жолында

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің «Әскери ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» белгісімен Қазақстан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Ерлан Таласбаев наградталды. Таяуда Мәскеуде Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің бірқатар әскери қызметшілерін наградтады. Олардың ішінде ТМД ҚМК Спорт комитетінің төрағасы болып табылатын полковник Ерлан Таласбаев та бар. Спорт комитеті –Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің Достастық мемлекеттері қарулы күштерінің дене даярлығы мен спорт саласындағы маңызды мәселелерді үйлестіру жөніндегі жұмыс органы. Спорт комитетінің жұмысы – дене даярлығы саласында бі…

0
0
434

«Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасы бірқатар заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді

«Бекет» жедел-профилактикалық іс-шарасының барысында кеденшілер Қытайдан әкелінген тауарлардың нақты саны мен құрамы және декларацияда көрсетілген мәліметтердің арасында үлкен айырмашылықтар анықтап отыр. Бұл туралы бүгін Алматы облысында журналистермен болған кездесуде Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дина Мамашева мәлім етті. «Бекет» шарасын өткізудегі басты мақсат – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы мемлекеттік шекарада жүзеге асырылатын экспорттық-импорттық операциялар кезінде кедендік бақылауды барынша күшейту, экономикалық контрабандаға қарсы жедел шараларды жүзеге асыру, бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсу көлемін көбейту болып табылады. Шара басталғаннан кейінгі он күннің ішінде кеденшілер Қытай жағынан жүк ағымы мен декларация көлемі кү…

0
0
488

Кеден органдарының жедел мәліметі

2013 жылдың өткен 11-17 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жедел және қызметтік жұмыстың нәтижесі бойынша: - 7 - қылмыстық іс қозғады -қозғалған қылмыстық іс бойынша тауарлардың құны - 47 163 996 теңге; - келтірілген залал сомасы- 16 706 259 теңге; - 73 - әкімшілік іс қозғалды; - 6 903 814 теңге айыппұл өндірілді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалған құжаттар пайдаланумен Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды контрабандалық жолмен әкелу фактісін анықтады. 2013 жылғы қаңтарда Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде азамат N.-ның мекен-жайына ТД (тауарларға арналған декаларация) ресімделген. Департаментте ресімделген импортты ТД-мен Түрік кеден органдарын…

0
0
383