Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы полициясы контрабандамен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған кеден қызметкерін қамады

Қаржы полициясы агенттігі мен Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының департаменттерінің қызметкерлері көлемді операция нәтижесінде 2012-2013 жылдары мұнайдың заңсыз айналымы саласында қызмет еткен қылмыстық топты әшкерелегендігін хабарлағанбыз.
Аталған уақыт ішінде Қазақстанның 8 азаматы мен Молдова Республикасының 2 азаматынан тұратын топ Ақтөбе облысында мұнайдың кен орындарынан жалпы көлемі 739 тонна мұнайды ұрлаған.
Қылмыстық топтың басшысы Камалутдинов және оның сыбайласы Изимов тұтқындалғанға дейін қаржы полициясының қызметкерлеріне пара беру арқылы қылмыстық топтың жұмысын тексеруді тоқтатуға әрекет жасаған келді.Оларға қатысты тексерісті тоқтату үшін 755 мың теңге сомасында Атырау облысының қаржы полициясы қызметкерлеріне пара беру, 630 мың теңге сомасында Ақтөбе облысының қаржы полициясы қызметкерлеріне пара беру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Сонымен қатар 4 қарашада аталған топтың белсенді мүшесі Изимовқа қатысты терроризм және экстремизмді насихаттау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ол 2012 жылдың қараша-желтоқсан айларында, дәстүрлі емес діни ағымды қолдаушы ретінде есепте тұрса да, терроризмді ақтайтын идеялар мен көзқарастарды ауызша түрде таратқан.
2013 жылғы 20 қарашада Ақтөбе облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Қонаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ол қылмыстық топ мүддесіне жұмыс істей келе, 1200 АҚШ доллары заңсыз сыйақы үшін, лабороторияға зерттеуге мұнай үлгілерінің орнына мазутты жіберіп, мұнайдың мазут түрінде контрабандалық жолмен кетуіне септігін тигізген.
Кунаев ұйымдасқан қылмыстық топтыңи басқа да мүшелері сияқты қамауға алынды.

0
0
267

Осы тақырып бойынша

Қаржы полициясы контрабандамен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған кеден қызметкерін қамады - Yvision.kz