Мазмұнға өту

Жаңа

Қызылорда қаласының әкімі Алмас Өтешовке құрмет көрсетті

Қызылордада ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып оралған ауыр атлет Алмас Өтешовті ұлықтау рәсімі болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды. «Сыр жастары — жасампаздық жаршысы» атты қала жастарының дәстүрлі IV форумында 2013 жылы Польшада өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешовті ұлықтау шарасы да жүргізілді», — делінген хабарламада. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлем чемпионатында қызылордалықтардың мәртебесін үстем етіп, патриоттық рух берген Алмас Өтешовке 500 мың теңге сыйақы берсе, Сыр жастарының атынан Қызылорда Студенттер альянсының көшбасшысы Жасұлан Алдабергенов «Сыр мақтанышы» номинациясы мен қала жастарының алғыс хатын табыс етті. Өз кезегінде, Алмас Өтешов жоғары дәрежеде қолдау, қошемет көрсеткен қала…

0
0
386

«Формула-1» автожарысында Себастьян Феттель қатарынан тоғыз рет жеңіске жетіп әлемдік рекорд орнатты

Себастьян Феттель
«Формула-1» автожарысына «Ред Булл» командасының атынан қатысқан Себастьян Феттель Бразилияда өткен қорытынды 19-шы кезеңде тағы да жеңіске жетті.

Ол осымен тоғызыншы рет қатарынан үздік саналып, жеңіс саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұл тұрғыда ол 2004 жылдан бері сақталып келген әйгілі Михаэль Шумахердің рекордынан асып түсті. Аты аңызға айналған М.Шумахер қатарынан жеті жарыста алдына жан салмаған болатын.

Автожарыстағы екінші және үшінші орындар Марк Уэббер мен Фернанду Алонсоның еншісінде.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
377

Месси: «Криштианудың Әлем чемпионатына баратынына қуаныштымын»

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қосымша ойын арқылы өткен Криштиану Роналду және оның құрамасының қуанышына ортақ екенін мәлімдеді. Лионель Месси: «Әрине, Криштиану Роналду және оның құрамасының Әлем чемпионатына жолдама алғанына қуаныштымын. Төрт жылда бір келетін үлкен бәсекеде мықтылардың ғана болғаны дұрыс. ӘЧ-да тек үздік команда мен үздік ойыншылар ғана жеңіске жетуге тиіс. Бұл – футболдың деңгейі үшін керек. Криштиану – ұлы ойыншы. Көбісі оны соңғы кезде ғана жақсы ойнап жүр дейді. Бірақ ол көп жылдан бері жақсы ойнап келеді» — дейді. Ал Нидерланды құрамасына қатысты: «Сіздер Нидерланды құрамасынан кімдерді көрдіңіздер? Робин ван Перси және Арьен Роббен. «Қызғалдақтар елінде» басқа да мықты ойыншылар жетерлік. Ван Перси – керемет сұрмерге…

0
0
405

Астанада «Жасыл технологиялар: трансферт және енгізу» тақырыбындағы семинар-тренинг өткізілді

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-27/ 2013 жылдың 21-22 қарашасында «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығында «Жасыл технологиялар: трансферт және енгізу» тақырыбындағы ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитетіне бағынысты кәсіпорындардың басшыларына арналған семинар-тренинг өтті. Семинар Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру үдерісіне ақпараттық қолдау көрсету және су ресурстарын басқару саласындағы жаңа технологиялармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинарға ҚР ҚОСРМ жауапты хатшысы Анатолий Дерновой мен Латвияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрис Маклаковс қатысты. Қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде А. Дерновой Елбасының Үкімет және министрліктің алдына су ресурст…

0
0
443

Жастардың ұлттық рухын оятқан байқау

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында студенттер Сенатының ұйымдастыруымен университеттік «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауының ақтық байқауы өтті. «Ана тілі аруы» және «Жігіт сұлтаны» - 2013 байқауының басты мақсаты жастар бойында ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту, жастардың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына, рухани және жеке кемелденуіне жәрдемдесу, заманауи қыздар мен жігіттердің шығармашылық және жоғары зияткерлік әлеуетін дамыту, сондай-ақ салауатты өмір салтын, табиғи сұлулықты насихаттау. Байқаудың алғашқы кезеңінде университетіміздің 700-ге жуық ұл-қыздары қатысып, өтініш білдірді. Олардың 90-ы 2-ші кезеңге өтті. Екінші кезеңде қатысушылардың интеллектуалды өресі, өнері, білімі сараланып, барлық 13 факультеттен 14 қ…

2
3
2767

Кәсіпқой – Армия негізі: Қазақстан Қорғаныс министрлігінде алқа отырысы болып өтті

Бүгін Астанада қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Алқасының отырысы болып өтті. Алқа жұмысына Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың басшылығы, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектерінің, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармалары мен орталықтарының бастықтары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, әскери оқу орындарының бастықтары, әскери бөлімдердің, мекемелердің командирлері, сержанттық құрам, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты. Биыл бөлімдердің жауынгерлік даярлығы айтарлықтай арта түсіп, бұл кәсіби шеберліктің артуына оң ықпал етті. 7 мамыр – Отан қорғаушы күні төл әскеріміздің жауынг…

0
0
505

ҚР Қорғаныс министрлігі: жас сарбаздар оқу орталықтарына келуде

Қазақстан Қарулы Күштеріне күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Биылғы күзде мерзімді қызметке шақырылған жастар Қарасай батыр атындағы гвардиялық Оқу орталығына келді. 995 жас жауынгер «Отар» 40-шы әскери базасында қызметтерін бастап отыр. Оқу орталығының басшылығы мен жеке құрамы әскерге шақырылған жастарды салтанатты түрде күтіп алды. Әскери бөлімдерде жас сарбаздар үшін заманауи көпқабатты казармалар әзірленген. Онда спортпен айналысып, демалыс уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыруға барынша мүмкіндік жасалған. Қазір бұл жастар бейімделу кезеңінен өтуде. Командирлер жас жауынгерлермен дене тәрбиесі дайындығын жетілдіру және атыс қаруларынан тәжірибе түріндегі атыстарды ұйымдастыру бойынша жиындар өткізіп, оларды психотесттен өткізуде. 2013 жылғы 14 желтоқсанда Оқу орталығына мерзімді…

0
0
469

Қай уақытта ұйықтаған абзал?

1.Ұйықтар алдында 2 сағат бұрын ешқандай тағам жемеген дұрыс. Әрине егер жеміс-жидек, көкөністерден басқа

2. Жақсы ұйқы үшін 5-6 сағат та жеткілікті. Негізінен 22-23 сағаттарға дейін ұйықтаған жөн. Сондай-ақ 21,00-1,00 аралығында мелатонин гормоны көп мөлшерде бөлінеді.

3. Бас шығысқа не солтүстікке қараған жөн. Сондай-ақ төсек орын барынша қатты болу керек, ал сау адамдарға жастықсыз жатса да зиян жоқ.

4. Ең дұрысы қырынан  не шалқасынан ұйықтау, себебі бетті жастыққа тигізіп ұйықтау органдарға зиян және Жапон әйелдері бұлай жатпайды. Неге десеңіз ол бетке әжім түсіреді.

0
0
677