Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Turkvisyon байқауына іріктеуден суреттер

Музыкалық басты жоба - #Turkvision-ды Алашұлы ашты.

Салтанат Бақаеваның көйлегі керемет екен. Жаңа әні де тамаша болды, тек дауысы техникалық ақауларға байланысты жәй шығып қалды.

Серік Ибрагимовтың жаңа әні хит болатын шығар. Өте  тамаша ән. #Turkvision

Ұйымдастырушылар комитеті қосқан қатысушы - Жасұлан Әйтенов #Turkvision

Әнел Аринованың да көйлегі керемет. Әні хит болсын! :) #Turkvision

"Қаланың сұлулары" - есте қалатын, тамаша ән. Нұржан Керменбаев жақсы таңдау жасапты.

Көрермендер залда лық толы. Тіпті сыртта кіре алмай қалған адамдар күзет қызметкерлерінің үстінен арыз жазып жатқан көрінеді :)

Бастау тобының әні сондай лирикалық, сезімге толы. #Turkvision

Луина әншіміздің киімі болмаса, әні өте тамаша! Есте қалған әннің бірі.

Рүстем Жүгінісовтің дауысы керемет қой. Болашағынан зор үміт күтетін бала. #Turkvision

Фариз Фортуна есімді әншіміз бар екенін білмеппіз :) #Turkvision

Айқынның биі күшті екен, одан сайын сүйкімді қылып жібереді :)

КешYou шықса, сахна жайнап, гүлденіп кетеді. Көрік беретін арулар. #Turkvision

Кенталдың өз кайфы өзінде :) Сондай көңілді әнші :) #Turkvision

Жеңімпаздааааар!!!! #Turkvision

0
0
1457

Осы тақырып бойынша

Turkvisyon байқауына іріктеуден суреттер - Yvision.kz