Қазақстан Қарулы Күштері үздік әскери қалашықты таңдады
ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің өңірлік қолбасшылықтары, әскер тектері және гарнизондары арасында өткен «Үздік әскери қалашық» байқау-конкурсының қорытындысын шығарды.
Қорғаныс министрлігінің байқау комиссиясы тұрғын үй және қызметтік қорлардың жай-күйін, сондай-ақ әскери қалашықтардың іргелес аумағын көркейтуді тексерді. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы қабылдайтын шаралардың нәтижесінде әскери қызметшілердің тұру және тұрмыс жағдайларының жақсаруына қол жеткізгенін атап өткен жөн.
Байқау-конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қалашығы жеңіп алды (Щучинск қ.). Екінші орынды «Отар» әскери базасы еншілесе, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөліміне бұйырды.
