Мазмұнға өту

Жаңа

Дүниежүзiнiң 35 елi «Еуразия Барысын» тамашалайды

«Eurasia Barysy»

7 желтоқсан күні Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирінің жалауы желбірейді.

Ұлттық спортымыздан өтетін командалық додаға 8 мемлекеттің спортшылары қатысады. Дүниежүзiнiң 35 елi қазақ күресi мерекесiн Ресейдiң «Боец», Түркияның «ТРТ» арналары арқылы тiкелей эфирде тамашаламақ. Сондай-ақ, бұл сайысты Украина мен Грузия телеарналары да тiкелей таратуға құлықты, деп хабарлады alasharena.kz.

0
0
309

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Динамо»

Құрлықтық хоккей лигасының биылғы чемпионаты аясында Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында өтетін ойындар сериясын бастайды. Оның бүгінгі қарсыласы — «Динамо» (Латвия, Рига). Лига ашылғалы бері бұл екі команда 11 рет кездескен болатын. Соның жеті матчында «Барыстың» мерейі үстем болса, төрт ойында «Динамоның» жолы болды. Соңғы рет Рига қаласында кездескенде, Астана қаласының хоккей клубы буллит сериясында 2:3 есебімен ұтылған. «Динамо» қосымша екі ұпайға ие болып, Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде бірнеше сатыға көтерілді. Қазір оның еншісінде 55 ұпай бар. Соның арқасында команда 6-шы орында тұр. Ал «Барыс» 58 ұпаймен 4-ші орында келеді. Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде басталады. Оны «KAZsport» телеарнас…

0
0
321

Қостанайда зейнеткерді тонаған топ ұсталды

Қостанай облысында зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған топ мүше­лері тәулікке жетпей құ­рықталды. Тексере келгенде, оны ұйымдастырушының әйел адам екені анықталды. Бір қызығы, топтың дем берушісі тонауға ұшыраған 72 жастағы қарияның жақсы танысы екен. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 қараша күні орын алған. Сол күні түнгі сағат 1 шамасында күдіктілер көлік жалдап, зейнеткер тұратын Аққұдық ауылына тартып кетеді. «32 жастағы әйел Аққұдық ауылында зейнетақы алатын қарияның тұратынын жақсы білген. Мұның үстіне, зейнеткердің жалғызбасты екені өзіне аян болғасын, ол арнайы топ құрып, оны тонауды ұйым­дас­­­­­тыруға бекінеді. Ал топқа 1988 және 1990 жылда­­­ры туған екі жас жігітті тартады», – делінген хабарламада. Олар көздеген үйлеріне келіп, оның е…

0
0
343

Алматыда толассыз жауған қардың салдарынан ЖКО саны көбейді

Алматыда ауа райының бұзулуына байланысты қала көшелерінде 140 жол-патрульдік полиция экипажы қызмет атқаруда, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасына сілтеме жасай отырып. Таяуда Алматы қаласының жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жалпы жолдағы қауіпсіздікті сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Осыған орай, экипаждар мен жол-патрульдік полиция саны көбейтіліп, жол қозғалысы қатаң бақылауға алынды, делінген ақпаратта. «Кезекшілік кезінде өткен тәулікте қоғамдық тәртіп пен қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін 420 полицей мен 140 патрульдік автокөлік жұмылдырылды. Сондай-ақ, осы уақытта ІІД-нің Жедел басқару орталығына 176 жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат келіп түсті. 30 ЖКО-да 28 адам жар…

0
0
386

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мирослав Енчемен кездесті

ҚР БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған арнайы Бағдарламасына (СПЕКА) төрағалығы аясында 2013 жылғы 19-22 қараша аралығында Алматыда «Аймақтық ынтымақтастық негізіндегі жалпы және тұрақты даму» тақырыбында СПЕКА Экономикалық форумы және СПЕКА Жетекші Кеңесінің сессиясы өтуде. БҰҰ Орталық Азия экономикасына арналған арнайы Бағдарламасы 1998 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен жасап шығарылған болатын. Қазіргі таңда оны жүзеге асыруға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ауғанстан қатысуда. СПЕКА БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы мен БҰҰ Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссиясының ұйымдастыру және сараптамалық қолдауымен жүзеге асырылады. Оның мақсаты аталған мемлекеттерге олардың өзара ынтымақтаст…

0
0
475

АТОМ жобасы Хиросима және Нагасакиде қолдау тапты

 

Ү.ж. 20 қарашада Хиросима қаласында орналасқан конференц-орталықта АТОМ жобасын таныстыру рәсімі және қазақстандық әйгілі суретші, жобаның құрметті елшісі Қаріпбек Күйіковтің суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстанның Жапониядағы Елшілігі мен АТОМ жобасы және белгілі «Earth Identity Project» атты Үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырған шараға, Хиросима қаласының мэрі, «Мэрлар бейбітшілік үшін» атты Халықаралық қозғалыстың президенті Казуми Мацуи, Хиросима қаласының әлем мәдениеті қорының басшысы, «Мэрлар бейбітшілік үшін» атты қозғалыстың бас хатшысы Ясуёши Комизо, префектура және Хиросима қаласының әкімдігі мен жергілікті БАҚтардың, сондай-ақ аймақтық антиядролық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Толық мәтін mfa.gov.kz сайтында: http://bit.ly/I1dmqS

0
0
561

ҚР СІМ басшысы Е.Ыдырысов ЕО және Орталық Азияның жетінші Министрлік кездесуіне қатысты

2013 жылғы 20 қарашада Брюссельде Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерінің жетінші Министрлік кездесуі болып өтті. Қазақстаннан кездесуге Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қатысты. Отырыс барысында сыртқысаяси ведомстволардың басшылары Орталық Азиядағы Еуроодақ стратегиясы шеңберіндегі өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, тараптар сот-құқықтық жүйені реформалау, білім беру стандарттары мен сапаларын арттыру, қоршаған ортаны жақсарту, өзара сауда көлемі мен инвестиция түсімін арттыруға бағытталған ортаазиялық өңірдегі Еуроодақтың маңызды бастамаларын қарастырып, жан-жақты талқылады. Қазақстанның ЕО өңірлік стратегия шеңберінде іске асырылып жатқан іс-шараларға белсенді қатысып жатқандығы атап өтілді. Атап айтқанда, заң ұлықтылығы жөніндегі еуропалық бастаманың…

0
0
410