Ұстап беру туралы сұраныс хатты қанағаттандыру туралы БАҚ үшін ақпарат
Бүгін Иран азаматы Х.Санандаджи Алматыдан экстрадицияланды, ол сот үкімін орындау үшін сол елдің құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген болатын.
Бүгін Иран азаматы Х.Санандаджи Алматыдан экстрадицияланды, ол сот үкімін орындау үшін сол елдің құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген болатын.
Сочи қаласында Қазақстанның велосипед спорты федерациясының вице-президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры Дархан Қалетаев Халықаралық велесипедшілер одағының (UCI) президенті Брайан Куксонмен кездесті, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметінен. Кездесу кезінде аймақтағы велосипед спортының дамуы сөз болды. Д.Қалетаев Куксонды «Аstana proteam» командасының перспективасы мен биылғы жылдың басында тіркелген жаңа жоба — «Астана бипинк» әйелдер велокомандасы туралы хабардар етті. Б.Куксон өз кезегінде қазақстандық велоспорт федерациясының бастамасына қолдау білдірді. Атап айтқанда, алдағы уақытта Астанада тас жолда және тректе өткізілетін Азия чемпионаты мен 2015 жылға жоспарланған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мен «Тур Алматы» веложарысын сәтті өтетініне сенім…
Сочидегі кезекті Олимпиадалық күнді қазақстандық құрама еркін стильдегі спринт жарыстарымен ашады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Астана уақытымен сағат 16.00-да «Лаура» шаңғы мен биатлон бойынша жарыстар кешенінде сайысқа Татьяна Осипова мен Елена Коломина тағы да шығады. Олар 67 спортшымен сайысқа түседі. Еске сала кетейік, бұдан бұрын бұл спортшы қыздар скиатлонда өнер көрсеткенімен, жақсы нәтижеге жете алмады. Олардан кейін, 16.25-те еркін стильдегі іріктеу спринтіне ерлер қатысады. Қазақстан намысын шаңғышылар Николай Чеботько, Денис Волотка және Роман Рогозин қорғайды. Еске сала кетер болсақ, Николай классикалық стильдегі командалық спринтте Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ерікті стильде ол 34-35-ші нәтиже көрсетті. 20.30-да «Санки» шана спорты орталығында өтетін жарыстарға Қа…
Шана спортынан Елизавета Аксенова бір орындық шанамен екі жарысты да 29-шы орынмен аяқтады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі Сочидағы ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындардан.
Краснояр қаласының тумасы, 18 жастағы Елизавета Аксенова — шана спортынан Олимпиададағы Қазақстанның бірден-бір өкілі.
Алғашқы жарыста ол 51,836 секунд уақытымен нәтиже көрсетіп, 29-орынға ие болды. Екінші жарыста да ол алдыңғы нәтижесін сақтап қалды (52,068 секунд, 29-орын). Ертең де ол екі жарысқа қатысады. Жарыстар 20.30-да «Санки» шана спорты орталығында өтеді.
Шана спорты — экстремальдық олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Бұл жарыстар бірорындық шанамен жасанды мұз қатырылған арнайы трассада шапшаң құлдилау түрінде өтеді.
Қазақстандық биатлоншы шығысқазақстандық Ян Савицкий Сочидегі қысқы Олимпиадалық ойындарда 12,5 шақырымдық ізге түсу жарысында 29-шы болып келді.
Ян көшбасыдан 2 минут 08,4 секунд кейін қалып, 35 минут 57 секундтық нәтиже көрсетті. Оның жерлесі Сергей Наумик 40 минут 06,5 секундпен 58-ші орынға табан тіреді.
Бірінші және үшінші орындарды француздар Мартин Фуркад пен Жан Гийом Беатрикс иеленді, екінші орында — чех Ондржей (Ondrej) Моравец. Марафонға барлығы 60 спортшы қатысады.
Бүгін, сейсенбі күні жеті жиынтық олимпиадалық медальдар сарапқа салынады, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
11 ақпанда биатлон, шаңғы, фристайл, сноуборд, шаңғымен трамплиннен секіру, шана және коньки спортының өкілдері наградаларды сарапқа салады. Сондай-ақ сейсенбіде мәнерлеп сырғанаудан спорттық жұптар қысқа бағдарламамен өнер көрсетеді, әйелдер хоккей турының кезекті матчтары және ерлер мен әйелдер арасындағы керлингіден жарыстар өтеді.
primeminister.kz, 11.02.2014 Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет отырысын өткізіп, онда өңірлік театрлардың мәселелері қаралды. Отырыста ҚР мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед және өңірлік театрлардың басшылары сөйледі. МАМ басшысы өз сөзінде өңірлік театрлардың материалдық-техникалық жағдайларына, олардың мамандармен қамтылуына, гастрольдердің ұйымдастырылуына, репертуарлық саясаты мәселелеріне тоқталды. МАМ басшысының мәліметі бойынша, соңғы төрт жылда отандық театрларда 48 397 спектакль қойылып, оны 8,5 млн көрермен тамашалаған. М.Құл-Мұхаммед театрлардың басты проблемаларының бірі репертуарлық саясат мәселесі екенін атап өтті. М.Құл-Мұхаммед екі республикалық және үш облыстық театрлардың репертуарлары МАМ алқасында талқыланатынын хабарлады. Сонымен бірге, өңірлік…
Сауда туралы бір-екі сөз... Bazar adam hayatidir, hayat isa adamlar bazari. Базар – адам өмірі, өмір – адамдар базары. А. Мадатзаде Жігітім... Барлық өмір – тек екі ғана нәрсеге келіп тіреледі. Олар тамақ және баспана. Осы екі нәрсе болмаса, өмір деген киноның, астыңғы этаждарында азап шегесің. Осы екі нәрсеге жету үшін, әр адам бірдеңесін сатады. Мысалы әнші өзінің өнерін, кәсіпкер тауарын, саясаткер халыққа деген қызметін, ал жәй жұмыскер болса, өзінің уақыты мен күшін (басындағы миының немесе бұлшық еттің қара күшін) сатады. Статистика айтуы бойынша – бизнес өспеуінің бірден бір себебі – ол оборотқа ақша жетіспеуі. Бұл шындық емес. ШЫНДЫҚ – сауданың дұрыс жүрмеуі, тіпті кейде мүлдем болмауы. Қиындықтың бәрі – дұрыс сауда жасай алмаушылық. Сауда табыс-кірістің басты шарты. Сенің сауда ж…
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында «Ұлттық Мәңгілік ел идеясы – тәуелсіз Қазақстан дамуының шамшырағы» деген атпен дөңгелек үстелі өткізілді. Биыл Каспий кемелер жасағы тағы бір отандық заманауи жауынгерлік кемемен толығатынын мәлімдеген Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары полковник Қайрат Мыңжанов: – Елбасының ұзақ мерзімді «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін бәріміз жұмыла атсалысуымыз керек. Бұл идея – Қазақстан дамуының шамшырағы. Әскери қызметшілерге Елбасы Жолдауын нақты түсіндіріп, олардың өзіндік пікірлерін тыңдадым. Жолдаудан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді бірге жүзеге ас…
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери өкілдіктер орталығында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндірген жиын болып өтті. Жеке құрам «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдаудың негізгі тармақтарын талқылады. ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бастығы стратегиялық құжат ережелеріне егжей-тегжейлі түсіндірме беріп, әскери қызметшілерді қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Полковник Мұхтар Қарабеков: – Биылғы Жолдаудың айырмашылығы еліміздің әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру жоспарының тұсаукесерімен ерекшеленеді. Бұл жоспар мемлекетіміздің алда тұрған жұмыстарының ұзақ мерзімді басымдықтарынан тұрады. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы бізге ынта-жігермен жұмыс істейтін нақ…