Қазақстандық спортшылар біздің қолдауымызға аса зәру — Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова
Осы қалашықтың тұрғыны Ольга Рыпакова мерекенің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Олимпиада — бұл барлық адамдар үшін үлкен мейрам. Бәлкім, бүгінгі мерекеден кейін біздің балаларымыз спортпен айналысуға көңіл бұрар. Бізде осындай мерекелік шаралардың көбірек өтуін тілеймін», — деді. Ол сондай-ақ спортшылар үшін туған елінің қолдау білдіруінің қаншалықты маңызды екендігін атап көрсете отырып, қазақстандық спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуларымен шын жүректен құттықтады. «Қазақстандық спортшылар біздің қолдауымызға аса зәру»,- деп атап өтті тағы да ол.
Шара барысында таудан сырғанау, шанамен жарысу, қардан мүсіндер соғу тәрізді түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ең бастысы, мерекелік шара өзінің көздеген мақсатына қол жеткізді — бұл салтанаттан соң көптеген жас өрендердің спортқа деген құлшыныстарының арта түскендігі байқалды.

