Каспи, Альянс, Центр кредит( несие ) банктері хақында.
Соңғы үш күнде ел назарын өзіне аудартқан банкротқа ұшыраған банктер ( Каспи, Альянс, Центр кредит ) болатын. Ел дүрлігіп, билік басу айтып, аталмыш үш банк, ақпараттың жалған екендігін түсіндіріп әлек болды. Күні кеше теңгені тығырыққа тіреген Халық Банкте жұртшылыққа дүрлігудің қажеті жоқтығын айтып СМС хаттар жіберді. Осы тұста ( Халық Банктің ) еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов мырза, сенатор Светлана Жалмағанбетовадан сөгіс естіді. С.Жалмағанбетова ханым Қ.Келімбетов мырзаға ҚР банктердегі депозиттерді 13%-14% пайызға көтеру керектігін, олай істемеген жағдайда қазіргі күйінде оны инфльяция "жеп тынатынындығын" айтты. Осылайша халықтың сенімін қайтарып алу керектігін тілге тиек етті.Және де, теңгенің құлдырауын ( девальвацияны ) ешқандай ескертусіз төбеден жай түскендей етіп бас…