Мазмұнға өту

Жаңа

Сочидегі Олимпиада: Шанашы Елизавета Аксенова 28-орынды иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Шана спортынан Елизавета Аксенова бір орындық шанамен сырғанаудан төртінші жарыс қорытындысы бойынша 3 минут 28,085 секунд көрсеткішімен 28-орын алды.

Краснояр қаласының тумасы, 18 жастағы Елизавета Аксенова — шана спортынан Олимпиададағы Қазақстанның бірден-бір өкілі.

Шана спорты — аса экстремалды олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Ол жасанды мұз қатырылған арнайы трасса арқылы бір орындық шанамен жылдам сырғанап жарысуды білдіреді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
341

Сочидегі Олимпиада: 12 ақпанда Қазақстанның басты үмiттерiнiң бiрi Денис Кузин медальға таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Сочиде конькимен жүгiруден әлем чемпионы қазақстандық Денис Кузин 1000 метрлiк қашықтықта жарыс жолына шығып, Олимпиада медалiне таласып көретiн болады.

Қазақстандықтар оған үлкен сенiм артып отыр. Себебi 1000 метрлiк сайыс оның ең оңтайлы қашықтығы саналады. 2013 жылы Жапонияда өткен Әлем чемпионатында дәл осы әдiсте ол алғаш рет чемпион атанды. Сонымен қатар Әлем Кубогiнiң кезеңiнде жеңiс тұғырынан көрінді.

Денис Кузин — ҚР еңбек сiңiрген спортшысы. Алты дүркiн Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының жеңiмпазы. Онымен бiрге бұл күнi тағы екi қазақстандық — Александр Жигин мен Федор Мезенцев мұзға шығады. Жарыс «Адлер-Арена» стадионында Астана уақытымен сағат 20.00-де басталады.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
0
0
249

Сочидегі Олимпиада ойындарының құрметіне 1 млн төсбелгі әзірленген

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 1 миллион төсбелгі дайындалған, деп жазады ИТАР-ТАСС «Госзнак» федералдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айтулы спорт жарыстарына арналған төсбелгі Олимпиада туралы естелік қана емес, ол жылдар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін коллекциялық құндылық дейді аталмыш мекеменің қызметкерлері. Олимпиада-2014 символикасын пайдаланумен төсбелгілерді және естелік медальдарды шығару және оны Ресей аумағында сату құқына Ресейдің «Госзнак» мемлекеттік кәсіпорны ие. Ол 2014 жылғы Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының және ХІ қысқы Паралимпиада ойындарының ресми лицензианты болып табылады. Аталмыш кәсіпорынның сату жөніндегі директоры мәлім еткендей, бұл төсбелгілер соғу баспақтарына салынып,…

0
0
565

Футболдан бірінші лига құрамы бекітілді

Дүйсенбі күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының Төтенше комитеті биылғы маусымда бірінші лигада додаға түсетін командалар құрамы мен ойындар күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Биыл бірінші лигадағы командалардың саны бір ұжымға қысқарып, 15 болды. Атап айтқанда, алдағы маусымда ел чемпионатының бірінші лигасында мына командалар додаға түседі: «Восток» (Өскемен), «Ақжайық» (Орал), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Қызылжар» СК (Петропавл), «Каспий» (Ақтау), «Астана-1964″ (Астана), «Қыран» (Шымкент), «Жетісу-Сұңқар» (Талдықорған), «Гефест» (Қарағанды), «Екібастұз» (Екібастұз), «Болат»» АМТ (Теміртау), «Лашын» (Қаратау), «Бәйтерек» (Астана), «Мақтаарал» (ОҚО, Мақтаарал ауданы), ЦСКА (Алматы). Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, биыл ел біріншілігіне Алматы облысынан тек бір…

0
0
376

Девольвация дағдарыстың басталуы ма?

Бұрыннан айтылып, біреуі өтірікке жатқызып енді бірі, шындыққа жанастырған девольвация ақыры елімізді есеңгіретіп тастады. Бір күннің ішінде ішкі өнімдердің қымбаттауы мен, теңгенің басқа валюталарға қарсы қауқарсызды байқалды. Әрине бұл ретте Марченконың орнын басқан, Ұлттық банктің директоры, Қайрат Келімбетов "Жылтырағанның бәрi алтын емес" екендiгiнің дәлелі ісепттес болды. Қайраттың журналистерге берген сұхбаты, елді тағы да, қатты састырып жіберді. Әйтеуір сол баяғы алдау тәсілін қолданып, қоғамды дүрлікпеуге шақырды. Бірақ Алматыдағы арпалыс пен, абдырап қалған жұртқа, бұл сұхбаттың құны, көк тиынға татымай тұрғаны. Әрине құнсыздану үстемдік ете алмаған үкіметке де, кері әсерін тигізді. Шұғыл түрде балама жиналыстардың бірін жасап, байбаламды тоқтатудың тобықтай түйінін іздеді. Үкі…

2
0
739

Байлықтың буымен мастандыратын ақшалар

Бүгінгі күн "долларды" көтерілуімен есте қалғаны анық. Жұрттың бәрі "Енді не болады?",-деп бір-бірінен сұрап жүр. Мықты экономист маман болмаған соң, қаржылық сауатымыз жоқ болған соң ештеңе атйта алмайсың. Бәрі уақыттың еншісінде ғой. Білгіштер әлеуметтік желі де көпіріп жатыр. Сонда да бүгінгі күнді текке өткізбей ақша жайлы аз-кем қызықты мәліметтер жинап едім, соны сіздермен бөлісейін. – 1934 жылы АҚШ-та деңгейіндегі банкнот жасалады. Ол әлі де қолданыста бар, тек құндылығы 30 000$-ға түскен. – 2004 жылдан бастап Америкада алып корпорацияларға өз жарнамаларын доллар банкнотының үлгісінде жүргізуге рұқсат берілді. – Ресейде алғаш рет 1 рубльлді 100 тиынға теңдей етіп белгілеу 1704 жылы қолға алынды. Оған дейін ешқандай ақшалық бірлік сақталмаған еді. – АҚШ-тағы ең танымал ақша бірлігі…

1
0
1753

«Call-center» Кеденге сұрақтарыңыз бар ма? «1412» тегін нөміріне «Call-center» — ге хабарлас . Қалалық нөмірлерден қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

«Call-center»
Кеденге сұрақтарыңыз бар ма?
«1412» тегін нөміріне «Call-center» - ге хабарлас .
Қалалық нөмірлерден қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

0
0
347

Павлодарлық кәсіпорындар шығаратын зиянды қалдықтарға қатаң мониторинг жүргізіледі

ҚазАқпарат – Павлодар өңірінің экологиясы мен су ресурстарын пайдаланудың өзекті мәселелерін шешудің біріккен жоспарына бүгін облыс басшысы Қанат Бозымбаев, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр Еренчинов, Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов пен «Қазгидромет» мекемесінің бас директорының орынбасары Нұркен Сұлтанов қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-66/

0
0
345

Ұстап беру туралы сұраныс хатты қанағаттандыру туралы БАҚ үшін ақпарат

Бүгін Иран азаматы Х.Санандаджи Алматыдан экстрадицияланды, ол сот үкімін орындау үшін сол елдің құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген болатын.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/ustap-beru-turaly-suranys-hatty-kanagattandyru-turaly-bak-ushin-akparat-almaty

0
0
345