Мазмұнға өту

Жаңа

Мейірімді болыңыздаршы

Алматының ызғарлы суығына назданып төрт қыз таксиге міндік. Үнсіздік. Бір мезетте ол да бұзылды. «Қандай қиын...»- деді Әсел. Біз де оның ойымен қосылдық. Қосылмасқа шара жоқ, көзбен көріп, біліп келдік. «Олар ата-анасын күтеді... Қолымдағы телефоныма қызықты. Сөйлесемін дейді. Кіммен деп сұрасам, мамаммен дейді... Қалай жүрегің ауырмайды?!» - деп Нұрбике де қынжылды. Әркім өз тебіренісін айтып отыр. Бәріміз басқа әлемге еніп, сол әлемнен қайта орала алмай келеміз. Ол – ата-анасы тастап кеткен жетімдер әлемі. Бұлай айтудың өзі қиын. «Маған бәрінен балалар үйіне кірген кезде олардың мені танымаса да, ентелеп кезексіз құшақтағаны батты. Олар мейірімді аңсайды»,-деді Шынар. Үздігіп-үздігіп бір ой бір оймен сабақтасып жатты. Сондай ойларды жетектеп Абай көшесін жоғары бойлаған төрт қыз таксид…

0
0
375

Жаңғырмалы энергияға – жаңаша тариф

001-203
“Егемен Қазақстан” 8.02.2014
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов елімізде жаңғырмалы энергия көздерін қолдау жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

001-203“Егемен Қазақстан” 8.02.2014
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов елімізде жаңғырмалы энергия көздерін қолдау жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-62/

0
0
274

Іскерлік әлемінен ілмек іздегендер!

XXI ғасырдың басты ерекшелігі де осында ма деп қаламын. Ғаламтор, жеделділік, визуалдылық! Әрине, бірнеше күн бұрын жазылуға тиісті жазбамды жариялауға осы ғасырдың артықшылығын тиімді пайдалана алмауым себеп. Ендеше, кірістік! Экономика! Ия,қиын, қиын да емес-ау күрделі тақырыптардың көшбасшысы. Тіпті кейде «миым жете қоймайды» деп жар салғым келеді. Солай бола тұра осы саладан бір нәрсе үйреніп, оның жартысын болса да өзімнен кейінгіге үйреткім келеді. Әзірге білетінім тек жолақы, өзін- өзі қаржыландыру, пайыз сиякты күнделікті естіп жүрген сөздер болса, алдағы уақытта бұл білетіндерімнің санын бірнеше жүз есеге көбейте алатыныма сенімдімін. Себебі ,«Іскерлік журналистика» осы бір игі бастаманың баспалдағы болса сонымен қатар шырқау шегі. Клубтың 5- ақпан күні Ербол Азанбек ағаның баста…

2
0
796

Үш актердың Оңтүстік жұртына берген шоу-сұхбаты...

Кеше Шымкент қаласында өткен керемет концертке билет ұтып алған қолданушыларымыз. Тағы да құттықтаймыз!

Кеше Шымкент қаласында Нұрлан Әлімжан, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов үшеуінің әдемі шоу-концерті өтті.

Нұрлан Әлімжан көрермендерге авторлық әндерін ұсынды.

Жаужүрек батырлардың ән айтатынын білесіз бе? Әнін тыңдап көрдіңіз бе? Біздің сайтта бар)

Нұрлан Әлімжанның мынадай күлкісінен кейін Шымкенттің талай қызының жүрегі жараланған шығар, иә? :)

"Көркіне ақылы сай" деген сөз қыздарға ғана айтылмағанын Асылхан Төлепов дәлелдеп берді)

Аян Өтепберген - нағыз ер мінезді жігіт. Бойында сенім мен батырға тән мықтылық бары байқалады.

0
0
2142

Бірінші қадам

Мақала жазу оңай шаруа емес. Ол бәрімізге белгілі. Салиқалы ойың болмаса КазҰУ-ң журналистика факультетіндегі төрт жылдық білімің немесе MediaNet-те үш ай оқу көмектеспейді. Алфред Нортклифтің «Журналистика өзің түсінбеген нәрсені өзгеге түсіндіру» деген тіркесін әркім өзінше түсінер. Меніңше, осы ой экономикалық журналистикаға арналған. Аудитория іздеп оқитын, қазақ тілінде жазылған (орысшадан аударылмаған), сауатты, түсінікті экономика саласында сарапатамалық мақала жоқ. Ал, білімді, тәжірбиелі журналист көп. Журналистикада «Салалық журналистиканы дамыту керек!» деп көп айтылады, көп жазылады. Ол ақырындап бағыт ала бастады. Мен екінші курсатан бастап, экономикалық журналистикаға қызықтым. Алайда, жалқалығымнан шығар, ол ниетім төрт жылы бойы тек мақсат күйінде қалды. Бүгін менің «Іскер…

1
0
585

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан-Америка консультациялары өтті

ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев пен АҚШ Қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Майкл Дюмонттың екі ел қорғаныс ведомстволарының арасындағы Казақстан-Америка консултациялары шеңберіндегі кездесуі болды. Тараптар былтырғы ынтымақтастықтың қортытындысы талқыланатын және алдағы кезеңге ынтымақтастық бағдарлары айқындалатын осы форматтағы жыл сайынғы кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Казақстан-Американдық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы бес жылдық жоспарға сәйкес жұмыс жалғасуда. 2013 жылғы қараша айындағы ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің АҚШ-қа ресми сапары қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығаюына жаңа қарқын берді. - Қазақста…

0
0
379

Сочи ойындарының жүлдегерлеріне берілетін ең жоғарғы сыйақы Қазақстанда

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан, Латвия, Италия, Беларусь, Эстония және Украина елдерінің Ұлттық олимпиада комитеттері Қысқы Олимпиада ойындарының медальдарына ие болған спортшыларына ең жоғары сыйақы береді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Алтын медель әкелген қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар сыйақы төленеді. Сондай-ақ күміс медаль иегері 150 мың доллар, ал қоладан алқа таққан спортшы 75 мың доллар көлеміндегі сыйақыға ие болады. Ал латвиялықтар алтын үшін 192,8 мың доллар, итальяндықтар — 189,8 мың, эстондықтар — 138,5 мың төлесе, украиндық спортшыларға бірінші орын үшін берілетін сыйақының көлемі125 мың доллар болып белгіленді. Ресей құрамасының спортшыларына алтын үшін 4 млн. рубль (шамамен 113,2 мың доллар) табысталады екен. Ұлыбритания, Норвегия, Швеция және Хорватия спортшыларына…

0
0
379

Путин мен Медведев Сочиде шаңғы тепті

Ресей Президенті Владимир Путин мен Премьер-Министр Дмитрий Медведев Сочиде тау шаңғысын тепті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Медведев Мемлекет Басшысымен Сочидегі демалыс орындарында бірге түскен фотосуреттерді өзінің Instagram парақшасында «Сочи 2014. Горные лыжи:-)», деп айдар тағып жариялапты. Атап өтейік, Сочи Олимпиадасының ашылу салтанаты өтіп жатқанда Медведевтің ұйықтап қалғанын бірнеше БАҚ өкілдері жұртшылыққа жарыса жариялап, көрсеткен болатын. Олимпиада ойындары тізіміне енді ғана қосылған команда болып өнер көрсету аталымы бойынша ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медалдарын салды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұған дейін тағы бір ресейлік Ольга Граф есімді спортшы конькимен жүгіруден қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Дәл қазірге д…

0
0
249

Театр тәрбиенің түп мекені

Айқын, 07.02.2014 Мамыра жай маусым айында іс-сапармен аялы Алматымызда болдым. Алла сәтін салып, жайғасқан қонақ үй М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жақын тұста болды. Киелі театрдың алдына күнде кешкілік бір келіп кетемін. Текке келіп кетпеймін. Көңілімнің төркініндегі күй пернесін шертіп, жүрек тербетіп қайтамын. Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жас өспірімдер театрының да орны бөлек. Ол театрда талай тарихтың еншісі жатыр. Осыдан 40 жыл бұрын театрдың төрінде жүрген апаларымыз, ағаларымыз менің көңілімде әлі сол театрда рөлдерді сомдап, сахна төрінде сайран салып тұрғандай көрінеді. Іс сапарға барғанда қасынан бұрылып тоқтап өтемін, күрсініп өткен өмір-ай деймін. Сабира Майханова апамыздың сахнаны қақырата салатын зор даусы, Бекен Римова апамыздың керіліп…

0
0
4643