Мазмұнға өту
akzhelken_atyrau

akzhelken_atyrau

Сайтта 2014 ж. 12 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

19

пікір

1

тіркелуші

0

жазылымдар

0

27 ақпан-10 наурыз аралығында өтетін «Атыраудың сырлы жауhарлары» атты көрмеге қатысушы Анна Бурованың жұмыстары

Анна Бурова Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Ол 2000-2006 жылдар аралығында бірнеше консалтингтік компанияларда әртүрлі қызмет атқарған. Чехияның журналдарында көптеген мақалалары мен романдары жарық көрген. 2009 жылы Индонезияда, 2011 жылы Сауд Арабиясының өнері мен мәдениетін көтеруге арналған көркемсурет көрмелеріне қатысқан. 2012 жылы Аль Шарк газетінде сұхбаты шыққан. 2013 жылы Мәскеу қаласындағы Гараз орталығындағы ұжымдық көркемсурет көрмесіне қатысқан.


0
0
506

Бүлдіршіндер бүр жарған күн

«Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры 2014 жылы ақпан-сәуір айлары аралығында облыстағы білім беру мекемелеріндегі бейнелеу пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік құралдар ретінде тәжірибе жинақтау және оқушылардың бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдіктік пен эстетикалық талғамның қалыптасуына орай «Дала дарабоздары» фестивалін ұйымдастырып отыр. Конкурс ересектер мен мектеп оқушыларына бөлек өткізіледі. Осы фестивальдің аясында 18 ақпан күні облыстағы білім беру мекемелерінде білім алып жатқан оқушылар арасында Әбдірашид Сыдыханов атындағы «Әбдірашид әлемі» конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты белгілі қылқалам шебері, өнерде өшпес із қалдырған Әбдірашид Сыдыхановтың шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулу арқылы өскелең…

0
0
1554