Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 доллар немесе 185теңге.

Осыдан тұп-тура бес жыл бұрын теңгеміз долларға тізесін бүккен болатын. Ол кезде Халық Банк басшысы Г.Марченко долларды 117тг-ден 156тг-ге шығарған еді.

Енді міне бес жыл өткенде Қайрат Келімбетов теңгенің екі аяғын бір етікке тықты.

 

Қазақстанның ( Қазақ елінің ) қарқындап дамып жатыр-деген экономикасы, соңғы екі күнде есеңіреп қалды.Теңге доллар алдында тәлтіреңдеп барып, 1 долларға шаққанда 185 тг тұрақтады. Бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішінде Девальвацияға ұшыраған теңге үшінші валюта болды. Бұған дейін Ресейдің рубльі 6%ға Украйнаның гривнасы 7% пайызға құнын жоғалтқан болатын.

Халық Банк,Үкімет басшылары қанша басу айтып,елді алдаусыратқанымен.Доллардың даңдайсынуы қымбатшылыққа әкеліп соғатыны айдан анық. Бұған 2009 жылғы Девальвация айқын дәлел.

Халық Банк басына кім келседе бес жыл сайын теңгенің Девальвацияға ұшырауы қалыпты жағдайға айналған тәрізді. Ай мен күннің аманында теңге сүрініп, доллар дара шауып кетеді деп кім ойлаған???.Енді Серік Ахметов бастаған, министірліктер костаған үкімет қымбатшылықпен қаншалықты күресуге қауқарлы екенін уақыт көрсетер.

 
3
0
651

Осы тақырып бойынша

1 доллар немесе 185теңге. - Yvision.kz